Зиянды бағдарламалық қамтамасыз ету (malware - malicious software сөздерінен қысқартылған: malicious - зиянды және software - бағдарламалық қамтамасыз ету) – жеке компьютерге, серверге немесе компьютерлік желіге зиян келтіру үшін арнайы жасалған кез келген бағдарламалық қамтамасыз етуді белгілеу үшін пайдаланылатын жалпыға бірдей қабылданған термин.
Зиянды бағдарламалар бағдарламалық қамтамасыз етудің күрделі санатын білдіреді. Олар Сізден рұқсат сұрамай орнатылады және компьютердің жұмысына әсер етеді.
Тарату тәсілі бойынша келесі зиянды бағдарламалық қамтамасыз етулер ерекшеленеді: эксплоиттар, логикалық бомбалар, троян және тыңшы бағдарламалар, компьютерлік вирустар мен желілік зиянкестер. Зиянды бағдарламалардың ең кең тараған түрлері трояндар, зиянкестер мен вирустар болып табылады.