Ақпараттық дидактикалық блок



бет2/4
Дата25.09.2023
өлшемі467,46 Kb.
#182290
1   2   3   4
Байланысты:
2 сабақ ақпарат блок Плазмолемма

Құрылымдық ақуыздар:

  • жасушаға немесе органоидқа белгілі бір форма беріп тұрады

  • мембраналардың (мыс. плазмолемма) кейбір механикалық қасиеттерін қалыптастырады (мыс. иілімділік)

  • мембрананың цитоқаңқамен байланысуын қамтамасыз етеді.

Тасымалдаушы ақуыздар: мембрананың өткізкіштік қасиеті негізінен липидтік қос қабатқа байланысты, олар кейбір ұсақ гидрофобтық молекулаларды, (мыс. май қышқылы) және өте ұсақ (мыс.газдар, су т.б.) молекулаларды ғана өткізеді. Қалған заттардың мембрана арқылы өткізілуі тек тиесілі ақуыздар – тасымалдау жүйесінің (сорғыштар, арна) болған жағдайында жүзеге асады. Бұл жүйе өздерінің лигандаларының кейбіреулерін қарама қарсы бағыттарға өткізсе, екінші біреулері тек бір бағытта өткізеді. Осы жүйе қызметінің нәтижесінде

  • мембрана арқылы заттардығ тұрақты тасымалдану ағыны қалыптасады

  • иондар тасымалы барлық жасушаларда (жүйке, бұлшықет жасушалары мен талшықтары) трансмембраналық потенциалдың түзілуіне және өзгеріп отыруына әкеледі.

Жасушааралық байланысты қамтамасыз ететін ақуыздар. Бұл топтың ақуыздарын екіге бөлуге болады

  • жасушалардың бір-бірімен және жасушалық емес құрылымдармен байланысуы үшін қажет адгезивтік ақуыздар

  • арнайы жасушааралық түйісулердің пайда болуына қатысатын ақуыздар

Бір жасушадан екінші жасушаға сигнал берілуін қамтамасыз ететін ақуыздар. Сигналдардың мұндай берілуі көп жағдайларда және түрліше жолдармен жүзеге асады. Мысалы жүйке жасушаларында, жүйке-бұлшықет синапстарында. Сигналдық молекулалар ерекшеліктеріне қарай сигналды қабылдаушы жасушаның плазмолеммасында

  • рецепторлық

  • эффекторлық не трансмиттерлік ақуыздар

  • медиаторларды активсіздендіретін не жасушаішілік медиаторларды пайда ететін ферменттер болуы тиіс.

Биомембраналардың негізгі қызметтері мен қасиеті:

  • Биомембраналар тұйық құрылымдар, яғни олардың ұштары ешуақытта да ащық болмайды. Липидтік қосқабат өхдігінен тұйықталып дербес, шектелген қуыстар (компортмент) пайда етеді.

  • Биомембраналар заттарды таңдамалы өткізу қасиетіне ие, яғни олар заттарды жасушаға не жасушадан сыртқы ортаға түрліше өткізіп, цитоплазманың, органоидтардың ерекше биохимиялық құрылымы мен қасиетін қалыптастырады.

  • Биомембраналар ақпараттардың жасуша аралық және жасуша ішілік берілуін жеңілдетеді және қамтамасыз етеді. Мембрана молекулалық ақпаратты қабылдап, өңдеп сыртқа беретін орын болып табылады

  • Мембраналар түрліше жасушааралық байланысу арқылы ұлпалардың түзілуін қамтамасыз етеді. Гликолипидтер мен гликопротеиндердің көмірсу қалдықтары жасушаның арнайы мембраналық антигендерін қалыптастырады (мыс. Қан топтарының антигендері, гистоүйлесімділік антигендері) және мембрана беттерін өте жоғары иммуногенді етеді.

  • Биомембрана қабаттарының қозғалғыштығы. Биомембрана тұйық болуына қарамастан, қатып қалған құрылымдар емес, динамикалық болып табылады. Мембрана компоненттері өз қабаттары жазықтығында белсенді түрде латеральды (бүйірлей) қозғалады, әсіресе дипидтер. Сонымен қатар кей мембрана ақуыздары мембрана бетіндегі орналасу бағытын өзгертіп, айналмалы қозғалыста жасайды. Мысалы, кей мембраналық тасымалдаушылар мембрананың бір бетінен заттарды байланыстырып, 1800 айналыпек3нш3 бет3не сол заттарды босатып шығарады. Көмірсу компоненттері бар ақуыздар олигосахаридтың өте жоғары дәрежеде гидрофильді болуына байланысты, мұндай қоғалыс жасай алмайды.

  • Ассиметриялығы. Биомембрана сыртқы және ішкі беттері құрамы бойынша ерекше болады: ақуыздар мен липидтердің көмірсу компоненттері әдетте плазмолемманың сыртқы бетінде орналасады; көптеген ақуыздар барлық уақытта мембрананың сыртқы бетінде, ал екіншілері тек ішкі бетінде орналасады; әдетте липидтік қосқабат та бір бірінен ерекше болады

Мембрананың мұндай полярлы болуы оның қалыптасуының ең алғашқы сатыларында түзіліп әрі қарай сақталады.
Мембрана арқылы заттардың өткізілуі. Жасуша цитоплазмасының маңызды қызметінің бірі заттар ағынын қамтамасыз ету болып табылады. Заттар ағыны дегеніміз біріншіден жасуша ішінде, кедір-бұдыр ЭПТ-да синтезделген ақуыздардың органоидтар арасында әрлі-берлі тасымалдануы, екіншіден көптеген жасушалар мен ұлпаларда синтезделген пептидтік гормондардың, асқорыту ферменттерінің, антиденелердің, өсу факторларының және басқа да секреторлық молекулалардың жасуша сыртына шығарылуы, үшіншіден сыртқы ортадан жасушаға үнемі әртүрлі заттардың өткізілуі.
Заттардың жасушаішілік везикулалық тасымалдануының әмбебап және тиімді құралы болып тасымалдану көпіршіктері арқылы секреторлық механизм негізінде тасымалдануы болып табылады. Визикулалық тасымалдануда тасымалданатын ақуыздар мен липидтер көпіршік қабырғасын құрастырады, ал оның қуысында басқа органоидтқа арналған не жасуша сыртына шығарылатын жүк молекуласы болады.
Заттардың плазмолемма арқылы сыртқа шығарылуын экзоцитоз, ал жасуша ішіне өткізілуін эндоцитоз тарснмембраналық тасымалдану деп атайды. Ол өте күрделі құбылыс және түрлі жасушаларда түрліше жолдармен жүзеге асады, сол сияқты әртүрлі заттар түрліше әдістер арқылы өткізіледі. Ұсақ молекулалы заттардың биомембрана арқылы өткізілуінің 3 жолы бар
а) жай диффузия
б) жеңілдетілген диффузия
в) белсенді тасымалдану


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет