Ақпараттық-есептеу жүйелері кафедрасы «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттеріне арналған «1С бағдарламалау» пәні бойынша


сурет - Жинақтау регистрі процедура құру



бет46/97
Дата07.02.2022
өлшемі5,21 Mb.
#88595
түріСеминар
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   97
Байланысты:
Лабораторная работа 1С версия5
3с лекция

17.1 сурет - Жинақтау регистрі процедура құру


Конфигурацияда бұл сияқты сақтау орындарын сипаттайтын бірнеше объектілер бар (17.1 сурет).


«Жинақтау регистрі» («Регистр накопления») конфигурация объектісі қолданбалы объект және мәліметтерді жинақтаудың құрылымын сипаттауға арналған. «Регистр накопления» конфигурация объектісі негізінде платформа МБ ақпараттық құрылым құрады, мұнда МБ түрлі объектілері «жеткізген» мәліметтер сақталынады. Бұл мәліметтер регистрде жеке жазба ретінде сақталынады, олардың құрылымдары барлығыныкі бірдей, құрылымы конфигураторда анықталған.
Жинақтау регистрінің ерекшелігі ол қолданушыға интерактивті редакциялауға арналған. Қажет болған жағдайда құрастырушы қолданушыға регистрді редакциялау мүмкіндігін бере алады, бірақ жинақтау регистрінің негізгі тағайындалуы сол оны өзгерту (модификациялау) қолданушының тікелей әрекеттерінің негізінде емес, мәліметтер базасының басқа объектілерінің жұмыс алгоритмдерінің негізінде жүргізілуінде.
Жинақтау регистрінің негізгі міндеті құрастырушы сәйкес конфигурация объектісінде сипаттап көрсеткен бірнеше өлшемдердің аралығындағы сандық ақпаратты жинақтау болып табылады. Жинақтау регистрлері конфигурацияның бағыныңқы объектілері болып табылады.
Жинақтау регистрлері жинақтайтын сандық ақпарат түрлері ресурстар деп аталады сонымен бірге бағыныңқы объектілер болып табылады және конфигураторда сипатталады.
Мысалы, жинақтау регистрі қоймадағы тауарлардың саны және сомасы туралы ақпаратты жинақтай алады. Бұл жағдайда оның «Товар» және «Склад өлшемдері», сонымен қатар «Количество» және «Сумма» ресурстары болып табылады.
Жинақтау регистрінің күйінің өзгеруі құжат жүргізілген уақытта болады, және оның мағынасы мынадай, регистрге бірнеше жазба түседі. Әрбір жазбада өлшемдердің мәні, ресурстардың өсімшесінің мәні, бұл өзгерістерді тудырған құжатқа сілтеме (регистратор) және өсім «бағыты» (кіріс немесе шығыс) болады. Бұл сияқты жазбалар жиыны жинақтау регистрінің қозғалысы (движение регистра) деп аталады. Регистрдің әр қозғалысына регистратор сәйкес болуы керек.
Сонымен қатар, жинақтау регистрі әр қозғалысты сипаттайтын қосымша ақпаратты да сақтауы мүмкін. Бұл сияқты қосымша ақпараттар жиынын құрастырушы «Регистр накопления» конфигурация объектісінің реквизиттерінің көмегімен береді.
Ең бірінші бізді қоймаларда қалған материалдар көлемі қызықтырады. Бұл сияқты ақпаратты жинақтау үшін «ОстаткиМатериалов» жинақтау регистрін құрамыз.
Жаңа «Регистр накопления» конфигурация объектін құрамыз (17.2 сурет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет