Реферат тақырыбы: Саясаттанудың негізгі парадигмаларын салыстырмалы талдау



бет1/3
Дата18.02.2023
өлшемі199,8 Kb.
#169257
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
саясаттану парадигма (копия)
Педагогикалық адалдық – кәсіби абырой, Оку-бағдарламасы Қазақ-әдебиеті 10-11-сынып, Байшуақова Ақтоты СӨЖ 1 ИББ, Саясаттану Сыздықова СМ 2022 емтихан сұрақтары, Острая ревматическая лихорадка


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Факультеті ффип

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Саясаттанудың негізгі парадигмаларын салыстырмалы талдау

Оқытушы: :Мусатаев С.Ш


Студент: Жарқынбек Іңкәр
Мамандығы: :әлеуметтану

Алматы, 2023ж.


Жоспары;

  • Кіріспе ; Пардигма ұғымының құрылымы

  • Негізгі бөлім ;

  1. Теологиялық парадигма

  2. Натуралистік парадигма

  3. Әлеуметтік парадигма

  4. Рационалды-сыни парадигма

  5. Саясат ойлар тарихы

  • Қорытынды ; Саясаттану ғылымының дамуы,парадигма маңызы


Саясаттанудың негізгі парадигмаларын салыстырмалы талдау
Саясаттану-қоғамның саяси саласындағы негізгі ұғымдар құбылыстар,процесстер туралы кешенді білім беретін,саяси сауаттылықты ашатын гуманитарлық пән болып табылады.Саясаттану бір жағынан саяси білім беретін болса,бір жағынан ғылым болып табылады.Саясат адамдардың тіршілік әрекетінің негізгі сфераларындағы қоғамның барлық құрылымдық әрекеттерінің белсенділігін бақылауға және бағыт беруге міндетті.Осы негізінде саясат әлеуметтік мазмұны бойынша өте кең мағынаға ие.
Парадигма-қазіргі таңдағы ғылым методологиясындағы негізгі ұғымдардың бірі.Ол білімнің қандай да бір саласының ғылыми пайымдалуының даму сатысын белгілейді.білім дамуының сатысындағы ғылыми бейнелеудің объектісін зерттеу әдістемесінің өзіндік сипатын анықтайды.
Ғылымның парадигмалық мәселесі ғылыми білімдердің өз дамуында салыстырмалы дербестікке ие екендігін бейнелейді.Өте тар мағынада,парадигма-ғылыми проблемалар мен оны зерттеу мәселесінің қойылуы мен қалыптасуының логикалық моделі.
Пардигма ұғымының құрылымы келесі қағидаларды қамтиды

  • Ғалымдардың қазіргі бірлестігіне тән ғылыми принциптердің,сенімдерді,құндылықтардың жиынтығы,осының негізгі ғалымдар өзінің зерттеу объектісінің ғылыми картинасын,яғни ғылым пәнін жасайды.

  • Ғылыми зерттеулер үшін қолданылатын пәндік матрица деп аталатын техникалық тәсілдер,ғылыми инструментарийлер жүйесі және мұны игеру мен пайдалану нәтижесінде бірін-бірі түсінетін ғалымдардың бірлестігі жасақталынады.

Ғылыми таным дамуының парадигмалық идеясын американ тарихшысы және философы Томас Сэмюэл Кун өзінің еңбегінде негіздеді. Кунның ілімін қоғамдық ғылымдарға қолдану ғылымдардың теориялық та,идеологиялық та тапсырыс жасайтын және қандай да бір түрде ғылыми танымды шектейтін өз дәуірінің әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерімен тығыз байланысты екендігін көрсетеді.


Ғылым дамуының парадигмалық сипаты туралы ілім ғылыми мектептер мен ғылыми зерттеулер бағыттарының өзгеруін,ғылыми білімдерді тереңдету мен нақтылауды есепке алуға мүмкіндік береді.Т.Кунның көзқарасы бойынша,ғылыми дамуында бәсекелестік күрес пен үстемдык етуші ғылыми мектептер мен бағыттардың бір-бірін алмастыруы өтіп жатады.
Жаңа парадигманың жеңісі нәтижесінде ғалымдар бірлестігі объектіні зерттеуде дәйекті принциптердің,тәсілдердің жүйесін пайдаланады.Парадигма жасау арқылы зерттеуші де белгілі бір саяси құбылысты зерделеудің негізгі өлшемі қалыптасады.Қоғамдық ғылымдар сферасы мәдениеттің өте күрделі сферасы екенін ескеру қажет.Оған парадигмалықтың жалпы теориясы белгілі бір талаптармен қолданылуы қажет.
Саясаттануға саяси нақтылықтың акцияларын әр түрлі образда түсіндіруге мүмкіндік беретін мультипарадигмалықтың тән болуы кездейсоқ емес.Ол өткен кезеңдердегі териялық зерттеулердің өз маңызын жоғалтпайтындығын және қазіргі жағдайда саясат сферасында оны пайдаланудың мүмкін екендігін білдіреді.
Парадигмалар саяси ойлардың тарихында мейілінше көрнекті түрде жүзеге асқандықтан жәнеөз уақытына сай саяси мәдениетті жасағандықтан ғалымдар саяси ойлардың теологиялық,натуралистік,әлеуметтік,рационалды-сыни парадигмалық сипаттарын бөліп көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет