Ақпараттық-есептеу жүйелері кафедрасы «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттеріне арналған «1С бағдарламалау» пәні бойынша


№ 18 зертханалық жұмысқа тапсырма



бет56/97
Дата07.02.2022
өлшемі5,21 Mb.
#88595
түріСеминар
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   97
Байланысты:
Лабораторная работа 1С версия5

№ 18 зертханалық жұмысқа тапсырма


1. Өзіңіздің пәндік салаңызды автоматтандыруға қажетті 2-3 құжат құрыңыз.
2. Әрбір құұжат үшін жүргізілуін құрыңыз.
3. Әр құжаттың баспадан шығару формасын баптаңыз (ретке келтіріңіз).
Лабораториялық жұмыс № 19 (1 сағат)
Тақырып: Кесте ұяшықтарындағы деректер типі
Жұмыс мақсаты: кесте ұяшықтарындағы деректер типімен және олармен орындалатын әрекетттермен танысу
Тапсырма:

  1. Стандартты деректер типтерімен жұмыс

  2. Жаңа деректер типін кірістіру



Әдістемелік нұсқаулар

Бағдарламалық модуль құрылымын келесі бөлімдерге бөлуге болады:



  • Айнымалыларды анықтау бөлімі;

  • Процедуралар мен функциялар бөлімі;

  • Негізгі бағдарламалық бөлімі.

Нақты бағдарламалық модульде кез келген бөлімнің болмауы мүмкін.
Айнымалыларды анықтау бөлімі модульдің мәтінінің басынан бастап, бірінші Процедура операторына дейін немесе Функция операторына дейін немесе кез келген орындалатын операторға дейін орналасады. Бұл бөлімде тек айнымалыларды жариялау операторлары ғана орналаса алады.
Функциялар мен процедуралар бөлімі бірінші Процедура операторынан немесе Функция операторынан бастап функция мен процедураларды сипаттау денесінен тыс орындалатын операторға дейін орналасады.
Стандартты деректер типтерімен жұмыс. Негізгі бағдарламалар бөлімі. Процедуралар мен функциялар денесінен тыс орындалатын бірінші оператордан бастап модульдің соңына дейін орналасады. Бұл бөлімде тек орындалатын операторлар ғана болуы мүмкін. Негізгі бағдарламалық бөлімі модульдің инициализациялануы кезінде орындалады. Негізгі бағдарламалар бөлімінде айнымалыларды инициализациялау операторларын қандай да бір нақты мәндер мен орналастырған жөн, мұны модульдің процедурасы мен функцияларының бірінші шақырылуына дейін орындау қажет.
Бастапқы мәтінде қолданылатын арнайы символдар

  • // екі белгімен «қисық сызық» комментарий басталады. Комментарий деп «//» белгісінен бастап ағымдағы жолдың соңына дейінгі мәтін саналады.

  • | жолдың басындағы тік сызық тек жолдық константаларда ғана қолданылады және бұл жол алдынғының жалғасы екенін білдіреді.

  • ~ тильда белгісімен оператордың белгіленуі басталады.

  • : қос нүкте мен оператордың белгіленуі аяқталады.

  • ; нүктелі үтір операторларды бөлу символы болып табылады.

  • () дөңгелек жақшаларға әдістер процедуралар, функциялар және конструкторлар параметрлерінің тізімі ендіріледі.

  • [] «тік жақшалар» операторының көмегімен қасиеттің атының жолдық көрінісі бойынша объектінің қасиетіне қатынау жүзеге асырылады. Осылайша индекс бойынша немесе басқа параметр бойынша коллекциялар элементтеріне қатынау мүмкіндігі бар.

  • , әдістер, процедуралар, функция және конструкторлардың параметрлерінің тізіміндегі параметрлерді үтір арқылы ажыратуға болады.

  • “” қос тырнақшаға жолдық литералдар алынады.

  • ‘’ бірлік тырнақшаларға уақыт литералдары алынады.

  • . сандық литералдағы ондық нүктелер.

  • + «қосу» символы қосу операциясымен конкотенацияны білдіреді.

  • «алу» символы азайту операциясын білдіреді.

    • «жұлдызша» символы көбейту операциясын білдіреді.

  • / «қисық сызық» символы бөлу операциясын білдіреді.

  • % бөлуден қалған қалдықты қабылдау. Бөлгіш пен бөліндінің бөлшектік мәндерін қолдану рұқсат етіледі.

      • оң бұрыштық жақша «үлкен» логикалық операциясын білдіреді.

  • >= «үлкен немесе тең» логикалық операциясы.

  • < сол бұрыштық жақша «кіші» логикалық операциясын білдіреді.

  • <= «кіші немесе тең» логикалық операциясы.

  • = тең белгісі меншіктеу немесе «тең» логикалық операциясын білдіреді.

        • екі бұрыштық жақшалар «тең емес» логикалық операциясын білдіреді.

19 зертханалық жұмысқа тапсырмалар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет