Ақпараттық-есептеу жүйелері кафедрасы «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттеріне арналған «1С бағдарламалау» пәні бойынша


Лабораториялық жұмыс № 26 (1 сағат)



бет82/97
Дата07.02.2022
өлшемі5,21 Mb.
#88595
түріСеминар
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   97
Байланысты:
Лабораторная работа 1С версия5

Лабораториялық жұмыс № 26 (1 сағат)
Тақырып: Кірістірілген есеп берулер
Жұмыс мақсаты: кірістірілген есеп берулермен танысу.
Тапсырма:

  1. Кірістірілген есеп берулер мен олардың сипаттамалары

  2. Кірістірілген есеп берулер құрастыру



Әдістемелік нұсқаулар

Есеп берулер («отчет») конфигурация объектісі қолданбалы объект және қолданушы өзіне қажетті Шығару мәліметтерді алуға арналған алгоритмдермен құралдарды сипаттауға арналған. Шығатын мәліметтерді құрастыру алгоритмі визуалды құралдармен кіріктірілген тілдің көмегімен сипатталады. Шындығында есеп берулерге («отчет») түрлі кестелер, жиынтық мәліметтер, диаграммалар және тағы басқалар сәйкес келеді.


Шығару формаларының конструкторы (құрастырушысы). Шығару формасының констукторы (құрастырушысы) негізінде «1С:Предприятие» платформасында жүзеге асырылған сұратулар механизмі жатыр. Әрбір есеп беру дегеніміз мәліметтерден қандайда бір белгі бойынша топтастырылып, сұрыпталған күрделі іріктемелер алу болғандықтан, бұл мақсатта мәліметтер базасындағы ақпараттарға сұратулар салуды қолданған жөн. Сондықтан, шығару формасының констукторын шақырғанда есеп берудің негізінде жатқан, сұратуды визуалды құралдардың көмегімен сипаттауға мүмкіндік беретін, сұрату конструкторы «орнатылады». шығару формасының констукторы сұратудың тек мәтінін ғана емес, сонымен қатар есептберудің формасын және макетін жасауға мүмкіндік береді.
Шығару формасы констукторының тамаша мүмкіндіктерінің бірі ол кірікірілген тілдің екі түрлі объектісін қолдана отырып, есеп берулерді жасай алады.
Біріншіден, есеп берулер кіріктірілген тіл объектісі «Сұратуды» («Запрос») қолдана отырып, тұрғызылады. есеп берулердің бұл түрі қарапайым болып келеді және құрылған есеп берулердің параметрлерін баптауға үлкен мүмкіншіліктер бермейді.
Екіншіден, есеп беру кіріктірілген тіл объектісі «Есеп беру тұрғызушысын» («ПостроительОтчета») қолдану ақылы да тұрғызылады. Бұл жағдайда қолданушы сұратудың өзін интерактивті баптауға кең мүмкіншіліктер алады (мысалы, ол таңдалған өрістердің құрамын анықтап, іріктеудің шарттарын көрсете алады).
Сұратулармен жұмыс. Сұратулармен жұмыс жасау үшін кіріктірілген тіл объектісі «Сұрату» («Запрос») қолданылады. Ол мәліметтер базасының өрістерінде орналасқан мәліметтерді берілген ережелер бойынша құрастырылған іріктемелер ретінде алуға мүмкіндік береді.
Сұратулар бастапқы мәліметті кестелер жиынтығынан алады. Бұл кестелер мәліметтер базасының нақты кестелерінің мәліметтерін талдауға (анализ жасауға) ыңғайлы түрде алуға мүмкіндік береді. Оларды үлкен екі топқа бөлуге болады: реалды және виртуалды (сурет 26.1).
Реалды кестелер объектілі (сілтемелік) немесе объектілі емес (сілтемелік емес) болып бөлінеді.

26.1 сурет – Кестелер түрлері


Реалды кестелердің ерекшелігі олар мәліметтер базасында сақталынған бір реалды (нақты) кестенің мәліметтерін сақтайды. Мысалы, «Клиенты» анықтамалығына сәйкес келетін «Справочник.Клиенты» кестесі реалды кесте немесе «ОстаткиМатериалов» жинақтау регистріне сәйкес келетін таблица «РегистрНакопления.ОстаткиМатериалов» кестесі.


Виртуалды кестелер мәліметтер базасының бірнеше кестесінің мәліметтерінен құралады. Мысалы, «ОстаткиМатериалов» жинақтау регистрінің бірнеше кестесінен құрастырылатын «РегистрНакопления. ОстаткиМатериалов. ОстаткиИОбороты» кестесі виртуалды кесте болып табылады. Кей жағдайларда, виртуалды кестелер бір реалды кестеден құрастырылады (мысалы, «Цены» мәліметтер регистрінің кестесі негізінде құрастырылған «Цены.СрезПоследних» виртуалды кестесі). Бірақ, виртуалды кестелердің барлығына ортақ жайт, оларға осы виртуалды кестеге енетін мәліметтерді анықтауға арналған параметрлерді беруге болады. Әртүрлі виртуалды кестелерге берілетін параметрлер жиыны әртүрлі болуы мүмкін және олар мәліметтер базасының бастапқы кестелерінде сақталынған мәліметтермен анықталынады.
Реалды кестелер объектілі (сілтемелік) немесе объектілі емес (сілтемелік емес) болып бөлінеді.
Объектілі (сілтемелік) кестелерде сілтемелік типті мәліметтер (анықтамалықтар, құжаттар, сипаттамалар түрінің жоспары және т.б. («справочники, документы, планы видов характеристик и т.д.») ақпараты беріледі. Ал, объектілі емес (сілтемелік емес) кестелерде - басқа типті мәліметтер (константалыр, регистрлер және т.б.) ақпараты беріледі.
Объектілі (сілтемелік) кестелердің ерекшелігі оларда ағымдағы жазбаға сілтемесі бар «Сілтеме» («Ссылка») өрісі бар. Сонымен қатар, бұл сияқты кестелер үшін объектінің қолданушылық көрінісін алуға болады. Бұл сияқты кестелер иерахиялық болуы мүмкін және бұл кестелердің өрістерінде енгізілген кестелер (кестелік бөлімдер) болуы мүмкін.
Сұратулар тілі. Сұратудың бастапқы кестесінен мәліметтерді таңдап алу алгоритмі арнайы тілде жазылады – сұратулар тілі. Сұрату мәтіні бірнеше бөлімнен тұрады:
- сұратуды сипаттау;
- сұратуларды біріктіру;
- нәтижені ретке келтіру;
- авто реттеу;
- қорытындыларды сипаттау.
Сұратудың тек бірінші бөлімі ғана міндетті бөлім – сұратуды сипаттау. қалған бөлімдері қажеттілікке қарай қолданылады.
Сұратуларды сипаттау мәліметтер көзін, іріктеме және топтастыру өрістерін және т.б. анықтайды.
Сұратуларды біріктіру бірнеше сұратулардың орындалу нәтижелерінің қалай біріктірілетінін көрсетеді.
Нәтижелерді ретке келтіру сұрату нәтижесінің жолдарын ретке келтіру шарттарын анықтайды.
Қорытындыларды сипаттау сұратуда қандай қорытындыларды есептеу және нәтижені қалай топтастыру керектігін көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет