Конфигурация объектісіне бағынышты және кестелік құжат түріндегі макеттің басты міндеттерінің бірі - осы объектінің баспадан шығару формасын жасау.
Макетті қолмен тұрғызып қана емес, сонымен қатар конфигуратор құрастырушыға ұсынатын арнайы құрал - баспадан шығару конструкторын қолдануға болады. Конструктор макет құру барысындағы көп ұсақ ағымды (рутинный) жұмыстарды өзі атқарады.
Конфигураторда «ОказаниеУслуги» «Документ» конфигурации объектісінің редакциялау терезесін ашамыз. «Макеты» белгі бауын ашып, баспадан шығару конструкторын («Конструктор печати») іске қосамыз (5.51 сурет).