Біз ештеңені көрсетпейміз (бұл жолы құжаттың төменгі жағы бізге қажет емес), бірден бесінші қадамға көшеміз.
Біз бұл жерде конструктор құжаттың формасына баспадан шығару формасын құрастырушы процедураны шақыруға арналған жаңа батырма қою керектігін көрсетеміз және «ОК» батырмасын басамыз (18.6 сурет).
Конструктор құжатымызға бізге қажетті баспадан шығару формасын тұрғызды. Бұл жерде жалғыз жетіспейтіні – құжат бойынша қорытынды сома (18.7 сурет).
Құжаттың қорытынды сомасын жазу үшін жаңа аймақты енгіземіз. Тінтуірмен екі бос жолды белгілеп алып, «Таблица | Имена | Назначить имя...» командасын орындаймыз (18.8 сурет).
Объектіні «Всего» деп атаймыз (18.9 сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |