Тақырыбы: Модель типтері. Компьютерлік модельдеу, есептеу эксперименті.
Жаңа сабақ Модель дегеніміз – нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
Модельдеу – объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың (макетін) құру.
Модель түрлері
Модельдерді қасиеттеріне қарай мынандай топтарға жіктейді:
1. Қолданылу аймағы
2. Модельде уақыт факторын ескеру
3. Білім саласына қарай топтау
4. Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау
Қолданылу аймағына қарай модельдеу келесі түрде жіктеледі.
1. Оқу
2: Тәжірибелік
3. Ғылыми – техникалық
4. Ойын
5. Имитациялық
Оқу моделі - көрнекті оқу құралы, әр түрлі машықтандыруды, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін.
Тәжірибелік модель – жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда оюъектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады. Бұл модельдер – объектіні зерттеу, қасиеттерін болжау, зерттеу мақсатында қолданылады.
Ғылыми - техникалық модельдер – процестер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады.
Ойын моделдеріне - әскери, экономикалық, спорттық ойындар жатады.
Имитациялық модель – шын мәніндегі нақты объектін өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады.
Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады.
Статистикалық модель деп объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады. Мысалы тіс емханасында дәл сол уақыт мезетіндегі оқушылардың тістерінің жағдайы туралы мәлімет береді:бастауыш сыныптағылардың сүт тісі, орта және жоғарғы буындағы оқушылардың емделген, емделуге тиісті тістерінің саны т.б.
Динамикалық модель – уақыт барысындағы объектінің қасиеттерін өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді. Мысалы, жеке оқушының емханадағы түбіртек кітапшасын динамикалық модель деп айтуға болады. Өйткені осы кітапша бойынша жыл сайын олардың денсаулығындағы болып жатқан өзгерістерді анықтау мүмкіндігі бар.
Графикалық редакторда геометриялық модельдердің (өрнек дайындамасынан әшекейлер, бөлімелердің жоспар-сұлбасы және т.б.) жасалуы, мәтіндік редакторда сөздік модельдердің (жиналыс, мейрамның және т.б. жоспары) жасалуы – компьютерлік модельдерге мысал бола алады.
Модель түрлері
Мақсаты: модельдердің тәжірибелік тұрғыдан қолданылуы туралы білімдерін толықтыру