3. Практикалық сабақтар
2. Дәрістер
1-дәріс. Қателіктер теориясы
Дәріс жоспары:
-
Қателіктер теориясы
-
Абсолютті қателік
-
Салыстырмалы қателік.
Берілген объектіні математикалық модель және есептеу эксперименті әдісімен зерттеу процесі жуық мәнді процесс,себебі әрбір этапта әр түрлі қателіктер кезігеді.
Қателіктер үш топқа бөлінеді:
-
Математикалық модель құру кезінде алғашқы берілген шамалардың мәні жуықтап алынады-олар жоғалмайтын қателіктер.
-
Математикалық модельден сандық әдіске өту кезінде әдіс қателігі деп аталатын қателіктер пайда болады.
-
Есептеулер қателігі.
Әр түрлі есептерді шешу барысында дәл және жуықтау сандар кезігуі мүмкін.
а жуықтау сан деп А дәл саннан айырмашылығы аз ғана болатын және есептеу кезінде А санының орнына қолданылатын санды айтамыз.
Кез келген есептеу кезінде дәл мән алынбайды. Сондықтан есептеу нәттижесінің қандай да бір қателігі болады.
Қателіктерді үш топқа бөлуге болады:
1.Берілгендер немесе жоғалмайтын.
2.Дөңгелектеу қателігі.
3.Қорытынды қателік.
а- жуық мән, А-дәл мән.
Егер а<А болса, онда а саны А санының кемігеннен алынған жуық мәні деп аталады. Егер а>А болса, онда а саны А санының артығымен алынған жуық мәні деп аталады.
- а жуық санның абсолюттік қателігі (1)
А дәл мәні белгісіз болған жағдайда абсолютті қателіктің шекаралары деген ұғымды енгіземіз. Ол
- теңсіздігін қанағаттандырады.
Достарыңызбен бөлісу: