18.14 сурет- «Сумма» бағанының төменгі жағының параметрлерін көрсету
Осылай басқару элементтерінің қаситтерін пайдалану және оларға түрлі мән беру арқылы құрастырушы кез келген дизайндағы экранға шығару формасын жасай алады. «1С:Предприятие» өтіп, мәзірден «Операции» «Документы» / «Оказание услуг» құжаттарының тізімін ашып, «Иванов Семен» жазбасына екі рет басамыз (18.15, 18.16 сурет).
18.15 сурет - «Оказание услуги» құжатына жазбалар енгізу
18.16 сурет - «Оказание услуги» құжатының баспадан шығару формасын бейнелеу
«Печать» батырмасын басқаннан кейін, нәтижесін көреміз (1.16 сурет).
Бақылау сұрақтары
1. Құжат («Документ») конфигурация объектісі не үшін арналған, және құжаттың қандай өзіндік ерекшеліктері бар?
2. Құжаттың реквизиттері мен кестелік бөлімі не үшін арналған?
3. Құжатты жүргізу дегеніміз не?
4. Құжат қозғалысын қалай жасаймыз?
5. Кестелік құжаттың ұяшықтарын мәтінмен, параметрмен немесе шаблонмен толтырудың қандай айырмашылықтары бар?
6. Кіріктірілген тіл құралдарының көмегімен кестелік құжаттарға жаңа аймақты қалай қосуға болады?
7. Кестелік бөлімнің бағаны бойынша қорытынды соманы қалай шығаруға болады?
Достарыңызбен бөлісу: |