Және бір ресурсы бар -«Стоимость», типі сандық, ұзындығы 15 және дәлдігі 2 23.13 сурет).
Құжатты жүргізу процедурасына өзгеріс енгізейік. Конфигцрация объектісі «ПриходнаяНакладная» құжатының редакциялау терезесін ашып, «Движения» белгі элементіне өтейік. Регистрлер тізімінен құжат енді «СтоимостьМатериалов» регистрінде де қозғалыс жасайтындығын көрсетеміз (23.14 сурет).
Қозғалыс конструкторын іске қосып, жүйеде бар «ОбработкаПроведения» процедурасының ауыстырылатындығымен келісеміз (23.15 сурет).
23.15 сурет – Қозғалыс конструкторының диалогтық терезесі
Ішінде осы уақытқа дейін құрылған құжаттың «ОстаткиМатериалов» регистріндегі қозғалысы бар, қозғалыс конструкторының терезесі ашылады. Қозғалыс құрылатын регистрлердің тізіміне тағы бір регистр «СтоимостьМатериалов» регистрін енгіземіз. Оған сол кестелік бөлімді таңдап аламыз және «выражение» өрісін толтырамыз (23.16 сурет).
«Стоимость» ресурсы үшін кестелік бөлімнің «Сумма» реквизитінің мәнін таңдаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |