Ақпараттық хат құрметті әріптестер! «Алматы облысының білім басқармасы»



бет1/4
Дата22.01.2023
өлшемі141,21 Kb.
#166039
  1   2   3   4
Байланысты:
Ыбырай Ақпараттық хат



АҚПАРАТТЫҚ ХАТ




Құрметті әріптестер!

«Алматы облысының білім басқармасы» ММ «Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы» КММ және Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі 2021 жылдың 19 қараша күніЫбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеялары және заманауи білім беру»атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.


Қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогы, жазушы, этнограф,фольклоршы, қоғам қайраткері –Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған мәңгілік өшпес мұра.
Конференцияның мақсаты – ұлы ағартушы, ұстаздың мұрасын кеңінен насихаттау және тәжірибе алмасу болып табылады.Жастардың бойындағы қазақ еліне деген құрметін күшейту, патриоттық сезімді арттыру, ХХІ ғасырдағы еліміздегі білім мен ғылым саласының даму үдерісін кеңінен ашып қарастыру.
Ғылыми-практикалық конференция ұйымдастыру: Конференция екі кезеңде өткізіледі:
1 - кезең - дайындық (өтінімдер мен мақалаларды қабылдау 2021 жылғы 8қарашаға дейін);
2 - кезең - конференцияны өткізу (2021 жылғы 19қараша, басталуы сағат 14.00-де (Қазақстан Республикасының сағаттық белдеуі);
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс
Конференцияны өткізу форматы: қашықтықтан (Zoom қосымшасы); бейне баяндамалар, бейне презентациялар.
Конференцияның жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

1секция(оқытушылар үшін)Ыбырай Алтынсарин және заманауи білім


Проблемалық аясы: Ыбырай Алтынсарин- бастауыш және кәсіптік оқу орындарының жаңа үлгісін жасаушы, Қазақстанның білім беру кеңістігін қалыптастырудағы Ыбырай Алтынсариннің рөлі, ұстаз ретіндегі бейнесі. (Ұлы ұстаз, ағартушы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері).

2 секция (білім алушылар үшін) Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарының сабақтастығы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет