ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
«Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның операциялық жоспарына сәйкес, «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» «Шағын жинақталған мектептің педагогі: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы кәсіби дамуының мәселелері» Республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Өткізу мерзімі: 2017 жылғы 29 қыркүйек.
Өткізу орны: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты».
Конференцияның басталуы сағ. 1000-де (Астана уақытымен).
Жұмыс тілі: қазақша, орысша.
Конференцияның өтуі және тіркелу келесі мекенжай бойынша: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 71 үй
Конференция жұмысына облыстық білім басқармасы, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің өкілдері, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының профессорлық-оқытушылық құрамы, мамандары, ЖОО оқытушылары, жалпы білім беретін мектептердің (шағын жинақталған) мұғалімдері т.б. қатыса алады.
Конференцияның мақсаты: білім мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақталған мектеп мұғалімдерінің кәсіби даму проблемалары бойынша өзара тәжірибе алмасуды ұйымдастыру.
Конференция жұмысының бағыттары:
- білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ШЖМ-нің білім беру үдерісін басқару;
- ШЖМ-нің білім беру үдерісі сапасын жетілдіру тәсілдерін қарастыру;
- «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру жағдайында шағын жинақталған мектептердің тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері;
- білім беру мазмұны жағдайында педагогтің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу;
- ШЖМ педагогінің кәсіби дамуында инновациялық, ақпараттық және SMART технологияларды қолдану бойынша білім беру үдерісін ұйымдастыру мүмкіндіктері;
-шағын жинақталған мектептер мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамытудың жолдары.
Конференцияның материалдары «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» сайтында (http:// www. Akmol-orleu.kz.) (курсаралық іс-шаралар қосымша бетінде) PDF форматында жарияланады
Конференцияға қатысушылардың пошталарына электронды сертификаттар жіберіледі.
Конференция жұмысына қатысу үшін 2017 жылдың 15 қыркүйегіне дейін ұйымдастыру комитетінің мекенжайына:
Конференцияға қатысуға өтінім;
Баяндама мәтіні;
Электронды мекенжай: «Конференция» деген белгімен жіберілуі тиіс
Ұйымдастыру комитеті:
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» «Инновациялық технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасы.
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 020000, Көкшетау қ., Абай көшесі, 71
e-mail: akmola29@mail.kz
Анықтамалар үшін байланыс телефондары: 8(716) 2255562.
ұялы тел.: Дигенова Ботагоз Каирбаевна 87077549338
Самуратова Рауза Тукеновна 87013268963
1-қосымша
«Шағын жинақталған мектептің педагогі: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы кәсіби дамуының мәселелері» республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға
ӨТІНІМ
1
|
ТАӘ
|
|
2
|
Жұмыс орны, лауазымы
|
|
3
|
Ғылыми дәрежесі, атағы, санаты
|
|
4
|
Баяндама тақырыбы
|
|
5
|
Байланыс телефоны
|
|
6
|
Электронды поштасының мекенжайы
|
|
7
|
Қатысу форматы (күндізгі, сырттай, он-лайн)
|
|
2-қосымша
Материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар:
Файл атауы – тегі, қала (мысалы: Омарова_ Көкшетау);
формат – MS Word-тың кез-келген нұсқасы
көлемі –А4 форматының кітап бағдарындағы 3-5 бет;
гарнитура – Times New Roman; кегль – 12; кестелер үшін – 11;
жиектер: сол жақ-2,5 мм, оң жақ, жоғарғы, төменгі -2,0 мм;
жоларалық интервал – жалаң
тегістеу – ені бойынша;
азат жол – 1 см;
беттерді нөмірлеу – нөмірсіз;
Word арқылы терілген графика, суреттер, схемалар жинақталу қажет;
әдебиеттерге сілтемелерін нөмірлеу өтпелі, сілтеме нөмір квадрат жақшаға алынады. «Әдебиет» айдары ортасында тегістеледі, қалың шрифтпен теріліп, 12 кегльмен басылады.
Мәтінді ресімдеуге қойылатын талаптар:
Мақаланың атауы – ортасында, сөздердің жазылуы – жартылай қалың, тасымалдаусыз, екі аралық интервалдан кейін автордың Т.А.Ә., E-mail (авторлардың – 3-тен артық емес) – ортасында, сөздердің жазылуы – жартылай қалың, бір аралықтан кейін фамилияның астында жұмыс орны, екі аралықтан кейін мақаланың мәтіні.
Ұсынылған материалдар конференцияның тақырыбы мен мазмұнына және ресімделуіне қойылған талаптарына сай болмаса, ұйымдастыру комитеті жариялаудан бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
Достарыңызбен бөлісу: |