АҚПараттық хат құрметті әріптестер!



Дата29.01.2018
өлшемі62,99 Kb.
#35750
«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы  Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының желілік жоспарына сәйкес «Техникалық және кәсіптік білім берудегі жаңашылдық: тәжірибе, мәселелер және даму келешегі» тақырыбында аймақтық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция (бұдан әрі – Конференция) өткізеді.

Өткізілу мерзімі: 2017 жыл 26 мамыр, сағ. 10.00. (жергілікті уақыт) www.online.ripkso.kz/atyrau кабинетінде өтеді.

Конференцияның мақсаты: Қазақстан Республикасында индустриялық-инновациялық дамудың басым жобаларын іске асыру бағытындағы кәсіби білім берудегі жаңашылдық және өзекті мәселелерін зерделеу.

Конференцияның негізгі бағыттары:

  1. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында кәсіби мамандарды даярлау өзектілігі.

  2. Техникалық және кәсіптік білім берудегі оқытудың жаңа технологиялары мен белсенді әдіс-тәсілдері.

  3. Жалпы білім берумен қатар кәсіптік бағдарлау жұмысының маңыздылығы. Жұмыс тілдері: қазақша, орысша.

Конференция жұмысына қатысуға білім беру жүйесіндегі мекемелердің мамандары, профессор-оқытушылар құрамы, магистрлер, әдіскерлер, орта білім, кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің педагогтары қатыса алады.

Конференцияның өткізілу орны: Атырау қаласы, Авангард – 4 ықшам ауданы, Адмирал Лев Владимирский көшесі 24, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ.

Конференция жұмысы он-лайн режимде өткізіледі. Қатысушы конференция тақырыбы мен аталған негізгі бағыттарға сай озық тәжірибелерін баяндама, мақала түрінде ұсынуына болады.

Ұйымдастыру алқасы конференция материалдарын жинақ түрінде шығарады. Материалдар жинағы институт сайтында (www.orleu-atr.kz) PDF форматында жарияланады.

Конференция жұмысына тікелей қатысушыларға сертификат беріледі.

Ұйымдастыру алқасы таңдаулы материалдарды іріктеп, он-лайн конференция жұмысының пленарлық мәжілісінде шығып сөйлеуге ұсынады.

Конференцияға қатысу тәртібі:

Конференцияға қатысу үшін келесі құжаттар электрондық поштаға жіберіледі:

1. Конференцияға қатысушы педагогтың өтінімі (1 қосымша).

2. Жариялау талаптарына сәйкес мақала мәтіні (2 қосымша).

Конференцияның негізгі бағыттары бойынша материалдар мен өтінімдерді 2017 жылдың 15 мамырға дейін «Аймақтық конференция» белгісімен мына электронды поштаға жіберілуі қажет: conf17moiratyrau@mail.ru

Ұйымдастыру алқасы: «Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімі

87011484320 Ермагамбетова Алмагуль Калидуллаевна, 87016177435 Исмурзина Гүлнар Базарбайқызы, 87786815637 Юсупова Индира Төлегенқызы.


1 қосымша
«Техникалық және кәсіптік білім берудегі жаңашылдық: тәжірибе, мәселелер және даму келешегі» тақырыбындағы Аймақтық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясына қатысуға

Өтініш парағы

1

Аты-жөні




2

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы




3

Жұмыс орны




4

Баяндама тақырыбы




5

Секциясы




6

Баяндама ұсыну түрі тікелей, сырттай /анықтап жазу/




7

Байланыс телефондары, электрондық почта адресі (Email





2 қосымша
МАТЕРИАЛДАРДЫ РЕСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР


  • Мақала көлемі 3-5 беттен аспауы керек.

  • Қаріп түрі KZ Times New Roman (14 кегль); бірлік интервал; азат жол – 1,25 см.; жиектері: жоғарғы – 2 см; төменгі – 2 см; сол жағы – 3 см; оң жағы – 2 см.

  • Мақала мәтіні қатесіз теріліп, мұқият тексерілуі тиіс.

  • Оң жағындағы жоғарғы бұрышта автордың Т.А.Ә. (толық) жазылады;

  • Төменде – лауазым, ғылыми атақ (егер болса), ұйым, облыс, қала көрсетіледі;

  • Мақаланың атауы бас әріппен, қалың қаріппен, соңында тыныс белгісіз, ортасына теңестіріледі;

  • Бірлік интервалынан кейін материалдың мәтіні теріледі.

  • Қолданылған әдебиеттердің библиографиялық тізімі соңында ұсынылады. Тізім библиографиялық сипаттаманың ережесіне сәйкес ресімделу қажет. Әдебиетке сілтеме – мәтіннің ішінде, мысалы [3] немесе [3, 42 б.], әдебиет тізімінде дереккөздің нөміріне сәйкес мәтінде санмен көрсетіледі.

  • Материалдың мәтіні және өтінім бір фаилда «Аймақтық конференция» деген белгімен жолдану қажет.

  • Мақалалардың материалдары бар файлды атағанда, міндетті түрде фамилия мен автордың инициалдарын көрсету қажет, мысалы, А.Б.Әмірова.

  • Ұсынылған мақалалар өзекті және бұрын жарияланбаған болуы керек.

  • Жоғарыда аталған талаптар сақталмаған және көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген мақалалар қабылданбайды, қарастырылмайды және қайтарылмайды.

  • Ұсынылған материалдың мазмұнына автор жауап береді.

Мақала мәтіні редакцияланбайды және түпнұсқа болып табылады. Ұйымдастыру алқасы конференция тақырыбына және аталған шарттарға сай келмейтін материалдарды қабылдамауға құқылы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет