АҚПараттық хат құрметті әріптестер!



Дата31.01.2018
өлшемі39,23 Kb.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты 2005 жылдан бері «ТарМПИ Хабаршысы» ғылыми-педагогикалық журналын шығарады. 2010 жылдан бастап институтымыз журналды әр тоқсан сайын шығарып тұруды жоспарлады. Журналдың 2010 жылдың желтоқсан айында №4 саны, 2011 жылы №5, №6, №7, №8 нөмерлері, 2012 жылы журналдың №9, №10, №11, №12 нөмірлері, 2013 жылы №13, №14, №15, №16 нөмірлері, 2014 жылы №17, №18, №19, №20 нөмірлері, 2015 жылы № 21, №22, №23, №24, 2016 жылы №25, №26, №27, №28, 2017 жылы №29, №30 нөмерлері шықты.

Журнал наурыз, маусым, қыркүйек және желтоқсан айларында шығады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ ISSN ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНАН СЕРТИФИКАТ БЕРІЛДІ. «ТарМПИ хабаршысы» ғылыми-педагогикалық журналы, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты (Тараз қаласы), (ЮНЕСКО, Франция, Париж қ.) сериялық басылымдарды тіркейтін ISSN Халықаралық орталығында тіркеліп, халықаралық нөмері «22» қаңтар 2013 жылы берілді (ISSN 2306 - 8167).

«ТарМПИ Хабаршысы» журналы Қазақстан Республикасында жоғары педагогикалық білім беруді жаңғырту жағдайында жаңа мамандар дайындау және тәрбиелеуде ескіні өзгертіп, жаңа формаларды жасауға бағытталған.

Журнал жоғарғы оқу орындарының проблемаларын көтерумен бірге, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлердің саяси және рухани көмекшісі мен кеңесшісіне айналды. Журнал тарих, филология, физика-математика, психология-педагогика бағыты бойынша өзекті тақырыптардағы мақалаларды қабылдайды. Біз сіздерден бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелер бойынша мақалалар мен зерттеулерді күтеміз.

Баспаға ұсыну және сараптама жасау үшін мақалалар әр тоқсанның соңғы айының 1-не дейін қабылданады.
Мақалалар мына мекен-жайда: 080000, Қазақстан, Тараз қ., Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Төле би көшесі №68, №3 ғимарат, 210 кабинетте («ТарМПИ Хабаршысы») қабылданады.

Анықтама телефоны: Хабаршы: 8 707 163 04 82

E-mail: vestniktargpi@mail.ru

Журналға басылатын 1 мақаланың төлемақысы 2000 теңге.



Мақалаларды рәсімдеу тәртібі қосымшада берілген.
Қаржылық реквизиттер:

РГП на ПХВ

Учреждение ТарГПИ

БИН 040440007305

ИИК KZ 376010161000026196

ЖОФ АО «Народный банк»

БИК HSBKKZKX (указать «Вестник ТарГПИ»)

КБЕ 16

Л/счет

Құрметпен, «ТарМПИ Хабаршысы» журналының редакциясы

Қосымша
МАҚАЛАЛАРДЫ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ
Жарияланым төмендегі элементтерден тұрады:

а) ӘОЖ (әмбебап ондық жіктеу)

б) мақаланың тақырыбы (барлығы бас әріптермен);

в) авторлар туралы мәлімет;

г) мақаланың мәтіні;

д)  әдебиеттер тізімі (5-10);

е)  ан­но­та­ция (қазақша, орысша, ағылшынша).

Мақалаларды жазу мен рәсімдеу тәртібін сақтау үшін журнал редакциясы авторлардың төмендегі ережелерді сақтауын сұрайды.

Мақала материалдары баспадан шығу үшін Microsoft Word 2003, 2007 редакторында немесе соған сәйкес редакторларда терілген 3-10 беттік мақаланың қолжазбасы А4 форматты қағазға 1 дана шығарылып, қазақ, орыс немесе шетел тілдерінде тапсыруға болады. Мақала материалының электронды нұсқасы міндетті түрде болуы қажет. Баспаға ұсынылатын мәтінді рәсімдеу тәртібі: KZ Times New Roman, шрифті – 12, жоларалық интервал – 1, параметрлері барлық жағынан – 2см.

Мақала төмендегі құжаттармен қоса ұсынылуы қажет:

- Редакцияға келіп түскен материалдарда ғылым докторы немесе ғылым кандидатының ұйымның мөрі басылған пікірі болуы керек. Пікір беруші мақалалардың сапалылығына жауап береді. Ғылыми дәрежесі жоқ авторлар үшін ғылым докторларының немесе ғылым кандидаттарының пікірі болуы тиіс. Мақалаларды жариялау үшін пікір берушілердің ұсынысы жеткіліксіз. Соңғы шешімді редакция ұжымы қабылдайды.

- автордың түйіндемесі: тегі, аты, әкесінің аты, қызметі, жұмыс орны, үй және жұмыс телефондары, мүмкіндігінше – факс және e-mail.

Мақала төмендегі талаптарға сәйкес рәсімделуі қажет:

- сол жақ жоғарғы жағында ӘОЖ индексі, екінші бас әріптермен (қою шрифтпен) – мақаланың тақырыбы, үшінші жолда ортасында автор(лар)дың тегі, аты, әкесінің аты жазылады, екі интервалдан кейін негізгі мәтін жазылады.

- әдебиеттерге жасалған сілтемелер дәйектемеден кейін, төрт бұрышты жақшаның ішінде, әдебиеттер тізіміндегі нөмеріне сәйкес нөмермен көрсетіледі. Дәйектемені беру үлгісі [10,81б.]. Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 10. Бердяев Н.А. Смысл истории. М.: Мысль, 1990. 175 с. мақаланың ең соңында беріледі. Әдебиеттер тізімінен кейін мақаланың қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі аннотациясы беріледі.

Кескіндемелер (кестелер, схемалар, диаграммалар) жеке А4 парағында компьютерде немесе анық сызба (тушпен) түрінде орындалуы қажет. Суреттің нөмері қағаздың сырт жағында қойылады және қай бетке және қай жерге орналасатындығы жазылады. Математикалық формулалар Microsoft Equation объектісі ретінде теріліп, беріледі.

Сілтеме жасалатын формулалар ғана нөмірленуі қажет. Графикалық материалдар 5-суреттен аспау керек.

Талапқа сай рәсімделмеген мақалалар қабылданбайды және авторға кері қайтарылады.



Журналдың бір нөмерінде автор бір рет мақала жариялайды, екінші рет тек басқа автормен бірігіп ғана жариялай алады. Бір мақаланың авторы 3-ден аспау қажет.
Каталог: document -> nauka
document -> Біздің кітапхана Сіз №21 Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп кітапханасының сайтына Қош келдіңіздер
document -> Өмірбаяны Құрманғазы Сағырбайұлы
document -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері. Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығарма
document -> Оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісінде жүргізілген жұмыстарға сараптама
document -> Орындаған: 9 «Ә» сынып жетекшісі Болатбаева С. М. Астана 2014-2015
document -> ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу