АҚПараттық хаты құрметті жас зерттеушілер, магистранттар мен студенттер!



Дата27.04.2018
өлшемі160,32 Kb.
#40261
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына арналған «Жастар, ғылым және инновация» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның

АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ
Құрметті жас зерттеушілер, магистранттар мен студенттер!
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Сіздерді 2015 жылдың 9-10 сәуірі аралығында өткізілетін Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына арналған «Жастар, ғылым және инновация» атты жас ғалымдар мен студенттердің республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады:
Конференцияның негізгі бағыттары (секциялары):

  1. Ұлы Отан соғысындағы жеңіс: деректер, барысы, қорытындылар және оны оқытудың өзекті мәселелері;

  2. Жаратылыстану және техника ғылымдардың өзекті мәселелері;

  3. Заманауи филологиялық-лингвистикалық зерттеулер;

  4. ЕАЭО аясындағы Қазақстан Республикасының ұлттық экономика және құқықтық дамуындағы қазіргі заманғы тенденциялар;

  5. Білім берудің психологиялық-педагогикалық аспектілері;

  6. Ғылым - Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған «Нұрлы жол» Жолдауында қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың құралы ретінде.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша.

Конференцияға қатысу үшін 2015 жылдың 1 сәуіріне дейін Ұйымдастыру комитеті адресіне төмендегі құжаттарды жіберу қажет:



  1. Ұсынылған үлгі бойынша конференцияға қатысу өтінімі;

  2. Мақала мәтіні (қағаз және электронды тасымалдауышта);

  3. «Республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференцияға» деген белгісі бар төлем түбіртегінің көшірмесі (электронды түрде болса сканерленген үлгіде).

Конференция материалдары ғылыми еңбектер жинағында жарық көреді. Ұйымдастыру комитеті мақалалардың мазмұнына жауап бермейді. Дайындалған мәтіндер тек қана авторлардың түзетуімен жарық көреді. Мақалалар редакциялық алқа тарапынан іріктеу жолымен жинаққа енгізіледі.

Ұйымдастыру жарнасының көлемі – 2000 теңге.

Конференцияға қатысушылардың шығындары (жолақысы, тамақ, жататын орын және конференция жинағын поштамен жіберу, т.б.) жіберуші тараптан өтеледі.
Мақала мәтіндеріне талаптар:

Мәтін тезис түрінде (1-2 толық парақтан аспауы қажет) беріледі, Times New Roman текстінде терілген, жол аралығы-1 интервал, абзацтар – 1,25, шрифт өлшемі – 14, барлық шеттері – 20 мм болуы тиіс.

Алғашқы беттің жоғарғы жағында оң жақ шетінде автордың аты-жөні, одан төменде қызметі, ғылыми атағы мен ғылыми дәрежесі, одан төменіректе ұйым және қала атауы көрсетіледі. Бір интервалдан кейін баяндама атауы үлкен әріптермен ортаға түседі және тағы бір интервалдан кейін баяндама мәтіні басталады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мәтіндегі реттік номерге сай [2, с.45] көрсетіледі. Көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған немесе талаптарға сай келмейтін материалдарды жинаққа енгізбеу құқығы ұйымдастыру комитетіне тиесілі.


Мәтіндерді рәсімдеу үлгісі 2-қосымшада көрсетілген.

1-қосымша


Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына арналған «Жастар: ғылым және инновация» атты республикалық

ғылыми-практикалық конференцияға

қатысу өтінімі

1. Студенттің/магистранттың аты-жөні _____________________________________

2. Ғылыми жетекшісінің аты-жөні _________________________________________

3. Ғылыми жетекшісінің ғылыми дәрежесі мен атағы_________________________

4. Ғылыми жетекшісінің жұмыс орны, қызметі ______________________________

5. Телефон, ұялы тел., факс, эл.мекен-жайы _________________________________

6. Қажетті техникалық құралдар __________________________________________

7. Секция номері мен атауы ______________________________________________

8. Қатысу түрі (тікелей, сырттай) __________________________________________

9. Қонақүй брондау қажеттілігі (ия, жоқ) ___________________________________

10.Сіз үшін маңызды және қосымша ақпараттар _____________________________



Қатысу өтінімін, баяндама мәтінін, төлем түбіртегінің сканерленген көшірмесін argu_konf.2015@mail.ru эл.мекен-жайына жіберуді сұраймыз.

Жауапты тұлға – Ескалиев Самат Амангелдіұлы

Купенова Гулмира Ықыласқызы

Байланысты телефондары: 8 (7132)-545882



2-қосымша

Мақаланы рәсімдеу үлгісі

Мусина А.А.

«Тарих» мамандығының 4 курс студенті,

Қ.Жұбанов ат. АӨМУ, Ақтөбе қ.

Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Купенова Г.Ы.


ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

.......текст.........текст....................................................[1., 28-б] ...........................

..................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



  1. Котлер Ф. Основы маркетинга: перевод с англ. – М.: Изд. «Ростинтэр», 1996.-704 с.

  2. Борисюк Н.К. Проблемы и перспективы развития мировой добычи сланцевого газа. «Вестник АРГУ» - Актобе, 2013, №2. С. 73-74


Банк реквизиттері:

На казахском


ҚР Білім және ғылым министрлігі

ШЖҚ РМК «Қ.Жұбанов атындағы

Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті»

Білім беру ұйымының тұрғылықты жері:

030000, Ақтөбе қаласы, Ә. Молдағұлова даңғылы, 34

БИН 130840021720

ИИК КZ516010121000182310

БИК – НSВККZKХ

КБЕ 16
ОКПО 52239911
ОКЭД 85420
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ АОФ

Конференцияға қатысушылардың назарына!

Конференцияның ашылуы 2015 жылдың 9 сәуірінде сағат 10-00-де Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті орналасқан Ә.Молдағұлова даңғылы, 34 мекен-жайында, Студенттер сарайында өткізіледі.



Құрметті әріптестер!

Ұйымдастыру комитеті осы ақпаратты университет, институт, білім саласының мамандандырылған ұйымдары мен мекемелеріне таратуға көмек көрсеткендіктеріңіз үшін сіздерге алғысын білдіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет