Ақпаратты іздеу әдістері


Сүзгілерді пайдаланып ақпарат іздеу



бет2/3
Дата01.12.2023
өлшемі109,87 Kb.
#194394
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
Ақпаратты іздеу әдістері

Сүзгілерді пайдаланып ақпарат іздеу
Деректер базасының негізгі мақсатының бірі - қажетті ақпаратты іздеу. Ақпаратты іздеу сүзгілер арқылы жүзеге асырылады.
Деректер базасы кестелерінде сузгі деп аталатын белгілі бір шарттарды қанағаттандыратын жазбаларды іздей аламыз.
Сүзгілер - белгілі бір шартқа немесе шарттар жиынына сәйкес келетін жазбалардың таңдауы. Жазбаларды іздеу шарттары салыстыру операторының көмегімен құрылады: сандық деректер үшін (=, >, <, >=, <=, <>) және мәтіндік деректер үшін (құрамында жоқ, басталады …, басталмайды …, аяқталады … аяқталмайды …).
Сүзгілер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) қарапайым (тек бір өріске арналған жазбаларды таңдау шарттары);
2) күрделі (әртүрлі өрістердің бірнеше шарты).
Күрделі сүзгіні қолдану нәтижесінде бір мезгілде барлық шартты қанағаттандыратын жазбалар көрсетіледі.
MS Excel программасындағы сүзгілер: бір кестедегі жазбалар бойынша деректерді іздеу. Олар бөлек нысан ретінде сақталмайды және оларда есептелетін өрістер жасалмайды.
Функцияларды пайдаланатын ақпаратты іздеу
MS Excel программасында іздеу функцияларын қолданып, қажетті деректерді тез және тиімді табуға болады. Функциялардың комбинациясын іздеу және көрсету проблемаларын шешу үшін ВПР, ИНДЕКС және ПОИСКПОЗ функциялары қолданылады.
Кестедегі жолдар немесе диапазон бойынша деректерді табу қажет болғанда, іздеу функцияларының бірі ВПР-ды қолданамыз. Мысалы, автокөлік бөлшектерінің бағасын оның нөмірімен таба аламыз.
ВПР-дың ең қарапайым функциясы мынадай:
= ВПР (іздеу мәні; мәнді іздестіру диапазоны; қайтару мәні мен диапазондағы бағандардың саны; дәл немесе шамамен сәйкестігі 0 / FALSE немесе 1 / TRUE ретінде көрсетілген).
ПОИСКПОЗ функциясы ұяшықтар диапазонындағы элементтерді іздейді және диапазондағы сол элементтің салыстырмалы орнын қайтарады. Мысалы, егер А1: АЗ диапазоны 5, 25 және 38 мәндерін қамтыса, онда = ПОИСКПОЗ (25; А1: АЗ; 0) формуласы 2 мәнін қайтарады, себебі 25-элемент екінші диапазонда тұр


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет