71. Қорытынды сұраныстар қалай жасалады? Бұл қорытынды сұранысты жасау үшін:
Үлгі бойынша сұраныс бланкісін ашу керек.
Саймандар панеліндегі батырмасын басамыз(бланкіде топтастыру қатары пайда болады.
Бланктің төменгі бөлігіне Модель өрісін көшіреміз.
Баға өрісін 2 рет көшіреміз.
Топтастыру(Группировать) қатарындағы Баға бірінші өрісінде менюді ашып, Max-ды таңдаймыз.
Топтастыру(Группировать) қатарындағы Баға екінші өрісінде менюді ашып, AVR-ді таңдаймыз.
Сұранысты жабамыз.
Қарап шығу режимінде сұранысты ашамыз.
72. Жазбаларды топтастыру деген не? Топтау жазбаларды топ бойынша (мысалы, аймақ немесе сатушы бойынша) ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Топтастыру жазбаларды бір сипаттама (өріс) бойынша біріктіру үшін қолданылады. Мысалы, біз компанияларды, баланстарды және келісім-шарттың басталу және аяқталу күндерін көрсететін клиенттермен жасалған келісім-шарттардың дерекқорын қолданамыз. Әрбір келісімшарт бірегей, бірақ оларды төлем түрлері бойынша топтастыру қажет.
73. Кестелер арасындағы байланыс қалай жасалады? Кестелері арасындағы байланысты орнату үшін Access ДББЖ-нің(деректер базасы асқару жүйесі) Мәліметтер схемасы(Схема данных) деп аталатын арнайы сұхбат терезесі болады.
1. Мәліметтер схемасы(Схема данных) терезесі саймандар панеліндегі батырманы шерту арқылы немесе Сервис - Мәліметтер схемасы(Схема данных) командасы арқылы ашылады.
2. Егер бұрыннан кестелер арасындағы ешқандай байланыс болмаса, онда Мәліметтер схемасы(Схема данных) терезесін ашқанда бірмезгілде Кестелерді қосу(Добавление таблицы) терезесі де ашылады, онда кестелер арасындағы байланыстар құрылымына қосу үшін керек кестелерді таңдау қажет болады.
3. Егер кестелер арасындағы байланыстар әлдеқашан беріліп қойса, онда Деректер схемасына(Схема данных) жаңа кесте енгізу үшін Деректер схемасында(Схема данных) тышқанның оң жақ батырмасын шерту керек, және контекстік менюде Кестені қосу(Добавление таблицы) пунктін таңдау керек.
4. Байланыстыру керек барлық кестелерді Деректер схемасына енгізе отырып, кестелер өрістері арасындағы байланысты жасауға көшу керек