Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы» кафедрасы «операциялық ЖҮйелер» ПӘнінің студенттерге арналған оқУ Әдістемелік кешені көкшетау



бет47/82
Дата23.12.2022
өлшемі3,34 Mb.
#164079
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   82
Байланысты:
УМК ОЖ ИС (1)[1]

5. UNIX жүйесіндегі жоспарлау.
UNIX жүйесін жоспарлау алгоритмі екі деңгейден тұрады. Төменгі деңгейдегі алгоритм жадыдағы бірнеше процестерден жұмысқа дайын процесті таңдайды. Жоғарғы деңгейдегі алгоритм жадыға барлық процестің түсуін жіберілуін қамтамасыз ететін процесті жадыдан дискіге және керсінше алмастырады. Жоспарлаушы ең үлкен үстемділіктен бастап, кезекті іздейді. Бұл кезекте бірінші процес таңдалып, жіберіледі. Бір үстемділік тобына енетін процестер циклдық кезек тәртібімен орталық процессорды ортақ пайдаланылады.
Бақылау сұрақтары:
1. UNIX жүйесінің интерфейстері?
2. UNIX қоршауы?
3. UNIX утилитасы?
4. UNIX жүйесіндегі процесстер?
5. UNIX жүйесіндегі жоспарлау?


25-26 дәріс. UNIX операциялық жүйесі
Дәріс жоспары:
1. UNIX жүйесін жүктеу
2. UNIX жүйесінде жадыны басқару
3. UNIX жүйесінде енгізу-шығару


1. UNIX жүйесін жүктеу.
Компьютер қосылғанда, жүктелетін дисккінің бірінші секторы жадыға оқылады және пайдаланылады. Бұл секторда boot деп аталатын іске қосу автономды программасын жүктейтін кішкене программа бар. Boot программасы іске қосылғаннан кейін жүктелу құрылғысынан түпкі каталогты оқиды. Содан кейін ол операциялық жүйенің ядросын оқып, басқаруды соған тапсырады. Осы мен boot программасы жұмысын аяқтап, кейін жүенің ядросы өз жұмысын бастайды.
2. UNIX жүйесінде жадыны басқару.
UNIX жүйесінің әрбір процесінде: мәтіндік, деректік және стектік деп аталатын үш сегменттен тұратын адрестік кеңістік бар. Мәтіндік сегмент программа кодын орындайтын машиналық командалардан тұрады. Деректер сегменті программалардың айнымалыларынан, жолдарынан, массивтернен және басқа мәліметтерінен тұрады.
Программалар екі бөлігінен тұрады: инициялизацияланған және иницияланбаған деректерден тұрады. Деректер сегментінің инизациацияланған бөлігі программаның жіктелуі кезінде берілуге тиісті компиляторлардың айнымалы және тұрақты мәндерден тұрады.
Өзгертуге болмайтын мәтіндік сегменттен айырмашылығы, деректер сегментер өзгере алады. Программалар өзінің айнымалыларын әрдайым өзгертіп отырады. Көбінесе көптеген программаларда оны орындау кезінде қосымша жадыны динамикалық бөлу талап етіледі. Оны жүзеге асыру үшін UNIX операциялық жүйесі программа жадының бөліну кезінде деректер сегментінің өсуіне және босау кезінде кемуіне мүмкінлік береді. Программа өзінің деректер сегментінің өлшемін brk жүйелік шақыруының көмегімен орната алады. Осылайша, көлемді жадыны алу үшін, программа өзінің деректер сегментінің өлшемін үлкейте алады. Үшінші сегмент-стексегменті. Көптеген компьютерлерде виртуалды адрестік кеңістіктің жоғарғы адресінен басталады да, 0-ге қарай төмен өседі. Программа сегментінің өлшемін анық басқара алмайды. Программа жүктелген кезде, оның стегі бос емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет