Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы» кафедрасы «операциялық ЖҮйелер» ПӘнінің студенттерге арналған оқУ Әдістемелік кешені көкшетау



бет61/82
Дата23.12.2022
өлшемі3,34 Mb.
#164079
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   82
Байланысты:
УМК ОЖ ИС (1)[1]

4. Мәтіндік файлдарды өңдеу.
EDIT файл-аты. Мысалы: edit proba . Осы команда орындалғаннан кейін сіздің файлыңыз MS DOS программасының экранында бейнеленеді. Бұл терезеде мәтінді өңдей беруге болады, яғни өзгерістер енгізуге, керексізін алып тастауға болады..
5. Файлдарды салыстыру.
FC параметрлер файл аты-1 файл аты-2 (екі файлды салыстыру)
FC параметрлер файл аты-1 файл аты-2>файл аты-3 (үш файлды салыстыру)
Параметрлер түрлері:
/L – файлдарды жол бойынша салыстыру режимі;
/B – файлдарды байт бойынша салыстыру режимі
Мысалы: fc dora lira >diff–dora және lira файлдарын салыстыру. Қарама-қайшылықтар туралы есеп беру diff файлында орналасады.
6. Файлдарды біріктіру.
Copy файл аты1 +файл аты2. файл аты3
Бұл команда 1және 2 файлдарды біріктіреді және осы біріктірілген екі файлды басқа атпен 3-ші файлда бейнелейді. Нәтижесін өңдеу командасын орындау арқылы қарап шығуға болады. Мысалы: edit файл аты3
7. Файлдардың атын ауыстыру.
REN файл аты-1 файл аты-2
Мысалы: ren lira dora –lira файлын dora файлына ауыстыру
8. Файлдарды көшіру.
COPY файл аты-1 файл аты-2
Мысалы: copy alla alma –alla файлын alma файлына көшіру (осы каталогте).
9. Файлды баспаға шығару.
COPY файл аты PRN
Мысалы:DIR>PRN –С: түпкі каталогының файлдар тізімін баспаға шығару.COPY PROBA.TXT PRN – түпкі каталогтегі PROBA.TXT мәтіндік файлын баспаға шығару.
10. Файлдарды алып тастау. DEL файл-аты; ERASE файл-аты командалары арқылы да алып тастауға болады.
Мысалы: PRIMER>DEL * . * - PRIMER каталогынан барлық файлдарды алып тастау.
MS DOS-та каталогтармен жұмыс жасау.
1.Каталогтерді құру. MD каталог-аты
Мысалы:MD STUDENT –С: дискісінің түпкі каталогында STUDENT каталогын құру.
2. Қосымша каталогты құру.
Ол үшін сd STUDENT командасы арқылы STUDENT> каталогына көшу керек, осы команданы орындағаннан кейін STUDENT каталогына көшіп және md командасының көмегімен ECONOM көмекші каталогын құрыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет