«Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша


Пәннің негізгі міндеттері



бет31/68
Дата15.09.2017
өлшемі11,18 Mb.
#32608
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68

Пәннің негізгі міндеттері: Білімгерлерді жаратылыстық қорлармен және биосфераның компоненттерімен таныстыру. Қоршаған ортаның ластану себептерімен таныстыру. Биоценоздармен және агробиоценоздармен таныстыру. Топырақ жамылғысымен және оның табиғаттағы пайдаланудағы алатын орнымен, топырақ жамылғысының бүліну үрдістерімен таныстыру. Бүлінген жерлерді баптаудың бағыттарымен және кезеңдерімен таныстыру. Жерді баптаудың әдістерімен және технологиясымен таныстыру. Топырақты зиянды заттармен ластанудан сақтаудың және ластанған топырақтарды тазартып өндіріске пайдаланудың жолдарымен таныстырып оларды іске асыру жолдарын үйрету. Топырақ қорғау шараларын кешенді түрде негіздеуді және қолдануды үйрету. Жерді баптаудың әдістерін дұрыс таңдап алуды үйрету. Баптау жұмыстарын жүргізудің алдыңғы қатарлы технологияларын қолдануды үйрету. Топырақ қорғау, топырақты қалпына келтіру шараларының тиімділігін анықтауды үйрету.

Деректемелер/Пререквизиттер: Мектептегі физикалық география, химия, физика, математика, ботаника, биология пәндері. Жоғары оқу орнында: математика, геодезия, экология, мелиоративтік топырақтану, геология және гидрогеология, мелиоративтік егіншілік, өсімдік шаруашылығы, суару мелиорациясы, ландшафттану және табиғи-техногендік кешендер.

Курстың/пәннің мазмұны: Жерді баптау. Бүлінген жерлерді баптаудың бағыттары. Жерлерді баптаудың кезеңдері. Техникалық баптау. Биологиялық баптау. Жерді қорғау. Топырақ эрозиясы. Су эрозиясы. Жел эрозиясы. Топырақты тұзданудан және батпақтанудан қорғау. Топырақты ластанудан қорғау. Құмдарды бекіту және игеру. Жер заңдарының негізі.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Охрана природы / А.Г.Банников, А.К.Рустамов, А.А.Вакулин; Под ред. А.Г.Банникова – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Агропромиздат, 1985. -287с.

  2. Поляков М.И., Бойко А.Т., Шьедовский П.В. Рекультивация земель и охрана природы. – Минск, Урожай, 1987.

  3. Экология и рекультивация техногенных ландшафтов // Под ред. В.М.Курачева. – РАН Сиб. отд. Инс-та почвоведения и агрохимии. – Новосибирск, Наука, 1992

  4. Охрана природы и природных ресурсов // Под ред. В.Д.Бондаренко. – Львов: Вища школа, Изд-во при Львовском университете, 1985. – 192 с.

  5. Уоллворк К. Нарушенные земли. – М.: Прогресс, 1979. – 269 с.

  6. Охрана природы: Справочник / Митрюшкин К.П., Берлянд М.Е., Беличенко Ю.П. и др. -2-е изд., перераб. и доп. М.: Агропромиздат, 1987. – 269 с.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық, практикалық және зертханалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Құрылыс материалдары және бұйымдары

Пәннің коды: КMВ 3208

Пәннің типі: Базалық цикл, таңдау компонент

Оқу жылы: 3-оқу жылы

Оқу семестрі: 5

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Қаршығаев Р.О. – аға оқытушы

Курстың мақсаты: Бұл пәннің оқытылу мақсаты құрылыс өндірісінде, әсіресе құрылыста қолданылатын материалдардың қасиетіне қарай пайдалана білу. Яғни олардың құрылымына қарай қасиеттерін талдау беру және қайсы жерде қолдануға болатынын білу. Сонымен қатар олардың қалай дайындалатынын, қандай әдіспен жасалатынын айта білу екені шарт. Әр-түрлі материалдардың қасиеттерін білу керек. Пәнді меңгерудің бірде – бір шарты, бұл жоғарғы курстарды оқытылатын арнайы пәндер тығыз байланыстылығы және де бұл пән жалпы теоретикалық пәндер негізіндегі сабақтастығы, атап айтсақ (химия, физика, жоғары математика, материалдар кедергісі және т.б.). Инженер-құрылысшы табиғи құрылыс материалдар өндірісінің теориялық негіздерін конструкциялар өндірісімен байланыстыра білуі керек.

Деректемелері/Пререквизиттері: математика, физика, геометрия, химия.

Курстың/пәннің мазмұны: «Құрылыс материалдары және бұйымдары» пәнін оқып-үйрену құрылыс материалдары мен бұйымдарын, сәулет өнерін, экономика-құрылыс жұмыстарының технологиясын, құрылыс экономикасының негіздерін білуге сол сияқты студенттердің оқу-өндірістік тәжірибесін өткізу кезінде жинақталған білімі мен шеберліктеріне негізделген. Курста құрылыс, құрастырудың жекелеген түрлерінің техникалық негіздері және көтергіш, қоршау, өңдеу өнімдері, басқа да үймереттер мен ғимараттардың арнайы жұмыстарды нақтылығы жүзеге асырудың рет тәртібі, әдістері берілді.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Қ.А. Бисенов, С.С. Үдербаев, Г.С. Абиева. «Құрылыс материалдары», (оқу құралы), Алматы, «Ғылым», 2008ж.

  2. А.Г. Домокеев Строительные материалы: Учеб. Для строит. Вузов. – 2 изд. –М.: ВШ., 1989. -495с.

  3. Микульский В. Г., Горчаков Г. И. и др. Строительные материалы. М: АСВ, 1996, -489 с.

  4. Комар А. Г. Строительные материалы и изделия. М.: , 1988, -487 с.

  5. Чехов А. П., Глущенко В. М. Строительные материалы. Лабораторные занятия. Киев: В. Ш., 1981,- 207 с.

  6. Попов Л. Н. Лабораторные испытания строительных материалов и изделий. М.: В. Ш., 1984, 2-165 с.

  7. Воробьев В. А. Строительные материалы. М.: В.Ш., 1979, -382 с.

  8. Драченко Б. Ф. Ерисова Л. Г. Технология строительного производства. М, 1978, -460с.

  9. Дворкин Л. И. Строительные материалы и детали /практикум/. Киев, 1988, -200 с.

  10. Дворкин Л. И., Пашков И. А. Строительные материалы из промышленных отходов. Киев.: В. Ш., 1980, -141 с.

  11. Воробьев В. А., Комар А. Г. Строительные материалы. М.: В. Ш., 1976, - 478

  12. Журналы: “Строительные материалы”, “Бетон и железобетон” и др.

  13. Құрылыс материалдарына байланысты Мемлекеттік стандарттар.

  14. Бисенов Қ.А., Нарманова Р.А. Құрылыс материалдары мен бұйымдары. 2003 ж.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық, практикалық және зертханалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Кредо

Пәннің коды: Cred 3208

Пәннің типі: Базалық цикл, таңдау компонент

Оқу жылы: 3- оқу жылы

Оқу семестрі: 6

Кредит саны: 1

Дәріс беруші: т.ғ.к. Жақапбаева Г.А. т.ғ.к., аға оқытушы

Курстың мақсаты: Жобалау-сызу жұмыстарын автоматтандыру жүйесін пайдалану арқылы инженерлі ізденістерін өңдеудің, алаңдар мен автожолдарды жобалаудың, жер бетінің сандық моделін жасаудың әдістері мен тәсілдерін оқу “Credo жүйесіндегі жобалау негіздері” пәнінің мақсаты болып табылады. Осы графикалық жүйе арқылы сызудың басқа, әр түрлі салада пайдаланатын күрделі кеңістік, көлемдік конструкцияларын есептеуге және құруға болады.

Деректемелері/Пререквизиттері: Инженерлік геодезия, Компьютерлік біліктілік. Информатика және есептеу техникасы, AutoCAD негіздері.

Курстың/пәннің мазмұны: Credo DAT жүйесі. Credo DAT Plus. Интерфейстің жалпы сипаты. Мәліметтер процедурасы. Импорт. Пункттер. Нақты байланыстар. Теодолиттік жүріс. Экспорт. ASII файылдарымен танысу. Өңдеу процедурасы. Алдын ала өңдеу. Есептеулер процедурасы. Сызбалар процедурасы. DXF планшеті. Сызбаларды шығару. Объектіні шығаруға дайындау. Объектінің бөлігін таңдау. Жазбаша файлдарын шығару. AutoCAD бағдарламасына сызбаны шығару. CREDO жүйесіндегі топографиялық пландардағы шартты таңбалар.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. CREDO «Программный комплекс обработки инженерных изысканий, цифрового моделдирование месности, проектирование автомобильных дорог и генпланов», Том А, общие сведения, Минск 1999 г.

  2. «CREDO_DAT – Система камеральной обработки инженерно-геодезических работ», книга 1 «Инженерно-геодезические и землеустроительные работы», Минск 1999 г.

  3. «CREDO_GEO Объемная геологическая модель месности», книга 2 «Руководство Пользователя», Минск 2000 г.

  4. «CAD_CREDO – Система проектирования автомобильных дорог», книга 1 «Руко-водство Пользователя», Минск 2000 г.

  5. «Система камеральной обработки инженерно-геодезических работ», книга 2 «Подсистема обработки линейных изысканий», Минск 1999 г.

  6. Практическое задание по использованию комплекса CREDO. «Оброботка данных, вводимых с клавиатуры при использовании рукописных журналов и схем», Минск 2001 г.

  7. Практическое задание по использованию комплекса CREDO.«Обработка ин-женерно-геологических изысканий в системе CREDO_GEO», Минск 2000 г.

  8. Практическое задание по использованию комплекса CREDO. «Проектирование горизонтальной и вертикальной планировки участка под задание в системе CREDO MIX», Минск 2001 г.

  9. Практическое задание по использованию комплекса CREDO. «Организация безбумажной технологии с использованием комплекса CREDO», Минск 2000 г.

  10. Маслов А.В., Гордеев А.В., Батраков Ю.Г. Геодезия. Учеб.пособие для вузов. Изд. 4, перераб. и доп.–М.:Недра, 1980. 616 с.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық, практикалық және зертханалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Суару мелиорациясы

Пәннің коды: SM 3302

Пәннің типі: Кәсіптендіру цикл, міндетті компонент

Оқу жылы: 3-оқу жылы

Оқу семестрі: 6

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Қошқаров С.И. – техника ғылымдарының докторы, профессор

Курстың мақсаты: Ауыл шаруашылық дақылдардан жоғары және тұрақты өнімді алу үшін егістік танаптарындағы топырақтық ауалық, сулық және қоректік режимдерін жасау және реттеуді зерттеу, сонымен қатар күрделі табиғи жағдайларда гидромелиоративтік нысандарда табиғатты қорғау шараларын және экономикалық тиімділікті қамтамсыз ететін, ауыл шаруашылық өндіріс саласында нақты мәселелерді шешуге бағытталған білімнің және сол білімді нақты өндірістік жағдайда қолдана білуді үйрету.

Деректемелері/Пререквизиттері: география, физика, математика.

Курстың/пәннің мазмұны: Білімгерлерді топырақтық қолайлы ауалық, сулық және қоректік режимдерін қамтамсыз ететін суару мелиорациясы және суару жүйелерінің түрін негіздеуге үйрету. Мелиоративтік шараларды таңдау және негіздеу үшін орындалатын есептерді дұрыс орындауға, қоршаған ортаны және инженерлік нысандардың жағдайы жайлы мәліметтерді алуға және оны өңдей білуге үйрету. Мелиоративтік-инженерлік есептерді, жерлерді мелиорациялауды нысандарды жобалауды сауатты орындауға үйрету. Болжамдау және инженерлік шешімдерді техника-экономикалық тұрғыда негіздеу арқылы гидромелиоративтік шараларды дұрыс таңдауға үйрету. Мелиорация анықтамасы, мелиорацияның міндеті, мелиорацияның түрлері, мелиорацияның топыраққа және қоршаған ортаға әсері. Қазақстанның табиғи аймақтары және олардың мелиоративтік сипаттамасы. Дақылдардың суару режимі. Ағайынды Алпатьевтің биоклиматтық әдіс. А.Н. Костяковтың дақылды суару режимін анықтаудағы графоаналитикалық әдісі. Ауыспалы егістегі дақылдарды суару тәртібі. Дақылдарды жаңбырлатып, топырақ ішімен, тамшылатып суару әдістері. Күріш дақылының суару тәртібі. Суландыру каналдарының гидравликалық есебі. Қашыртқы-коллектор желісі. Суармалы алқап топырағын тұздан шаю.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Костяков А.Н. Основы мелиорации. М.: Сельхозизд., 1960г.-662с.

  2. Марков Е.С. и др. Сельскохозяйственные гидротехнические мелиорации. М.: Колос, 1981.,-375с.

  3. Марков Е.С. и др. Практикум по сельскохозяйственным гидротехническим мелиорациям. М.: Агропромиздат, 1986.,-368с.

  4. Атақұлов Т.А., Кенебаев Т.С. Ауылшаруашылық мелиорациясы. Алматы, 2000ж.

  5. Мустафаев Ж.С., Умирзаков С.И. и др. Основы сельскохозяйственной мелиоарции (на каз.яз. и русс. яз.) Тараз, Изд «Аква», 2003г.

  6. Бекбергенов К.Ж. Ауылшаруашылық мелиорациясы. (оқулық). Алматы, Кайнар, 1994г.

  7. Зубаиров О.З., Тілеуқұлов А.Т. «Суару мелиорациясы» (оқулық). Алматы, Дайк-Пресс 2010 ж.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық, практикалық және зертханалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз ету және жайылымды суландыру

Пәннің коды: ASKZhS 3302

Пәннің типі: Кәсіптендіру цикл, міндетті компонент

Оқу жылы: 3- оқу жылы

Оқу семестрі: 6

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Шонбаева Ғ.А. т.ғ.к., аға оқытушы

Курстың мақсаты: Ауылшаруашылығын сумен қамту ауылдық тұрғындардың коммуналды-тұрмыстық және мәдени-әлеуметтік жағдайларын жақсартуға, мал шаруашылығын дамытуға және еңбек өнімділігін арттыруға аса қажетті. Бұл пәннің кешенді ауқымдылығы сумен қамту, лас суларды әкету және суландыру жүйелерінде әртүрлі инженерлік құрылымдардың, қондырғылардың көптігін көрсетеді, яғни су көзінен тұтынушыға дейінгі жүйелерде.

Деректемелері/Пререквизиттері: математика, география, жоғарғы математика, геодезия, сызба геометрия, химия, табиғи сулардың сапасын жақсарту.

Курстың/пәннің мазмұны: Сумен қамту және лас су әкету жүйелерінің даму тарихы. Жер бетінде су қорларының бөліну реттері.Қазақстан су қорлары. Сумен қамту жүйелерін, суды көздеріне орай, суды беру тәсіліне орай, жұмсалу мақсатына сәйкес жіктеу. Сумен қамту схемалары. Жер асты суларын шығаратын құрылымдар. Жер асты су көздері. Су тұтыну. Су тұтынушылардың есеп санын анықтау. Елді мекенде, фермада, өндіріс орындарында су тұтыну мөлшерлері. Суды тасымалдау және бөлу. Құбырлардың гидравликалық есептері. Есепті кестелер, теңдеулер, графиктер – оларды пайдалану реттері. Көшелік құбыр желілері. Олардың негізгі схемалары. Гидравликалық есептеулер жүргізу. Сақтаушы сыйымдылықтар.

Реттеуіш және су қорын сақтаушы сыйымдылықтар. Жер теріндегі суларды шығаратын құрылымдар. Судың сапасын жақсарту. Табиғи су көздерін қорғау. Лас суларды әкету жүйелері мен схемалары.



Ұсынылатын әдебиет:

1. В.С.Оводов Сельскохозяйственное водоснабжение и обводнение.- М.: Колос,1984, 480 с.

2. В.Н.Смагин, К.А.Небольсина., В.М.Беляков Курсовое и дипломное проектирование по сельхозводоснабжению.

3. Н.Ж.Жұмағұлов. Сумен жабдықтау.- Алматы, Білім, 1995, 188 стр.

4. Ж.А.Карамбиров. Сельскохозяйственное водоснабжение. – М.: Агропромиздат.

5. В.М.Усаковский. Водоснабжение в сельском хозяйстве. М.: Колос, 1987, 319 с.



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық, практикалық, зертханалық, түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, репродуктивті әдіс, модульдік оқытудың технологиясы, дамыта оқыту әдісі; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың /пәннің/ юниттің атауы:

Сумен жабдықтау және суды бұру жүйесі.



Пәннің коды: SZhSBZh 3302

Пәннің типі: кәсіптік, таңдау пәні

Оқу жылы: 3-оқу жылы

Оқу семестрі: 5

Кредит саны: 4

Дәріс беруші оқытушы: Шонбаева Г.А т.ғ.к., аға оқытушы

Курстың мақсаты: Болашақ инженерлерді қалаларды және елді-мекендерді сумен жабдықтау, су әкету жүйелерімен қамтамасыз ету, осы объектілердегі санитарлы-техникалық жабдықтау қондырғыларымен таныстыру. Сумен жабдықтау, су әкету жүйелерін жобалауын және есептеуін үйрену. Жүйелерде пайдаланатын құбырлар мен ғимараттарды тиімді таңдай білу.

Деректемелері/Пререквизиттері: математика, география, жоғарғы математика, геодезия, сызба геометрия, химия, табиғи сулардың сапасын жақсарту.

Курстың/пәннің мазмұны: Сумен жабдықтау жүйелері мен схемалары. Су шығының режимі. Су тұтыну графигі. Сағаттық есептік шығыны. Қалалық су құбырының торабының түрлері. Магистралдық және тарату құбыр бөліктері. Есепті су тарату схемасы. Торапты гидравликалық есепке дайындау. Әр түрлі су тұтынушы-ларды сумен жабдықтау ерекшеліктері. Жүйе жұмысын есепті жағдайға дайындап таңдау. Құбыр диаметрін таңдау. Арында мұнара және реттеуші сыйымдылықтар. Реттеуші және сақтаушы сыймдылықтардың түрлері.

Айналмалы торапты есептеу әдістері. Суды бұру тораптары. Классификациясы. Елді мекеннен суды бұру жүйесінің негізгі элементері.

Суды бұру жүйесінің схема мен желісі. Суды бұру мөлшері. Есепті шығындар. Қалалық суды бұру жүйесі мен схемасын таңдау. Торапты трассалау. Суды бұру нормасы. Тораптың гидравликалық есебі. Құбырдың әр түрлі кедергіден өтуі (өзен, ойпат жер, темір жол және т.б..). Жаңбыр суын бұру. Суды бұру жүйесінің қондырғысы мен құралдары.>

Ұсынылатын әдебиет:

1. Абрамов Н.Н. Водоснабжение. М.Стройиздат, 1978

2. Тоғабаев Е.Т. Судың сапасын жақсарту. Алматы, ҚазМСҚА. 1999

3. Жумағулов Н.Ж. Сумен жабдықтау. Алматы, ҚазМСҚА.1996 ж.

4. Мырзахметов М.М, Тойбаев К.Д Ластанған суды тазарту. Алматы, ҚазМСҚА.1996 ж.

5. С.В.Яковлев, Я.А.Карелин, А.И.Жуков и др. Канализация. М.Стройиздат,1975.



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық, практикалық, зертханалық, түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, репродуктивті әдіс, модульдік оқытудың технологиясы, дамыта оқыту әдісі; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

лекциялық, практикалық, өзіндік



Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры.
Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Жоба-сметалық құжаттар негіздері

Пәннің коды: ZhSKN 3303

Пәннің типі: Кәсіптендіру циклы, таңдау компонент

Оқу жылы: 3-оқу жылы

Оқу семестрі: 6

Кредит саны: 4

Дәріс беруші: Жүсіпов М.М. – ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Курстың мақсаты: Болашақ су шаруашылығы мамандарға құрылыс немесе қайта салу жұмыстарына, құрылыстық өнімдеріне сметалық құндырын жергілікті объектілі және жинақы сметаларды есептеп ҚР ҚМжЕ сәйкес есептеп анықтау болып саналады. Құрылысқа инвестициялық қаржының мөлшерін анықтауға, құрылыс өнімдеріне бағаны жақсартуға негіз болады. Мердігерлік келісімдер жасау мақсатында, мердігерлік жұмыстарды орындау үшін есептеулер жүргізуге ҚР заңдылықтарына сәйкес орындаушының мердігерлік құрылыс қызметтерін көрсетуге бағыт береді.

Деректемелер/Пререквизиттері: математика, геология және гидрогеология негіздері, топырақтану негіздері, экология және тұрақты даму, информатика, геодезия, гидравлика, тидротехникалық құрылымдар.

Курстың/пәннің мазмұны: Құрылыс өнімдеріне, конструкцияларына және құрылыс материалдарына калькуляция құрып, олардың құрылыстық бағасын анықтау. Құрылыс бөлігіне немесе әр жұмыстар түріне жергілікті смета құрып олардың сметалық құнын анықтау. Жалпы құрылысқа немесе нысаналарға жалпы құнына объектілік немесе жинақы сметаларды есептеп анықтау. Бөлек құрылыс нысаналардың сметалық жұмысын анықтау. Нысаналық сметаларды құру ережелері.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Г.М. Басс. Технико-экономические расчеты. Киев. 1977г.

  2. Основные положения по определению сметной стоимости строительства предприятий, зданий и сооружений, составлению сводных сметных расчетов и договорных цен на строительную продукцию в РК Алматы: Минстрой РК,2001 г.

  3. Справочник проектировщика Москва: Строийздат, 1997 г.

  4. Ю.П.Панибратов и др. экономические расчеты в курсовых и дипломных проектах Москва: Высшая школа, 1944г.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (РЖООЭК – республикалық жоғары оқу орны аралық электронды кітапхана).
4 курс

Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Электротехника және автоматика негіздері

Пәннің коды: EAN 4210

Пәннің типі: Базалық циклы, таңдау компонент

Оқу жылы: 4-оқу жылы

Оқу семестрі: 7

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Баймаханова З. аға оқытушы

Курстың мақсаты: Арнайы пәндерді зерделеу кезінде база болып табылатын, студенттерді электр техникалық және автоматика саласында теориялық және практикалық дайындау, оларға керекті электр техникалық қондырғыларды таңдау, дұрыс пайдалануды, автоматтандырылған және автоматты қондырғылардың электрлік бөлшектерін жобалауға техникалық есептер дайындауды үйрету болып табылады.

Деректемелер/Пререквизиттері: мамандық бойынша арнайы пәндер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет