Сурет 2 Ақпаратты қорғау әдістерінің жіктелуі
Ақпараттық
қауіпсіздікке
қауіп бөлуге
төндіруді мынандай түрлерге болады:
- адамның іс әрекетінен тәуелсіз ( табиғат құбылыстарының ақпараттарға әсер ететін табиғи физикалық қауіптері);
- адамның іс әрекеті арқылы туындайтын (жасанды қауіптер), олар алдынғыларына қарағанда аса қауіпті болып саналады.
Жасанды қауіптер өздерінің туындау жағдайларына байланысты алдын- ала ойластырылмаған ( кездейсоқ ) және алдын -ала ойластырылған (қасақана) болып бөлінеді.
Алдын-ала ойластырылмаған қауіпке жататындар:
- КЖ –ні жобалау кезіндегі қателіктер;
- КЖ-нің бағдарламалық құрылымын жасау кезіндегі қателіктер;
- КЖ-нің аппараттық қондырғыларының, байланыс желілерінің, энергиямен қамтушылардың жұмысы кезіндегі кездейсоқ апаттар;
- КЖ-ні пайдаланушылардың қателіктері;
- КЖ-нің аппараттық қондырғыларына басқа да электрондық қондырғылардың физикалық өрістерінің әсері ( олардың электромагниттік үйлесімділік шарттарының сақталмауы ) және т.б.
ҚАСАҚАНА ҚАУІПТЕРГЕ ЖАТАТЫНДАР: - КЖ-ге қызмет көрсетуші тұлғалардың санкцияланбаған әрекеттері ( мысалға, КЖ-нің қауіпсіздігіне жауапты әкімшілік қызметкерінің қауіпсіздік саясатын әлсіретуі );
- КЖ-нің ресурстарына КЖ-ні пайдаланушылар мен бөгде адамдардың санкцияланбаған енуі, мұндағы келтірілген зиян тәртіп бұзушының іс-әрекетімен анықталады.
КЖ-ДЕГІ АҚПАРАТТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ЖАСАЛЫНҒАН АЛДЫН-АЛА ОЙЛАСТЫРЫЛҒАН ҚАУІПТЕР МАҚСАТЫНА БАЙЛАНЫСТЫ НЕГІЗГІ ҮШ ТОПҚА БӨЛІНУІ МҮМКІН:
- Бүтіндіктің бұзылуына жасалынған, яғни КЖ-де сақталған немесе КЖ-лер арасында берілген ақпаратқа алдын-ала ойластырылған қауіп;
- Бүтіндіктің бұзылуына жасалынған, яғни КЖ-де сақталған немесе КЖ-лер арасында берілген ақпаратқа алдын-ала ойластырылған қауіп;
- Ақпараттың қол жетімділігінің бұзылуына жасалынған, яғни КЖ-ні пайдаланушылардың біреуінің ( тәртіп бұзушының ) алдын-ала ойластырылған әрекетінен туындайтын қызметт етуден бас тарту, бұл жағдайда КЖ- нің кейбір ресурстарына КЖ-ні басқа пайдаланушылар тарапынан ену жабылып қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |