Ақпараттық жүйелерді сипаттаудың сандық және сапалық әдістері


Ақпараттық жүйелерді жобалаудың негізгі түсініктері. Ақпараттық жүйелерді талдау және синтездеу



бет2/4
Дата19.12.2022
өлшемі47,69 Kb.
#163301
1   2   3   4
Байланысты:
13-14
10 семинар, 10 семинар, Документ Microsoft Word, МУ к ПЗ, 20 questions for final f7a5f7d4733649b34b7d378510b79a07 (1), Ты Свет в этом мире, Қазақ тілі кабинетінің паспорты, Автокөліктерді жөндеу технологиясы
Ақпараттық жүйелерді жобалаудың негізгі түсініктері. Ақпараттық жүйелерді талдау және синтездеу.

Жоба бұл бір-бірімен байланысқан, уақыт пен ресурстары шектеулі қызметтердің бағдарлы орындалуын қамтамасыз ететін ерекше қызмет түрі.
Жобаның ерекше белгілері:

  • нақты мақсат;

  • ішкі және сыртқы өзара байланыс;

  • жобаның бекітілген басталу және аяқталу мерзімі;

  • шектелген ресурстар;

  • мақсаттың бірегейлігінің белгілі дәрежесі (жаңалығы);

  • орындалу үдерісінде әр түрлі шиеленістердің болуы.


Жобаларды басқару – бұл жобаға бөлінген ресурстарды пайдалану көлемінде және белгіленген мерзімде мақсатқа жету үшін ұжымның қызметінің мақсатын анықтаушы және ұйымдастырушы ғылым саласы.

Ақпараттық жүйелердің жобасы дегеніміз қандай да бір уақыт аралығында және қойылған есепке немесе алға қойылған мақсатқа жету кезінде орындалатын өзара байланысқан іс-шаралар кешені. Штат санына, уақытқа, жобаның құнына шектеулері бар және сапалы жаңа өнім мен қызметті құру мақсаты жобаға тән. Сонымен бірге, жоба нақты ұйымдастырушылық құрылымның бар болуымен сипатталады.
АнықтамаАқпараттық жүйелерді құру жобасы–шектелген ресурстары, сапалық көрсеткіштері бар жүйені құру үшін бөлінген іс-шаралар кешені.
Жоба көрсеткіштері есептердің мақсаттарынан шығады, негіздемелерді жасау стадияларында анықталады және жобаның іске асуы үшін қолданылады.
Көрсеткіштер:

  1. жобаның орындалу мерзімінің ұзақтығы;

  2. жұмыстың еңбекөнімділігі (жұмыс көлемі);

  3. жобаны жүзеге асыру барысы мен қарқыны (орындалу үдерісі);

  4. құны (шығындар мен жоба нәтижесінің қатынасы);

  5. коммерциялық тәуекелдік;

  6. өміршеңдік қабілеті;

  7. бәсекелестік қабілеті;

  8. қоғамдық және әлеуметтік мәнділігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет