Ақпараттық жүйелерді сипаттаудың сандық және сапалық әдістері


Класс объектілер жиынтығының абстракциясы түрінде беріледі.Мұндағы объектілердің бірдей қасиеттері бар және бірдей қызмет атқарады. Объект



бет4/4
Дата19.12.2022
өлшемі47,69 Kb.
#163301
1   2   3   4
Байланысты:
13-14

Класс объектілер жиынтығының абстракциясы түрінде беріледі.Мұндағы объектілердің бірдей қасиеттері бар және бірдей қызмет атқарады.
Объект- объектіге-бағытталған программалауда класс экземпляры ретінде қарастырылады. Бірдей қасиеттері немесе бірдей функциялары жоқ болмаса, объектілер бір классқа жатпайды.
Жобалауда графиктік нотация қарастырылады:
1.”Мән-мағына байланыс” диаграммасы" (Entity-Relationship Diagrams, ERD)
2.”Функционалды модельдеу” диаграммасы(Structured Analysis and Design Technique, SADT)
3.”Деректер ағашының’ диаграммасы(Data Flow Diagrams, DFD).

Күрделі жүйелерді зерттеу барысында көптеген әртүрлі есептерді шешуге тура келеді. Күрделі жүйелерді зерттеуде кездесетін есептерден екі негізгі есепті бөліп қарастыру керек:


1) талдау (анализ) есебі;
2) синтез есебі.
Талдау есебі жүйенің құрылымы мен параметрлерінің мәндеріне байланысты оның қасиеттері мен бағытын зерттеуге арналған. Бұл есепті шешуде жүйенің құрылымы мен негізгі параметрлерінің мәндері белгілі деп есептеледі. Берілген алғашқы жағдай мен жұмыс істеу шарттары үшін жүйенің функционалдық сипаттаушы параметрлерін (тиімділік көрсеткіштерін, сенімділігін, бөгеуілден қорғалғандығын және т.б.) есептеу және жүйенің тұрақтылығын бағалау (тұрақтылық облысын анықтау) керек.
Керісінше, синтез есебін шешу кезінде жүйенің функционалдық сипаттаушы параметрлері (тиімділік көрсеткіштері, сенімділігі, бөгеуілден қорғалғандығы және т.б.) және жүйенің тұрақтылығы (тұрақтылық облысы) анықталған деп есептеледі. Есепті шешудің нәтижесінде жүйенің құрылымы таңдалынып, оның негізгі параметрлерінің мәндері анықталуы керек. Көпшілік жағдайда бұл есеп экстремум есебі ретінде қойылады. Мысалы, белгілі бір көрсеткіштің (тиімділік көрсеткішінің) максимумын немесе минимумын берілген шектемелер үшін табу, ал шектемелер қалған негізгі көрсеткіштер (сенімділік, бөгеуілден қорғалғандық және т.б.) үшін қойылады.
Күрделі жүйелерді зерттеудегі ең маңызды мәселе басқару ісіне байланысты. Қазіргі заманғы автоматтандырылған басқару кезінде ондаған, кейде жүздеген элементтерден тұратын жүйелермен жұмыс істеуге тура келеді. Бұл жерде жүйенің элементтері туралы информация жинауды, оны өңдеуді өте үлкен жылдамдықпен орындайтын, оңтайлы (оптимальді) жоспарлау мен басқарушы сигналдарды құрастыру функцияларын атқаратын аса күрделі электрондық жабдықтар кешенімен жұмыс істеуге тура келеді.
Мұндай басқару жүйесімен жұмыс келесі функцияларды орындауды қажет етеді:
- күрделі жабдықтың жұмыс істеу процестерін талдаумен байланысты есептерді шешу;
- информация ағындарының құрылымы мен процестерді басқару заңдылықтарын бағалау;
- информация өңдеу алгоритмдерін синтездеу мен оңтайлы (оптимальді) жоспарлау;
- алгоритмдерді орындауды жүзеге асыратын техникалық құралдарды таңдау;
- жабдықтың параметрлерінің мәндерін негіздеу;
- олардың тиімді жұмыс істеу режимдерін анықтау және т.б.
Басқару ісінің бұл функцияларын атқару үшін пайдаланылатын құралдарды негізінен екі топқа бөлуге болады екен:
- техникалық немесе аппараттық жабдықтар (электрондық есептегіш машиналар мен олардың сыртқы (перифериялық) құрылғылары, байланыс желілері мен құралдары, өлшегіш приборлар және т.б.;
- программалық немесе математикалық жабдықтар.
Бірінші топқа жататын құралдар жүйедегі жұмыс процесін және оның алгоритмін физикалық түрде жүзеге асыруға арналған болса, ал екінші топтың құралдары информация жинау, сақтау мен өңдеу арқылы басқару ісін оңтайлы орындауды, ол үшін қазіргі заманғы информациялық (ақпараттық) технологияларды пайдалануды қамтамасыз етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет