Тақырып. Бөлімшелерді басқару және ұрыста атысты басқару



бет1/7
Дата19.10.2023
өлшемі335,12 Kb.
#186627
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Тактика 800100-3-такырып
?аза?стан Республикасы Білім ж?не ?ылым министрлігі, 10-saba -jelektr-tizbegi-degenimiz-ne, тжа, Т және ИЖӘ, 6-2-готово, Саптық д-қ №1-2, Т және ИЖӘ, 6-1-готово, Т және ИЖӘ, 5-2-готово, Т және ИЖӘ, 8-1

  1. тақырып. Бөлімшелерді басқару және ұрыста атысты басқару.

1 сабақ. Бөлімшелерді және ұрыста атысты басқару негіздері.

Оқу сұрақтары:
1. Ұрыста бөлімшелерді басқару туралы жалпы түсінік. Бөлімшелерді басқарудағы командирдің ролі. Басқару құралдары және тәсілдері.
2. Әртүрлі жағдайда ұрысты ұйымдастыру бойынша командир жұмысының жалпы тәртібі мен мазмұны. Жергілікті жерде топографиялық және тактикалық бағдарлау тәртібі.
3. Бөлімшені және ұрыста атысты басқарудың маңызы мен шарттары.


1-ші оқу сұрағы. Ұрыста бөлімшелерді басқару туралы жалпы түсінік. Бөлімшелерді басқарудағы командирдің ролі. Басқару құралдары және тәсілдері.
Бөлімшелерді басқару взвод (бөлімше, танк) командирінің взводтың (бөлімшенің, танктің) жауынгерлік әзірлігін ұстау, оны ұрысқа даярлау және қойылған міндеттерді орындау кезінде оларға басшылық ету жөніндегі мақсатқа бағытталған жұмысынан тұрады.
Взвод (бөлімше, танк) командирі взводтың қару-жарақ пен әскери техниканың ұрысқа жауынгерлік әзірлігі, даярлығы және жауынгерлік міндетті белгіленген мерзімде табысты орындау үшін, сондай-ақ жеке құрамның әскери тәрбиесі, тәртібі, моралдық-психологиялық жай-күйі және халықаралық гуманитарлық құқық ережелерін, соның ішінде соғыс іс-қимылдарын жүргізудің халықаралық ережелерін сақтау үшін толық және дербес жауапты болады. Ол әрқашанда оған бағынысты бөлімшелердің қайда екенін, қандай міндеттерді орындайтынын, не қажет екенін және олардың моралдық-психологиялық жай-күйін білуі тиіс.
Басқару тұрақты, жедел, үздіксіз және жасырын болуы тиіс.
Басқарудың тұрақтылығы оны тиімді қолдануды қамтамасыз етуден және күрделі тактикалық ықпал ету жағдайларында:
- жеделдікті, үздіксіздікті, жасырындықты сақтаудан тұрады. Оған оның қорғалуын және қалпына келтіруді арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырумен және жүргізумен;
-басқару пункттерін мұхият бүркемелеумен және фортификациялық жабдықтаумен;
-басқару күштері мен құралдарын құрумен қол жеткізеді.
Басқару жеделдігі міндетті орындау барысында қалыптасқан жағдай бойынша шешімдерді уақытылы қабылдаудан және іске асырудан тұрады.
Басқарудың үздіксіздігі взвод (бөлімше) командирінің бөлімшелердің іс-қимылдар барысында ұдайы ықпал ету, бағыныстыларға міндеттерді уақытылы қою және олардан жағдай туралы ақпаратты алу қабілетінен тұрады.
Басқарудың жасырындылығы қарсыластан бөлімше командирінің жауынгерлік реттегі орындарын және басқару белгілерінің мазмұнын жасырудан тұрады.
Ұрыста взвод (бөлімше) командирі ұрыс барысын бақылауы, қарсыласқа барлау жүргізуі, бағыныстыларға уақытылыміндет қоюы, қарсыласқа тойтарыс берудің барлық атыс құралдарын шебер қолдануы шебер қолдануы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет