Бөлімшелердің жаяу ретімен және техникада әртүрлі құлдилық кезіндегі қозғалыс жылдамдығы
Қозғалу объекті
|
Қозғалыс жылдамдығы (км/с) ылди құлдилығы кезінде, градус
|
3-6
|
6-10
|
10-13
|
15-20
|
Бөлімшелер жаяу ретімен
|
6-5
|
5-4
|
4-3
|
3-2,5
|
Өту мүмкіндігі жоғары автомобиль
|
20-15
|
16-12
|
12-8
|
8-5
|
Шынжыр табанды тартқыш тіркемемен
|
12-10
|
10-7
|
7-5
|
5-3
|
Танк
|
15-12
|
12-10
|
10-6
|
6-4
|
Кестеге ескерту: Ылғалданған жертопырақта қозғалыс жылдамдығы 1,5-2 есе төмендейді.
Қолжетімді ылдилардың құлдилығы:
өту мүмкіндігі жоғары автомобиль үшін - 20-30;
тіркемемен шынжыр табанды тартқыш үшін -17-30;
танк үшін - 30-35° (қысқа көтерілісте 5-10 м - 40дейін).
Соққы толқынының ылдида тұрған жеке қүрам және техникаға зақымдауыш әрекетін ашық жердегімен салыстырғандағы күшейту немесе әлсірету деңгейі туралы 6.6 кестеде берілген деректер бойынша байқауға болады.
Ылди құлдилығы, град.
|
Соққы толқынындағы қысымныц өзгеру коэффициенті
|
алдыңғы ылдида
|
кері ылдида
|
10
|
1,1-1,2
|
1,0
|
10-15
|
1,2-1,4
|
0,9
|
15-30
|
2,0
|
0,7
|
45
|
2,5
|
0,5
|
6.6 кесте - Соққы толқынының зақымдауыш эрекеті деңгейі
Жергілікті жерді инженерлік жабдықтау шарттары жер топыраққа, жер асты суларының деңгейіне, құрылыс материалдарының бар болуына, сондай-ақ табиғи және жасанды тасалар мен кедергілер сипатына байланысты болады.
Жергілікті жердің негізгі түрлері (әртүрлілігі), олардың тактикалық қасиеттері.
Бақылау шарттарына бойынша жергілікті жер ашық, жартылай жабық және жабық болып бөлінеді.
Ашық (жазық) жергілікті жер (6.28 сурет) жер бетінің айқьш көрінген қыртыстарының жоқ болуымен, ылдилардың шағын салыстырмалы асуларымен (25 м дейін) және салыстырмалы аз құлдилығымен (2°-қа дейін) сипатталады.
6.30 сурет. Жартылай жабық (адыр, орташа ойлы-қырлы) жергілікті жер
(6.28 сурет). Ашық (жазық) жергілікті жер
Жартылай жабық (адыр, орташа ойлы-қырлы) жергілікті жердің аумағының шамамен 20% табиғи кедергілер орналасқан (6.30 сурет). Бұл жақсы қоныстанған жергілікті жердің кеңінен таралған түрі. Жергілікті жердің бедері әдетте адыр, сирек - жазық. Бұндай жергілікті жер ядролық және қарапайым түрдегі қарудың зақымдаушы қасиеттеріне қатысты қолайлырақ болады.
Жабық жергілікті жер бақылаудан табиғи бүркемемен жақсы тасалайды, бөлімшелердің жасырын қозғалысы мен маневрін жеңілдетеді, ядролық және қарапайым қарудың зақымдауыш әрекетінен қорғау бойынша іс-шараларды табысты өткізуге ықпал етеді. Сонымен бірге, жабық жергілікті жерде атысты жүргізу тиімділігі шектеледі, бақылау, бағдарлану және нысананы көрсету қиындатылады, бөлімшелерді басқару және өзара әрекеттесуін ұйымдастыру айтарлықтай қиындатылады.
Жергілікті жердің тактикалық қасиеттерінің маусымдық өзгерістері. Жергілікті жердің тактикалық қасиеттері жыл бойы маусымдық өзгерістерге ұшырайды. Бір ғана жергілікті жер жылдың әр мезгілінде әртүрлі өту жағдайына, әр түрлі бағдарлану, бүркеніш, бақылау және инженерлік жабдықтау шарттарына ие.
Жергілікті жердің көктемдегі және күздегі тактикалық қасиеттері.
Көктем мен күзге лайсаң, тасқын су және сел тең. Көктемгі мен күзгі лайсаң кезеңінде топырақты жоғарғы қабаты аса ылғанады, өзінің бекімділігін жоғалтады, өте тұтқыр болады. Қозғалыс жолдан тыс қана емес, барлық қара жолдар бойынша қиындатылады. Тасқын су кезінде ауқымды кеңістікте алқаптарды су алу мүмкін. Арқалық пен ойпаттарда уақытша ағын сулар пайда болады.
Көктемде және күзде ауа температурасының кұрт ауытқуы, үлкен бұлттылық, жиі тұмандану, қатты жел байқалады. Бұның барлығы бақылау және нысананы көрсету жағдайын нашарлатады.
Жергілікті жердің қыстағы тактикалық қасиеттері. Қыс мезгілі үшін, ең алдымен, топырақтың қатуы, өзендер мен басқа да су қоймаларында мұз қатуы, қар жауынына тәң. Жол желісі қыста, әдетте, қысқарады. Көптеген жолдарды, әсіресе қара жолдарды, қар басады және олар дөңгелекті машиналар үшін өтілмейтін болып қалады. Тас жолдары бойынша қозғалу жылдамдығы төмендейді, әсіресе мұз қату және қар басу кезеңдерінде.
Ұзақ уақыт бойы төмен температуралар сақталу жағдайында топырақтың терең қатуы пайда болады. Қату кезінде олар өте тығыз және мықты болады. Нәтижесінде жазғы кезеңде өтуі қиын және өтілмейтін жолдан тыс жергілікті жер қыста ұрыс және басқа да техника үшін жеңіл өтілетін жерге айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |