Ақпараттық жүйелерді жобалаудың негізгі түсініктері. Ақпараттық жүйелерді талдау және синтездеу.
Жоба – бұл бір-бірімен байланысқан, уақыт пен ресурстары шектеулі қызметтердің бағдарлы орындалуын қамтамасыз ететін ерекше қызмет түрі.
Жобаның ерекше белгілері:
мақсаттың бірегейлігінің белгілі дәрежесі (жаңалығы);
орындалу үдерісінде әр түрлі шиеленістердің болуы.
Жобаларды басқару – бұл жобаға бөлінген ресурстарды пайдалану көлемінде және белгіленген мерзімде мақсатқа жету үшін ұжымның қызметінің мақсатын анықтаушы және ұйымдастырушы ғылым саласы.
Ақпараттық жүйелердің жобасыдегеніміз қандай да бір уақыт аралығында және қойылған есепке немесе алға қойылған мақсатқа жету кезінде орындалатын өзара байланысқан іс-шаралар кешені. Штат санына, уақытқа, жобаның құнына шектеулері бар және сапалы жаңа өнім мен қызметті құру мақсаты жобаға тән. Сонымен бірге, жоба нақты ұйымдастырушылық құрылымның бар болуымен сипатталады.
АнықтамаАқпараттық жүйелерді құру жобасы–шектелген ресурстары, сапалық көрсеткіштері бар жүйені құру үшін бөлінген іс-шаралар кешені.
Жоба көрсеткіштері есептердің мақсаттарынан шығады, негіздемелерді жасау стадияларында анықталады және жобаның іске асуы үшін қолданылады.
Көрсеткіштер: жобаның орындалу мерзімінің ұзақтығы;
жұмыстың еңбекөнімділігі (жұмыс көлемі);
жобаны жүзеге асыру барысы мен қарқыны (орындалу үдерісі);