Ақпараттық өңдеу құрылғысы



бет10/18
Дата12.12.2023
өлшемі0,64 Mb.
#196320
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ по микропроцессорам

§8. IP адрестеу
Желі түйіні - IP хаттамасын қолдайтын желіге қосылған компьютер. Оның бір немесе бірнеше IP-интерфейсі бар болады, әр интерфейстің дербес IP-адресі бар.
IP-адрес – бұл айрықша 32 битті идентификатор. IP-адресті нүктемен ажыратылған ондық сандар түріне келтірілген октеттерге (8 бит) бөліп жазу қалыптасқан.
IP адрес форматы
Екілік Ондық
10100000.01010001.00000101.100000Н 160.81.5.131
Интернетте әр IP адрес бірегей болыу тиіс. Егер сіздің компанияыңызда TCP/ IP хаттамасы қолданылып Интернетпен байланыс болмаса, онда IP адрестерді бекіту және қолдану қиындық туғызбайды. Сіз өз қажеттеріңізді қамтамасыз ететін адрестерді таңдауыңызға болады. Ал егерде сіздің компания желісі Интернетпен байланысатын болса, онда бұл IP адресті тағы біреу қолданбайтынына көз жеткізу қиындыққа түседі.
Интернеттегі адрестерді бекіту және тарату үшін InterNIC (Internet Information Centre – Интернеттің желілік ақпараттық орталығы) жауап береді. InterNIC Интернеттегі әр адресті қадағаламайды. Оның орнына ол әр мекемеге ішкі желіде қажетті түйін құруға мүмкіндік беретін желілік идентификатор тағайымдайды. Мекеме өз ішкі желісінде түйіндер идентификаторлар өз қалауынша орнатады.
IP адрес класстары
1. А класы.
0
0-127 X X X
желі түйін
А класы желісін анықтау үшін тек бірінші октетті пайдаланады, ал қалған үш октет түйінді анықтау үшін пайдаланылады.
Бұл класс адресінің бірінші октет жоғарғы биті әрқашан нөлге тең. Желілік бөлігінің өлшемі - 8 бит, сондықтан А класының 27-1 желісін адрестеуге болады және әр желіде 224-2 адрестік кеңестік бар. Бұл класс адрестері желі өте көп түйінді қолдана алатындықтан бұлар өте үлкен мекемелерге беріледі. Бұл адрестердің көбісі бірнеше жылдар бұрын мекемелерге, мысалы, әскери, бекітілген.
2. В класы.
10
128 - 191 N X X
желі түйін
В класы желісін анықтау үшін алғашқы екі октетті пайдаланады, ал қалған екі октет түйінді анықтау үшін пайдаланылады.
Бұл класс адресінің бірінші октет жоғарғы екі биті әрқашан 10-ге тең. Желілік бөлігінің өлшемі - 14 бит, сондықтан В класының 214 желісін адрестеуге мүмкіндік береді және әр желіде 216-2 адрестік кеңестік бар. Бұл класс адрестері орташа немесе үлкен желілерге арналған, бұл адрестерді алу қиын болғанымен әлі де кейбіреулерін бекітуге болады.
3. С класы.
110
192 - 223 N N X
желі түйін
С класы желісін анықтау үшін алғашқы екі октетті пайдаланады, ал соңғы октет түйінді анықтау үшін пайдаланылады.
Бұл класс адресінің бірінші октет жоғарғы үш биті әрқашан 110-ге тең. Желілік бөлігінің өлшемі - 21 бит, сондықтан В класының 221 желісін адрестеуге мүмкіндік береді және әр желіде 28-2 адрестік кеңестік бар. Бұл класс адрестері кіші желілерге арналған. 
4. D класы.
1110
224> X X X
желі түйін
D класы кеңтаралатын хабарламалар үшін қолданылады. Бірінші октет жоғарғы төрт биті әрқашан 1110-ге тең.
5. Е класы.
1111
225> N N X
сеть түйін
Е класы - экспериментті, болашақта қолдануға арналған.
Бұл класс адрестерінің бірінші октет жоғарғы биттері әрқашан 1111-ге тең 
5 кесте. IP адрестерді классификациялау
Класс Жоғарғы биттер Бірінші октет диапазоны Желілер саны Түйіндер саны
А 0 1-126 126 16 777 214
В 10 128-191 16 384 65 534
С 110 192-223 2 097 152 254
IP адресті таңдау ережелері.
• Жоспарлаңыз. Сіздің желінің дамуын қамтамасыз ететін класты таңдаңыз.
• Адрестің білегей екенін қадағалаңыз. Маршрутизаторға қосылған әр сегменттің жеке желі идентификаторы болуы керек.
• Арнайы мақсаттар үшін бекітілген адрестерді қолданбаңыз. Мысалы, А класының 127 желілік адресі диагностикалық мақсаттар үшін бекітілген. Бекітілген адрестер тізімін http//ds.internic.net адресі бойынша көруге болады.
• IP адрес ретінде 0 (нөлдерден тұратын октет) және 255 (бірліктерден тұратын октет) қолдануға болмайды.
Классыз модель
Адрестік кеңестікті тиімді пайдалану үшін IP адресацияның CIDR(Classless Inter-Domain Routing классыз доменаралық маршрутизация) жаңа схемасы құрылды. 
Интернетке қосылған жеркілікте желі 2000 компьютерден тұрады делік. Сізге қосылу үшін С класының 8 адресі немесе В класының бір адресі қажет. Бірақ В класында 65534 түйін — бұл керекті мөлшерден тым көп. Егер С класының 8 адресін пайдаланса, бұл желілерді қосқанда трафик шадмадан иыс болады. 
Екінші жағынан, біз 32-ні 21 және11 деп бөлсек, 211=2046 адрес болады, яғни, онда 21 битті адресті бір желі болады да, оған қызмет ету үшін маршруттар кестесінде тек бір жазба қажет болады. Адрестік кеңестікті бөлу процессін жеңілдету үшін ішкі желі маскасы арналған.
Ішкі желі – IP адрестің желі идентификаторы бөлігінен түйін идентификаторы бөлігіне бірнеше бит ауыстыру арқылы анықталған желі.
Ішкі желі маскасы – желіне анықтау ішін адресте қанша бит қолданылатынын білдіретін 32-битті адрес.
Желілік маска келесі ережелер бойынша құрылады:
1) желіні анықтайтын биттер 1-ге тең.
2) түйінді анықтайтын биттер 0-ге тең.
CIDR моделінде IP адресті жазу ыңғайлы болуы үшін, оны a.b.c.d./n түрде көрсетеді, мұндағы a.b.c.d - IP адрес; n – желілік бөлігіндегі биттер саны. Мысалы,. 137.158.128.0/17 IP адрес берілген, сондықтан, ішкі желі маскасында 17 бірлік (желі идентификаторы) және 15 нөлдер (түйін идентификатор ы) болады және де ол 255.255.128.0. тең болады.
IP адрес белгілі болса, ішкі желідегі түйін нөмірін қалай анықтауға болады? Мысалы, С класының 205.37.193.134 IP адресі берілген болсын, желі нөмірі 134. Енді желіні ішкі желіге келесідей 205.37.193.134/26 бөлейік. Бұл жағдайда түйін адресі қандай?
ІР адрес Желі идентификаторы Түйін идентификаторы
Түйіннің
ІР-адресі 205.37.193.134 11001101.00100101. 11000111. 10000110
Ішкі желі маскасы 255.255.255.192 11111111.11111111.
11111111.11 000000
«Және» логикалық амалының нәтижесі 205.37.193.128 11001101.00100101. 11000111.10 000110
Нәтижесінде ішкі желінің IP адресі 205.37.193.128. болады, ал осы ішкі желідегі түйін нөмірі 6-ға тең. Үнсіз келісім бойынша маскалар
• А класы үшін - 255.0.0.0;
• В класы үшін - 255.255.0.0;
• С класы үшін - 255.255.255.0.
Сізге NIC 192.168.24.0 IP адресін бекітті дейік. Сізде үш желі бар. Ішкі желіге бөлу үшін қандай масканы қолданған дұрыс. 255.255.255.224 маскасы ұсынылады, себебі бұл жағдайда желі идентификаторы бөлігінде үш бірлік болады, сондықтан 23-2=6 ішкі желі және 25-2=30 ішкі желі түйіндерін адрестеуге болады.
Сонымен, ішкі желіге бөлу келесі мәселелерді шешу үшін қолданылады:
• желі қуаттылығының физикалық шектелуінен айрылу (желілік архитектураларда желідегі түйін санына шектеулер бар);
• түйіндерді байланыстыру үшін әр түрлі әдістерді қолдану (түрлі архитектуралы желілерді маршрутизатор арқылы қосуға болады).
Ішкі желіге бөлу этаптары:
• Желі идентификаторлардың жалпы қажетті санын анықтау. Желінің болашақта дамуын естен шығармаңыз.
• Әр ішкі желі қолдайтын түйін идентификаторларының жалпы санын анықтау.. Желіге жаңа түйіндер қосылу мүмкіндігін ескеріңіз.
• Ішкі желіде қажетті желі және түйін идентификаторлар санын қолдайтын ішкі желі маскасын анықтаңыз.
• Желі идентификаторларының қайсысы қолданылады екенін анықтаңыз.
• Ішкі желіде түйін идентификаторларын бекітіңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет