Түйінді сөзім
Қандай әдісті қолдансаң да ол оқушының білімді меңгеруіне ықпалы тиуі керек. Осыдан шығатын қорытынды мынадай:оқушылардың өздігінен жұмыс жасау қабілеті жоғарылайды, танымдық белсенділігі артады, ұжымдық қарым-қатынастар арқасында қоғам дағдылары жетілдіріледі. Шығармашылық қабілеттері артады. Ақпараттық оқыту технологиясының элементтерін сабақта да қолдануға болады. Мысалы: жаңа сабақтағы жаңа деректерді презентациямен көрсету, проблемалық сұрақ бойынша шағын баяндама жазу, ертегі құрастыру, альбом жасау, ребус және сөзжұмбақ құрастыру, рольдік ойындар т.б. осындай көрнекіліктердің орнын презентациямен толықтырып жатсақ несі айып?
Әрбір балаға жеке адам ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескерее отырып, оқушының білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, дидактикалық дүниетанымын, өмірлік мақсат-мүдесін айқындауға, жеке басылық қасиеттерін дамытып, оның қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу мектеп өміріндегі үздіксіз тәрбие процесінің жемісі болмақ.
Мен мына «Абай тағылымы» атты сабағымды келтіре отырып, презентацияны орынды қолданудың оқушы білімі мен білгенін дамытуға қаншалықты көмегі тигендігін көрсеткім кеп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |