Жоспары
Кіріспе
Ақпараттық оқыту технологиясының маңыздылығы
Негізгі бөлім
2.1. Презентацияны сабақта қолданудың оқушының дара қасиетін дамытудағы ерекшелігі
2.2. Презентацияның сабақтың тиімді өтуіне маңыздылығы /1 сабақ/
3. Қорытынды
Соңғы жылдарың ішінде мектепте жаңа технологияларды кеңінен қолдану орын алып отыр.Қазіргі оқыту үрдісінің мақсаты оқушыны жан-жақты қалыптасқан, бәсекелестікке бейім жеке тұлға тәрбиелеу.Әрине сабақта әртүрлі жаңа технологиялар және олардың бөлшектері қолданылады.Бірақ оқушылардың білімді игеруінде біраз проблемалар туындайды.Солардың ішінде мынадай өзекті мәселелерді атап айтуға болады:
Оқыту үрдісінде өздігінен жұмыс орындаулары төменгі деңгейде;
Берілген тапсырманы дұрыс қабылдамау және оны толық жүйелі түрде орындамау,
Алған білімдерін басқа салаларда қолдана алмауы;
Жоғарыда аталған жағдайларды ескеріп, сабағыма ақпараттық технологияның оқыту әдісін қолданып жүрмін. Ақпараттық оқыту әдісі педагогикада жаңалық емес. Мысалы: оқушыларды жобалау әдісі бойынша тапсырмалар беріп, материалдар жинақтауға бейімдеймін. Сол жинақталған материалдарын презентация жасап толықтырып, ғылыми жұмыс жасауға негіздеймін. Бұл- жобалау әдісі. Бұл әдіс 1920 жылдары АҚШ-та пайда болған.Бұл әдістің авторлары американдық ғалымдар Д.Дьюи мен У.Килпатрик. Джон Дьюидің айтуынша, «баланың дамуы, оның тәжірибесін жетілдіру-тәрбиенің негізгі мақсаты. Мектеп өмірден қол үзбеу керек, оқыту тәрбиеден. Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың жеке басының белсенділігіне арқа сүйеу қажет, оны жан-жақты дамытып және ынталандырып отыру керек. Тәрбие мен оқыту теориялық түрде емес, нақты практикалық істерді орындау үрдісінде іске асады, онда балалар дүниені танып қана қоймайды, сонымен қатар бірге жұмыс істеуге, қиындықтар мен түсінбеушіліктерді жеңе білуге үйренеді.Осындай мектептер өмірге жақсы икемделген адамдарды тәрбиелей алады. Оқу-тәрбие үрдісінің негізіне-баланың қызығуы жатуы тиіс» делінеді. Жоба- латын тілінен аударғанда «алға жылжу» деген мағынаны береді. Жоба-мұғаліммен ұйымдастырылған және оқушымен өзбетінше проблема шешудегі жүзеге асырылған іс-әрекеттер жүйесі. Бұл әдіс жеке бағдар беру технологиясының бірі. Мұнда оқушылардың танымдық дағдыларын дамыту, өз білімін өздігінен қолдану біліктілігін қалыптастыру, ақпараттық кеңістікте бағдарлау, сын тұрғысынан ойлауларын дамыту жатады. Жобалауға оқыту әдісі соңғы жылдары оқыту үрдісінде кеңінен орын ала бастады. Бұл әдіске қызығушылықтың себебі оқыту үрдісімен оның нәтижесіне жаңашыл көзқараспен қарау. Жобалауға оқыту әдісі – қазіргі білім берудегі талаптарға сай әдіс. Бұл әдісті қолданғанда балалар тек қана өздерінің іс-әрекеттерін жоспарлап қана қоймай, сол жоспарларын жүзеге асыру үшін жаңа әдіс-тәсілдерді ойлап табады. Бірнеше саладан алған білімдерін бір міндетті шешуге қолданады, табылған нәтижелерді талдап, болжаммен салыстырады. Осы талдаудың нәтижесі арқылы жаңа міндет қояды. Жауапкершілікке тәрбиелейді, бастаған істі аяқтауға баулиды. Бұл әдістерімнен мен презентацияның оқушы үшін де, мұғалім үшін де алатын орны ерекше дер едім.
Аталған әдіс бала жаратылысына тән: білуге құмарлық, байқау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізу сияқты бала әрекетіндегі жеке қасиеттерін ашуға жағдай жасайды. Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері абстрактілі тәсіл қолдануға мүмкіншілік бермейді.Сондықтан сабақта өзіндік жұмыстардың элементтерін қолдануға тырысамын. Олар бір тақырыпқа негізделген хабарламалар, шағын әңгіме құрастырып, кітапша жасау, фотосуреттер жинау,сахналық көрініс көрсету.Осылардың бәрі жоба өніміне жатады.Өзінің іс-әрекетін жоспарлауды тек қана кейбір оқушылар ғана істей алады.Басқаларға көмек керек. Жоба тақырыптары тікелей пәндік мазмұнымен байланысты.Себебі, көрнекілік-образды ойлау, қоршаған әлемге қызығушылық таныту-бұл жастағы балалардың тақырыпты таңдауда нақты пән бойынша алған білімге сүйенеді.жобалауға оқыту әдісін бастауыш сыныпта қолдану тікелей мұғалімнің көмегімен жүзеге асырылады.Бұл жұмысқа ата-аналарды да қатыстыруға болады.Бастауыш сыныпта ғылыми жобаға презентацияны қолдануды төмендегідей жүйе бойынша жүзеге асыруға болады
Достарыңызбен бөлісу: |