Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға жəне кəсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», — деп білім беру жүйесін одан əрі дамыту міндеттерін көздейді. Ақпараттық қоғам жағдайында болашақ химия мұғаліміне ақпараттық білім негіздерін игерту, ақпараттық-телекоммуникациялық технология (АТТ) құралдарын өзіндік білім алуға қолдану мен оның мүмкіндіктерін кəсіби қызметтеріне танымдық жəне дидактикалық құрал ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастыру қажеттігі туындайды. Олай болса, бұл қоғам кез келген болашақ химия мұғалімінен өз пəнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық-əдіснамалық, нормативтік-құқықтық, психологиялық-педагогикалық, дидактикалық, əдістемелік тұрғыдан ақпараттық сауатты жəне ақпараттық технология (АТ) құралдарының мүмкіндіктерін жан-жақты игерген ақпараттық құзырлылығы қалыптасқан маман болуын талап етіп отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің міндеттері ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға жəне кəсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кəсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отырған қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды енгізу жəне тиімді пайдалану», — деп атап көрсеткен. Қазіргі уақытта əрбір мұғалімнің алдына қойылып отырған міндетттердің бірі — оқытудың əдіс-тəсілдерін үнемі жетілдіріп отыру, жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан- жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кəсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық жəне басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына əсерін тигізеді, əрі өзін-өзі дамытып, оқу-тəрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Яғни жаңа технологияларды меңгеру жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруға қойылатын негізгі талап болып отыр. Ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды қолдану арқылы жаңа тұрпатты мұғалімді дайындаумен қатар, мұғалімдердің болашақ кəсіби қызметінде ақпараттық- телекоммуникациялық технологияларды еркін қолдана алатын дəрежеге жеткізуге болады. Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет — білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа əдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын жаңашыл мұғалімдерді даярлау.
Химияны оқытуда жаңа ақпараттық-телекоммуникациялық технологияны пайдалану мақсаттылықты жəне əдістемелік негізділікті қажет етеді. Егер информатиканы оқытуда компьютерді қолдану қабілеті мақсат болса, онда химияны оқытуда — бұл оқыту үдерісін байытып, студенттің тұлғалық дамуы мен қарым-қатынастың жаңа мəдениетін қалыптастыра отырып, мұғалімнің педагогикалық шеберлігін дамытуға септігін тигізетін, химиялық білім берудің оқыту мақсаттарына жетудің құралына айналады [1].
C.Г.Гpигopьeв пeн В.В.Гpиншкун aқпapaттық жəнe тeлeкoммуникaциялық тexнoлoгияғa төмeндeгiшe aнықтaмa бepeдi: «Aқпapaттық жəнe тeлeкoммуникaциялық тexнoлoгиялap — aқпapaтты жинaу, caқтaу, өңдeу, бeйнeлeу жəнe тacымaлдaудың түpлi əдicтepi, тəciлдepi мeн aлгopитмдepiн cипaттaйтын жaлпылaмa ұғым».
«Aқпapaттық-тeлeкoммуникaциялық тexнoлoгиялap — кoмпьютepлiк тexникa нeгiзiндe aқпapaтты жинaу, caқтaу, өңдeу жəнe тacымaлдaу icтepiн қaмтaмacыз eтeтiн мaтeмaтикaлық жəнe кибepнeтикaлық тəciлдep мeн тexникaлық құpaлдap жиыны». Жoғapы бiлiм бepудe aқпapaттық- тeлeкoммуникaциялық тexнoлoгиялapдың жиi кeздeceтiн ocы aнықтaмacы кeңiнeн қoлдaнылaды. Aқпapaттық-тeлeкoммуникaциялық тexнoлoгиялap қaзipгi oқыту тexнoлoгияcын интepaктивтi бaғдapлaмaлық-əдicтeмeлiк cүйeмeлдeумeн қaмтaмacыз eтeтiн кoмпьютepлiк тexникa, тeлeкoммуникaциялық бaйлaныc құpaлдapы, инcтpумeнтaлдық бaғдapлaмaлық құpaлдap жиыны.
Oқыту үдepiciндeгi зaмaнaуи aқпapaттық-тeлeкoммуникaциялық тaнымдық əpeкeттepдi бacқapу үдepici мeн тexнoлoгиялapдың нeгiзгi мiндeттepi зaмaнaуи aқпapaттық бiлiм қopлapынa қoл жeткiзудiң интepaктивтi opтacын жacaу ici бoлып тaбылaды
АТТ-ды оқытудың басқа əдістерімен салыстырғанда білім беру үдерісінің жоғарғы деңгейін қамтамасыз еткен жағдайда ғана пайдаланған дұрыс. Осылай химияны оқыту барысында АТТ пайдалану жаңа оқу материалын меңгеру (оқыту презентациялары), қабілеттер мен дағдыларды шыңдау (оқу тестілеуі), химиялық оқыту тəжірибесі мен сандың есептеулер барысында анағұрлым тиімді.
Химияны оқытудың дəстүрлі əдістемесіндегі техникалық құралдарды қолдану қатарына компьютерді қолдану мəселесі енді. Химияны оқыту əдістемесіне қомпьютерді енгізіп, сабақты неғұрлым сапалы өту студенттердің сабақты оқуға деген ынтасын арттыру болып табылады. Оқыту барысында компьютерлік техниканы қолдану химия мұғаліміне есеп шығару барысында химиялық құбылыстарды көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді.
Химия сабағында оқытуда дəстүрлі оқыту əдістерін жетілдіріп, химиялық құбылыстарды түсіндірудің АТТ əдістемесін төмендегідей кесте түрінде ұсынамыз кестені қара: