Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан- жақты маман болу мүмкін емес


Зерттеу жұмысымыздың нəтижесінде химияны оқытуда білім беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары қарастырылды



бет2/2
Дата29.09.2022
өлшемі209,61 Kb.
#151228
1   2
Байланысты:
сбк

Зерттеу жұмысымыздың нəтижесінде химияны оқытуда білім беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары қарастырылды:

  • АТТ құралдарымен білім беру мекемелерінің материалдық қорын, əсіресе химия кабинетін жабдықтау (компьютерлік құрылғылар мен бағдарламалық қамсыздандыру);

  • электрондық білім беру қорларын (анықтамалық-ақпараттық, бақылаушылық, диагностикалық, интерактивтік) химияны оқыту үдерісі мен оның нəтижелерін бақылау барысында пайдалану мақсатында құру;

  • химияны оқытудың дəстүрлі формаларымен, əдістерімен жəне құралдарымен үйлесімділікте жаңа ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен құралдардың қолданылуын қарастыратын, оқу-əдістемелік қамтамасыз етуді жасау;

  • болашақ химия мұғалімдерін даярлау жəне химияны оқыту саласында мұғалім- тəжірибешілердің біліктілігін арттыру.

Біздің зерттеуімізде қарастырылған «Бейорганикалық химия» пəні химия мамандықтары студенттерінің негізгі базалық оқу пəні болып табылады. Болашақ орта мектеп мұғалімінің даярлығы бейорганикалық химияны меңгеру деңгейімен анықталады. Бейорганикалық химия пəні — бүкіл химиялық білім жүйесінің фундаментін құрайды. Химия пəнінің дамуы басқа да жаратылыстану ғылымдарының дамуымен тікелей байланысты, əсіресе физиканың, математиканың жетістіктерін жан-жақты пайдалану нəтижесінде іс-тəжірибе жүргізуге жəне жаңа заттар мен материалдар, анализ, сараптама жасауға мүмкіндік туғызады.
5В011200 — «Химия» мамандықтарында оқитын студенттер үшін «Бейорганикалық химия» пəніне жоспарланған кредит саны 3, яғни 135 сағат, оның ішінде дəріске — 15 сағат, практикалық сабаққа — 15 сағат, лабораториялық сабаққа — 15 сағат, оқытушы басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысқа (ОБСӨЖ) — 45 сағат, студенттің өзіндік жұмысына (СӨЖ) 45 сағат бөлінген. Осыған сəйкес пəннің оқу бағдарламасы, силлабусы, дəріс кешені, зертханалық жұмыстардың тізімі, өзіндік жұмыстары тізімі дайындалды.
«Бейорганикалық химия» пəні білімі, білігі, құндылық құзыреттері бойынша жүйеленген мазмұны анықталды [2].
Жоо-да «Бейорганикалық химия» пəні бойынша оқытылатын пəннің мазмұнын анықтағаннан кейін, оған енгізілген іргелі теориялар мен заңдылықтарды, басты ұғымдарды электрондық оқулықты пайдаланып, оқыту технологиясының кейбір мəселелері қарастырылды.
Химия сабақтарында электрондық оқулықтарды пайдаланып, оқытудың негізгі басты мəселелерінің бірі мақсатты педагогикалық оқытушы бағдарламалар жасау екендігі белгілі. Электрондық оқулықтарды жасау жəне пайдаланудағы мол тəжірибелер химия мұғалімдерінің компьютерді қолданып оқытудағы тиімді көрнекі құралы екендігін дəлелдейді.
Осы орайда 5В011200 — «Химия» мамандығы бойынша қажетті деп таңдап алынған
«Бейорганикалық химия» пəнінен электрондық оқулық жасалынды [3].
«Бейорганикалық химия» пəнінен ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар қолдану нəтижесінде өткізілген сабақтардың (дəріс, практикалық сабақ, зертханалық жұмыс) əдістемелері жасалынды [4].
Химияны оқытуды ұйымдастыруда ақпараттық-телекоммуникациялық технологияның құралдарын пайдалану студенттерге үлкен мүмкіншіліктер ашады. Студенттердің танымдық белсенділігін дамытады, əдебиетпен, электрондық оқыту құралдарымен жұмыс жасауды үйренеді, Интернеттен химиялық ақпараттарды іздеу дағдыларын қалыптастырады. Компьютердің көмегімен студенттер семинарларда, конференцияларда көрнекі тұсаукесер жасайды. Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы ақпараттарды іздеу түрлі электронды тасымалдағыштармен атқарылады (электрондық оқулықтар, энциклопедиялар, Интернет). Ақпараттық технология құралдарын меңгеру оқу жобаларын, курстық жəне дипломдық жұмыстарын құрастырып, əзірлегенде пайдалы. Ақпараттық технологияны химия пəні бойынша сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырғанда, тақырыптық кештер ұйымдастырғанда белсенді қолдануға болады.
Қорыта келе, ақпараттық-телекоммуникациялық технология құралдарын пайдаланып, химия сабақтарын өткізу ерекшелігі — студенттер компьютермен жұмыс жасау дағдыларын химия пəнінің материалдарын өтуде қалыптастырады. Сонымен қатар студенттердің ақпараттық құзырлығы толықтай қалыптастырылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет