Апоптоз және некроздың негізгі ерекшеліктері



Дата17.10.2023
өлшемі327,46 Kb.
#186231
Байланысты:
постер(апоптоз некроз ерекшеліктері) Каукербек Ляззат пед-1002

Апоптоз және некроздың негізгі ерекшеліктері


Каукеербек Ляззат Педиатрия-1002
ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
БИОМЕДИЦИНА КАФЕДРАСЫ
Цитоплазма мен митохондрия ісінеді
Клетка толығымен лизиске ұшырайды
Механикалық және физиологиялық фактордың әсерінен болады
Бірнеше клетка зақымдалады,қабыну болады
Хроматин тек некроздың шетінде ғана өзгеріп,кариолизис нәтижесінде жойылады.
Басқарусыз болатын анархиялық жол бойынша жасушаның өлімі.Апоптоздан үлкен көлемімен және түзілу процесінің теңгеруінсіздігімен ерекшеленеді.
мына сатылар бөлінеді: 1) жансыздану қасы (паранекроз). 2) некробиоз - паранекроздай, тiтiркендiруді тоқтатса, қалыпты күйге келе алады. 3) жасушаның өлуі, 4) аутолиз –өлгеннен кейінгі.
Кіріспе
Жасушаның жалпы сипаттамасы
Жасушалық циклдің қысқаша сипаттамасы
Апоптоздың жалпы сипаттамасы
Некроздың жалпы сипаттамасы
Ерекшеліктері
Қоорытынды
Жасуша – тіршіліктің негізгі бірлік өлшемі. Барлық тірі ағзалардың денесіжасушадан тұрады.Ол әртүрлі химиялық реакциялар жүретін цитоплазма деп аталатын сұйықтық пен оны қоршап жатқан мембранадан тұрады. Жасуша мембранасы іріктеп өткізетін қасиетінің арқасында жасушаға кіретін және одан шығатын заттарды қадағалап отырады, сол арқылы жасушаның ішіндегі жағдайды сыртқы жағдайдан ерекшелеп отырады.
Жасушаның өмірлік және митоздық циклі.
Митоздық цикл-жасушаның бір бөлінуімен екінші бөлінуінің арасындағы уақыт және сол кезеңдерде өтетін құбылыстар жиынтығы болып табылады. Ол митоздан және интерфазадан тұрады.
Интерфаза – жасушалық циклдің 90% уақытын алады да келесі 3 кезеңнен тұрады: пресинтетикалық (постмитотикалық) – G-1, синтетикалық (S), постсинтетикалық (премитотикалық) G-2
. Митоз 4 фазадан тұрады: профаза, метафаза, анафаза, телофаза.
Апоптоз - жасушаның алдын-ала бағдарланған гендік ақпараты бойынша тіршілігін жоюы. Апоптоз – бұл генетикалы бағдарланған, энергияны қолданумен өтетін, клетка өлімінің белсенді процесі. Бұл клеткалы өлімнің ерекше түрі.
Табиғат клетканы қорғану мен репарация механизмдерімен ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі өлтіру немесе суицида механизмімен де қамдандырды. Клетканың ескіруі катабиозға. және клетканың өліміне алып келеді. Клетка өлімі – бұл тіршілік әрекеті құбылысының жаңадан кері айналмайтын өсуге, көбеюге қабылетін жоғалтқан тоқтауы. Клеткаларда өмір сүру ұзақтығы әртүрлі болады. Ұзақ өмір сүретін клеткалар бар, олар ерекше қызмет атқара отырып ағза өмірінің соңына дейін болады. Әйтсе де, санасатын және мойындауға тура келетін тағы бір фактор бар. Ол барлық тірі ағзалар жасушаларының өлу заңдылығы. Бұл тіпті генетикалық ақпаратта алдын-ала бағдарланып қойылған. Оны ғылым тілінде апоптоз немесе жасушаның физиологиялық өлімі деп атайды.
Некроз – бұл клетканың зақымдалуы кезінде, оның тіршілік ету жағдайының өзгеруі кезіндегі (қан ағымы бұзылысы) дамитын процесс. Осындай жағдайлар кезінде апоптоз механизмі жұмыс істемейді.
ОЛ тірі организмдегі клетка мен тіндердің өлуі.Қан және жұқпалы ауруларға шалдыгу, жарақаттану, күю т. б. себептерден ауыз шырышты қабығы, қызыл иек шеті, ерін мен ұрт үстері некрозға ұшырайды. Шіру процестері ұлпа қабынғанда, тіс эмалі зақымданғанда білінеді.Күшәла пастасымен пульпитті емдегенде жақ сүйектерінің некрозы кездеседі.
Егер де жасуша бұзылыстары өте күшті, өте ауқымды болатын болса, оның өлуі басқарусыз болады. Некроз өте жылдам өтеді, мембрана бұзылады, оның өткізгіштігі бұзылады, клетка ісінеді, лизосома зақымдалған кезде клетканың автолизі басталады (өзін-өзі сіңіру). Қабыну процесстері басталуы мүмкін.. Ол тірі оганизмдегі жасуша мен тіннің тіршілігінің толығымен тоқтап өлуі.
Некроз және апоптоз қалып жағдайда үнемі организмде жүріп тұратын- физиологиялық регенерациялық үрдіс
Ерекшеліктері
Апоптоз
Некроз
Цитоплазма бүріседі және ядро конденсацияланады
Клеткада апоптозденешіктері пайда болады
Клетка фрагменттеген бөліктерге бөлініп кетеді
Сау организмде кездеседі
Бір ғана клетка зақымданады,қабыну болмайды
Бағдарланған жасушаның өлімі .
Апоптоз процесін шартты түрде үш фазаға: белгі (индукторлы), атқарушы (эффекторлы), азғындау тозу, деградациялы – экзекуция немесе деструкция. бөлуге болады. Апоптоз барлық қарапайым біржасушалылардан, тіпті жоғары сатыдағы организмдердің эукариоттыларында байқалады.
Қорытынды
Апоптоздың жалпы қандай қызмет атқаратынын түсіндік, яғни бұның маңызды да зиянды да жақтары бар.Бұның некроздан ерекшелігі генетикалы бағдарланған, энергияны қолданумен өтетін, клетка өлімінің белсенді процесі. Бұл клеткалы өлімнің ерекше түрі. Ал некрозға тоқталсақ клетканың зақымдалуы кезінде, оның тіршілік ету жағдайының өзгеруі кезіндегі (қан ағымы бұзылысы) дамитын прогресс. Осындай жағдайлар кезінде апоптоз механизм жұмыс істейді

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет