«Ауылшаруашылық және Экология» кафедрасы



бет1/3
Дата26.09.2019
өлшемі0,63 Mb.
#48902
  1   2   3
Байланысты:
Асылбек курс

БАИШЕВ УНИВЕРСИТЕТ ( МЕКЕМЕСІ)

«Ауылшаруашылық және Экология» кафедрасы

ЕСЕП
Өндірістік тәжірбие бойынша
Ақтөбе қаласы, КМК Қалалық ветеринариялық стансасы
(Кәсіпорынның аты, оқу орны)
ММ

Орындаған: 5В120200 – Ветеринариялық санитария

мамадығының 3-ші курс студенті: Шаханов А.

Практика жетекшісі: аға оқытушы, б.ғ.к. Бактыгалиева А.


Ақтөбе, 2019

Жоспар:


  1. Кіріспе ……………………………………………………………………………3

  2. Мекеме тарихы……………………………………………………………….…..4

  3. Жануарлармен жұмыс жасау кезіндегі негізгі жұмыс жасау ережелері …….5

  4. Жануарларды бекіту …………………………………………………………….6

  5. Малдардан қан алу ………………………………………………………………7

  6. Қорытынды…………………………………………………………………..….11

Кіріспе


Нысан 2010 жылы 10 сәуірде Ақтөбе қалалық әкімшілігінің қалауымен салынды. Бұл ветеринарлық станция қаладағы және қала маңындағы ауылдардың жануарларын ветеринарлық тексеруден өткізеді. Яғни түрлі жұқпалы ауруларға қарсы вакцина енеді және жануарлардың қан сынамасыналу жұмыстарын атқарады. Станцияның басты міндеттерінің бірі дер кезінде жұқпалы ауруларға қарсы вакцина егу, сосын жылына екі рет қан сынамасын алып оны лобароторияға тексеруге жіберу.

Мекеме тарихы

«Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық ветеринариялық стансасы" коммунналдық мемлекеттік кәсіпорны нарықта 9 жыл 4 ай көлемінде. Кәсіпорын директоры Ибрагимов Тилапжан Зайнидинович. Қалалық ветеринариялық станциясында 31 мен 40 адам аралығында жұмыс жасайды. Салық шегерімдері:

2013 жылы 2225400тг;

2014 жылы 2363200тг;

2015 жылы 3194000тг;

2016 жылы 4017500тг;

2017жылы 7211900 тг;

2018 жылы 6191400тг;

2019 жылы 3331400тг құраған.

Кәсіпорын Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Некрасов көшесі, 57 орналасқан.

Жануарлармен жұмыс жасау кезіндегі негізгі жұмыс жасау ережелері.



Зертханада қолданатын ауылшаруашылық немесе зертхан жануарлармен жұмыс жасау кезінде олар студенттерге көптеген зардаптар тигізуі мүмкін, сондықтан олармен жұмыс жасаукезінде анықталған ережелерді сақтау қажет. Ең алдымен жануарға жақындамас бұрын өзіңді сенімді ұстау қажет. Айғайлап, шу шығарудың қажеті жоқ. Онда мал үркіп жұмыс жасауға кедергі келтіруі мүмкін. Сонымен қатар қорқып, үркіген мал адамдарды жарақаттауы мүмкін. Ірі малдар,яғни жылқылар және сиырлар артқы аяғымен теуіп жіберуі мүмкін, сондықтан осындай ірі малдарға жақындаған кезде малдың артқы жағынан баруға болмайды. Жылқылардың тістері өте өткір болғандықтан,олар саусақты жарақаттап тістеп алуы ғажап емес, сондықтан да жылқылардың ауыз қысына жақындай берудің қажеті жоқ. Ал сиырлар артқы аяқтарымен жарақаттар әкелуі мүмкін немесе тұяғымен аяқты езіп кетуіде ғажап емес. Ал ұсақ малдармен, яғни иттер, теңіз шошқалары, зертханалық тышқандар, ақ тышқандармен жұмыс жасау кезінде де бірнеше ережелерді сақтау қажет, өйткені олар тістеп алуы мүмкін. Қояндар артқы аяқтарымен жарақаттауы мүмкін, сондықтан оларды тасымалдаған кезде артқы жағын өзіңе қаратып тасымалдаған жөн. Жаттығу сабақтарын өткізумен байланысты Барлық жарақат манипуляцияларының алдын алу үшін оны жануарларды бекіткеннен кейін орындайды. Барлық жұмыстарда жануарлардың бөлінулері (сілекей,несеп, шығарылған ауа, қан және қан алу) теріге, көзге және киімге жұқпастай етіп жүргізу керек. Сондықтанда барлық студенттердің міндетті түрде жұмыс жасау кезінде үстерінде халаттары және бас киімдері,сонымен қатар резеңке қолғаптары болуы тиіс. Төтенше жағдайлар кезіндегі көрсетілетін алғашқы көмек.Зардап шегушінің электр тоғымен зақымдалған кезінде тез арада оны тоқ көзінен ажырату керек және тез арада алғашқы жәрдем көмек көрсетілуі тиіс. Зардап шегушіге тоқтың түсуінен құрылғыны өшіру арқылы немесе тоқ көзі жүріп тұратын бөліктерден ажырату керек. Зардап шегуші тынығу керек және бөлменің ауасын үнемі тазартып отыру қажет. Есінен тану немесе ауа жетпеген жағдайда тез арада жасанды тыныс алдыру арқылыжүректің тұсына массаж жасайды. Қышқыл немесе сілтімен терінің сыртқы беткейі күйген жағдайда сол жерді 5-7минут таза сумен біркелкі тазарғанға дейін шаю керек. Егерде тері беті қышқылмен күйсе, онда оны 2% натрий гидрокарбонатымен, ал егер де сілтімен күйсе 2% немесе 5% сірке қышқылымен шаяды. Содан соң сол күйген жерге тазартылған сумен жуады. Қышқыл мен сілті көзге құйылып кеткен жағдайда , оны тез арада салқын сумен мұқият шаю керек. Ал, егерде қышқыл мен сілтіні абайсызда жұтып қойған жағдайда , онда зардап шегушіге сүт немесе су ішкіземіз. Содан соң дәрігердің қабылдауына жібереміз. Тістелген жаралар мен сызаттар кезінде сол жараланған жерді 2% бор немесе танин қышқылымен шаямыз, ал жарақаттанған жердің аймағын 5% йод және спирт ертітіндісімен шаяды, содан соң жерге зазалсыздандырылған дәкемен таңып, дәрігердің қабылдауына жібереді. Ал, жеңіл жарақат кезінде сол жерге мұз немесе салқындатылған орамал басу керек. Күрделі қан ағу кезінде 1,5-2сағат жарақаттанған жерге жгут салады. Күйген жағдайда зақымдалған жерге таза салфетка басып, 5% калий перманганаты мен 2%танин ерітіндісімен шаяды.

Жануарларды бекіту

Жануарлардың қимыл-қозғалысын азайту мақсатында олармен жұмыс жасайтын студенттердің жарақат зақымдарына ұшырауының алдын-алу мақсатында жүргізеді. Бұл үшін әр түрлі тәсілдердер мен бекіту әдістерін қолданады.

Жылқылар. Жуас жылқыларды зерттеу кезінде оларды тiзгiнде ұстап немесе байлайды, асау аттарды созылғыш баудың көмегң арқылы бекітеді. Жылқылардың денесінің артқы бөлiмшелерiн зерттеу кезінде аттарды басқы шектiлiк, бiлек буындарын майыстыра көтеріп бекітеміз.Көптеген зерттеулер кезінде, көбінесе ота жасау кезінде оларды тұрған күйінде стационарлық немесе жиналмалы бекіту әдісін қолданады. Қатерлі аурулар кезіндегі қимыл-қозғалыс жағдайларында жiп немесе металлдық бұрағыштың түбегейiн жануардың құлақ қалқандына немесе жоғарғы ерiнге салады немесе осындай сабақтас келетін әдістерді пайдаланады.Осы мақсатта мұрын қысқышты да пайдалануға болады. Қатерлi физиологиялық функцияларды зерттеу кезінде бұл әдістер орынсыз болып табылады.Күрделі хирургиялық әрекеттер кезінде аттарға наркоз береді де ота жасайтын үстелдерге бекітеді.

Ірі қара малдар. Жуас малдарды бекіту кезінде оларды мүйізінен бағанаға байлау арқылы байлайды. Бекіту кезіндегі ең тиімді құрал болып ыңғайлы дәнекерленген түтіктер және жиналмалы станоктар болып табылады. Бекіту құралдары болмаған жағдайда жануарларды жіп арқылы ноқтаға байлау арқылы жүзеге асырады. Егерде осы тәсілдер де жеткіліксіз болыр жатса, онда жануарлардың мұрын және ауыз қуысын арнайы қысқышпен қысып бекітеді. Бұқаларды бекіту кезінде олардың кеңсірік аймағында орналасқан сақина арқылы жүзеге асырады. Күрделі ота жасау кезінде ірі қара малдарды арнайы операциялық станоктарда бекітеді.

Қой, ешкi. Қойлар және ешкiлерге тәжiрибелер және көрсетулердi өткiзу үшiн иттердi бекiтуге арналған әдістерді және станоктарды қолданады. Күрделі операция кезінде ауыл шаруашылығының ұсақ малдарына арналған ота жасау үстелінде жасайды.

Шошқалар. Шошқаларды бекіту үшін иттердi бекiтуге арналған әдістерді және станоктарды қолданады.Шошқаларды тұрған күйінде және ешқандай станоктардың көмегінсіз,оларды қысқыштардың әр түрлі құрылымдары мен және бұрағыштармен бекітеміз. Бұрағыштың топсасынан және өзектің көмегі арқылы шықшыт аумағының жоғарғы бөлігіне әкеліп бекітеді. Қысқыш құлақ қалқандарын және мойынның артқы бөлімдерін қысып қалады,сонымен қатар жануарды нақты белгілі бір жағдайда ұстап тұрады. Күрделі операция кезінде ауыл шаруашылығының ұсақ малдарына арналған ота жасау үстелінде жасайды.

Иттер. Иттерге созылмалы тәжiрибелер және көрсетулер үшiн олардың тоқыма бау арқылы резеңке түтiк өткiзiлген қамыттарымен бекiткен станоктарға сыйғызып салады. Иттер тістеп алмас үшін дәкелі-матаны сулап ауыз қуысына байлайды. Күрделі операция кезінде ауыл шаруашылығының ұсақ малдарына арналған ота жасау үстелінде жасайды.



Малдардан қан алу

Малдан қан алу үшiн қан алынатын жердiң жүнiн қырқып, немесе қырып, терiнi спиртпен тазалайды да, тамырды стерильденген арнаулы инемен теседi . Қанды аз мөлшерде алған жағдайда малды онша күш жұмсамай ұстаған дұрыс. Қейбiр жағдайларда ұсақ мал мен кұстан қанды тiкелей жүрек қарыншасынан алады.Сурет- 1 Қан алуға арналған инелер

А-Г құлақтан және саусақтан, Д-Ж күре тамырдан

Жұмыстың мақсаты: Әр түрлі малдардан қан алу техникасын үйрену.

Керекті құрал-жабдықтар: Әр түрлі жануарлар, қайшы, ине, пробирка, штативтер, спирт, 5 пайыздық йод ерітіндсі, мақта, дәке, резенке жгут.



Жұмыстың барысы: Жылқы, iрi қара және ұсақ малдан қан алу әдiстерi. Аздаған қанды құлақтын, вена тамырларынан алады. Тамыр орналасқан жердi тазартқан соң, оны арнаулы инемен теседi де, шыққан қан тамшысын шыны түтiкшемен сорып алады. Тамырдан шыққан бiрiншi тамшыны құрғақ таза мақтамен сүртiп тастаған жөн, сонда қан тамшысы жайылмайды, оны сорып алу оңайлайды. Көп қанды ойыс венадан алады. Ол үшiн малды қимылдамайтындай етiп байлайды да, терiнi тазартып, қан алатын тамырды бас бармақпен баса ұстайды. Қан тамырға жиналып, тамыр анық көрiнедi. Арнайы стерильденген инемен терi мен тамырды көлбей теседi (ине шамамен 45° бұрышпен қадалу керек). Қан аға бастағанда инеге таза ыдысты тосып, керектi мөлшерде қан алады. Соңғы кезде кан алу үшiн арнаулы аспап - автоматтар пайдаланылады.Созылмалы тәжiрибелерде терең орналасқан қан тамырларынан (қақпалық, бауыр, артқы қолқа, мес карын тамырлары және басқа веналардан) ұзақ уақыт қан алу үшiн катетерлеу әдiсi қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет