1. «Жазғы демалыс» тақырыбына әңгіме құрастыр. 2. Берілген етістіктерді күрделі етістіктерге айналдыр: Ойна, бар, оқы, сат.
28-жаттығу. Мақалды оқып, жатқа жаз.
Көре-көре көсем боларсың,
Сөйлей-сөйлей шешен боларсың.
Қос сөздердің астын сыз. Қос сөздердің бір сыңарын алып тастаса, сөйлем мағынасында қандай өзгеріс болады? Ақпараттық ізденіс Ойлан тап
ОЙЛАН, ТАП! Өлеңді сәйкестендір де, жоқ сыймаған Жылға да жоқ, та тұнған тамшысындай, Қалай біткен мына 1. 2. 3. 4. жалғасуға. басына. ОЙЛАН, ТАП! Өлеңді сәйкестендір жамылып 1. 2. 3. 4. шайқалып бос келеді басынан кешкен еді. басынан келеді ОЙЛАН, ТАП! Өлеңді сәйкестендір 1. 2. 3. 4. қалжыраған Шарасыздан жатыр албыраған жатыр отыр жаудыраған
Оқылым және айтылым тапсырмалары
1-мәтін.Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Гүл сыйлау арқылы бір-бірімізге деген ыстық сезімізді,шынайы достығымызды білдіреміз.Гүлді үлкенге де, кішіге де, замандасқа да, әртіске де, әншіге де ұсынамыз.Бірақ әрбір жағдайда әр түрлі гүл ұсынылады.Осыны ескерген жөн.Гүлдесте жасаудың ережелерін сақтау қажет. Бұл ережелерді сақтамаса,гүлдердің эстетикалық сәні жоғалады.Гүлдестені бір гүлден немесе әр түрлі гүлдерден де жасауға болады.
Гүл шоқтарының ішінде қызыл гүл әрқашан ерекшеленіп тұрады. Қызыл сары және сары түстерде өмір,сәуле,қуаныш деген ұғым бар.Көгілдір және көк түсті гүлдер сары,қызғылт сары, ақ және ақшыл қызыл түсті гүлдермен жақсы үндестік табады.
Туған күнге арналған гүлдестінің көлемі шағын, ал тойға көлемдірек бір ғана гүл түрінен жасалған шоғын немесе гүлді себетке салып тарту ету жарасымды.
1.Гүл сыйлау нені білдіреді?
А)шынайы достықты
В) мәдениеттілікті
С)ұқыптылықты
Д) үндестікті
Е) сезімді
2. Антоним сөздерді тап?
А) замандас,құрбы
В) үлкен,кіші
С) гүлдес, гүл шоғы
Д) туған күн, мерейтой
Е) үндеседі,байланысады
3. Синоним сөздерді тап?
А) шағын,үлкен
В) сақтайды, жоғалады
С) гүлдес, гүл шоғы
Д) өмір,қуаныш
Е) сән,эстетика
Тест Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Кең байтақ қазақ жерінің бір бөлігі - Сарыарқа. Сарыарқа Қазақстанның ұлан-ғайыр жерін алып жатыр. Арқадай кең көсіліп жатқан сары дала қайталанбас тамылжыған табиғатымен тамсандырады. Сарыарқаның төсінде соғатын самал жел есіп қоя бергенде, өзіңді тамаша күйде сезінесің. Сары даланың самал желі ғана емес, табиғатының өзі керемет. Мұнда тұңғиық көлдерді, асау өзендерді, аласа тауларды, сарғайған сары шөптерді, жазық даланы көруге болады. Табиғат адам жанына жылулық, сұлулық өміріне мән сыйлайды.Таңғажайып табиғаты көңіліне бір реніш түсірмейді. Сонау Сарыарқадай сары даладан елін жаудан қорғаған, жұртына қорған болған батырларымыз да шыққан. Сарыарқаның асыл тумалары, сонау Абылай заманындағы Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек, ақындар Шөже, Шашубай, Доскей, жазушы С.Сейфуллин және ақын Қ.Аманжолов, композиторлар Тәттімбет, Мәди, Ұлы Отан соғысының қаһарманы Н.Әбдіров, ғалымдар А.Чижевский және Е.Бөкетов, қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров сияқты атақты адамдар Сарыарқаның атын шығарған. (127 сөз)
1. Кең байтақ қазақ жерінің бір бөлігі не?
2. Сарыарқа төрінен кімдер шыққан?
3. Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы мәтін мазмұнына сәйкес келеді?
А) Әке балаға сыншы
В) Әкеге қарап –ұл өсер,Анаға қарап –қыз өсер
С) Айлалы батыр алдырмас.
Д) Туған жер - алтын бесік.