Апта: 13 Күні: 04-05-09. 12. 15 ж Пәні Информатика Мұғалім аты-жөні



Дата15.09.2017
өлшемі0,6 Mb.
#32898

Апта: 13

Күні: 04-05-09.12. 15 ж

Пәні

Информатика



Мұғалім аты-жөні

Манасбаева Г.С



Астана қаласы

49 орта мектеп

6 «а,ә,в,г» - сыныптары


Оқу-ісінің меңгерушісі

________ Абатов Н.Т

Сабақтың тақырыбы

Модель ұғымы. Модельдің түрлері. Модельдеу.

Сілтеме

Күнтізбелік жоспар, информатика оқулығы Е.Вьюшкова, әдістемелік құрал, нұсқаулық

Оқыту мақсаттары:

Оқушыларға модель ұғымы, модель түрлері және модельдеудің кезеңдері жайлы ақпарат беру.

Табыс критерийлері:

Барлық оқушылар:

«Модель» ұғымымен танысады;

Модельдеу кезеңдерін қарастыра алады;

Модельдің түрлерін анықтай алады;




Оқушылардың басым көпшілігі:

Модельдің жіктелуін талдай алады;

Берілу тәсілі бойынша модельдердің белгілерін ажырата алады;

Ақпараттық модель

Таңбалық модель

Компьютерлік модель түрлерін құрастыра алады;




Кейбір оқушылар:

Компьютерлік модельді құрастыра алады.



Тілдік мақсат:

Модельдің жіктелуін және жазылу ережелерін тұжырымдай алады.




Түйінді идея:

Модель ұғымымен оның түрлерімен , модельдеу кезеңімен таныстыру.

Оқыту нәтижесі:

Модель түрлерін және модельдеу кезеңдерін практикалық жолмен танысады;

Компьютерлік модельдеуді , графиктік түрде кескінделу жолдарын, сызба элементін салуды меңгереді;


Ақпарат көздері:

Оқулықтар, электронды оқулық, АКТ, үлестірме қағаздар




Іс-әрекет түрлері:

1.«Сәлемдесу» тренингі.

2. Топқа бөлу

3. Үй тапсырмасын тексеру «Миға шабуыл» стратегиясы БИС технологиясының элементі.


4. Жаңа сабақ таныстырылымы.

5. Топтық жұмыс № 1Тапсырма Плакатқасурет салу

6.Дәптермен жұмыс 7. топтық жұмыс № 3Тапсырма Қағаздан модель жасау

8.Топтық жұмыс № 3Тапсырма Компьютерлік тапсырма 9. Кластер құру.

10. «Жеделхат» тәсілі 11. Рефлексия



Пән аралық байланыс:

Математика,бейнелеу




Мұғалімнің сабақ туралы жазбалары тапсырма 45 минутқа арналған

Уақыты

Сабақ кезеңдері

Оқытуда қолданылатын модульдер

Тапсырма

Мақсаты

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

2 мин

2 мин

6 мин


1. Білу


Жас ерекшеліктеріне сай оқыту
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Сыни тұрғыдан ойлау

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (диалог);


1.Ұйымдастыру

Сәлемдесу тренингі

2.Ұйымдастыру.

3. Психологиялық ахуал тудыру үшін тренинг өткізу. «Әр елдің сәлемдесуі» /әр елдің сәлемдесуін жасайды. 4.Топқа бөлу.

5.Үй тапсырмасын тексеру.

6.Сабақ барысымен таныстыру.

7.Бағалау парағын таныстыру.

8.Үйге тапсырма.

9. Бағалау.

10. Рефлексия



Топқа бөлу

Үстел үстінен қорапшадан оқушылар қағаз қиындыларына жазылған сандарды таңдайды.



Үй тапсырмасын тексеру

(«Миға шабуыл» сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)

Білу: «БИС» технологиясының элементі арқылы үй тапсырмасын сұрау. Тақтада оқушылардың орналасуы бойынша сызба көрсетіледі. Осы сызбадағы ұяшықтарды көрсету арқылы , ұяшықтарда отырған оқушлыраға сұрақтар қойылады.Сұраққа дұрыс жауап берсе «+», немесе «-» таңбасы қойылып отырады. Сұраққа жауап бере алмаған жағдайда ,дайын оқушыдан сұрауға,ұяшықтарға қайтадан оралуға болады.

Үй тапсырмасына сұрақтар:

1.Алгоритм ұғымы нені білдіреді?

2.Алгоритм дегеніміз не ?

3.Алгоритмнің орындаушысына анықтама беріңіз ?

4. Алгоритмдегі кез –келген іс-әрекет қалай аталады?

5. Алгоритмді жүзеге асырушылар қалай аталады?

6. Кез-келген алгоритм қалай басталады?

7.Алгоритмнің орындалғанын қандай қалай білеміз?

8.Алгоритмнің жазылу формалары қандай ?

9. Алгоритмнің типтері қандай ?

10. Тармақталған алгоритм дегеніміз не ?

11. Сызықтық алгоритм дегеніміз не ?

12.Циклдік алгоритм дегеніміз не ?


Сыныпта психологиялық ахуал тудыру

Таңдаған сандары бойынша тақтадағы ұяшықтардағы суреттер арқылы топқа бөлінеді.




Мысалы, Жапондарда иіліп сәлемдеседі, Кенияша билеп амандасу, қытайша қолдарын бүгіп, иілу және Қазақша төс қағыстырып не қол беріп амандасу т.б. /

Тақтадан ұяшықтарды белгілеп отыру.



Сәлемдесу/мұғаліммен амандасады/

Өздерін ретке келтіру тренинг /әр елдің амандасуын жасау/ Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Тренингке қатысып, сабаққа деген жақсы көңіл-күйлері қалыптасады.Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру

Топқа бөліну

Нәтижесінде оқушылар «1 топ» Монитор және «2- топ» Принтер болып екіге бөлінеді.Топ ережесін еске түсіреді.



Топтың ережесі

1.Бір-бірімізді тыңдаймыз

2.Уақытты үнемдейміз

3.Топ мүшелерінің пікірімен санасамыз

Оқушылар ұяшық көрсетілгенде орнынан тұрып сұрақтарға жауап береді. Оқушыларға бағалау парағы таратылып, парақшаға үй тапсырмасы бойынша белгілер енгізіп отырады.









6 мин

5 мин


5 мин

3мин


2.Түсіну

Жаңа сабақты түсіндіру


Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (диалог)

1. «Сен білесің бе»

Үстелдің үстіне машинаның, глобус,бақаның,

молекуланың

моделі т.б қойылады.



2.Ситуациялық сұрақтар:

Сыныпта тағы қандай заттардың моделін көріп тұрсыңдар?

Қалай ойлайсыңдар біздің бүгінгі сабағымыз не жайлы болмақ ?

3. Сонда модельді жасаушыларқандай мақсатпен жасап шығарды бұл машинаны?

«Модель» дегеніміз не ?

Адамдар модельді не үшін жасайды ?

Неге түпнұсқаны қолданбайды?


4.Дәптермен жұмыс:

Дәптерді ашып, оқулықтан модель сөзінің анықтамасын жазып алайық.




Топтық жұмыс:

І-топ

Тапсырма: Плакатқа бөлме ішін безендіруге арналған гүл модельін жасау.

ІІ-топ

Тапсырма:

Плакатқа биология сабағына қажетті көрнекілік гүлдің суретін салу.



Мысалы:



4.Тапсырма

І топ

Қағаздан ұшатын тікұшақтың моделін жасау.



ІІ топ

Қағаздан ұшатын тікұшақтың моделін жасау.



5.Тапсырма:

І топ

Оқушыға медициналық-психологиялық мінездеме берілген. Осы мінездемені оқып ол модельдің қандай берілу түріне жататынын анықтау.



ІІ топ

Кестеге толтырылған оқушы жайлы мәлімет. Модельді ұсынудың қандай түріне жатады?



«Ой-қозғау» Сұрақтар

Қалай ойлайсыңдар бұл жағдай неге болды ? Оның алдын алуға болады ма ?

Модель не үшін қажет?

(

 



№49 орта мектебінің

9 «Ә» сынып оқушысыАқпараттық




1.Оқушылардың «Қызығушылығын ояту».

2. «Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақтар қоя отырып, сабақтың тақырыбын ,мақсатын ашу.

3.Модель ұғымымен және моделдеу кезеңдерімен танысу.

4.Анықтамаларды есте сақтау.

Тақырыпты толықтыру үшін.

4.Модельдеудің кезеңдерімен таныстыру.

5. Модельдің берілу тәсілін анықтау.

Модель жасаудағы мақсат пен нәтижені анықтау үшін.




1.Мұғалім:

-Балалар, менің қолымдағы не нәрсе? (мұғалім қолында автомобиль ұстап тұрады)

-Бұл шынымен автомобиль ма ?

-Автомобиль не үшін қажет?

( қозғалыс үшін)

Қалай ойлайсыңдар мына машинамен қазір бір жерге барып келуге болады ма ?

Сонда бұл нәрсе не деп аталады? (ойыншық,макет,автомобиль моделі)

Әрине олай болса ,біз бұл нәрсені автомобильдің модельі деп атаймыз.



2.Мұғалім:

Үстел үстіндегі моделдерді ұстап оқушыларға көрсетеді. Олай болса әрине, сабағымыздың тақырыбы:

«Модел ұғымы. Модель түрлері. Моделдеу».

Мақсатымыз қандай болмақ?

Модель ұғымымен танысу,түрлерін білу және моделдеуді үйрену. Дұрыс айтасыңдар балалар, дәптерді ашып бүгінгі күнді және тақырыпты жазып қойыңдар.

3.Мұғалім:

Автомобиль моделіне қайта оаралайық. Қараңдаршы, автомобильдің рульі бұрылады ма ? Фары жанады ма ?,оған бензин құюға болады ма ? Шынымен де руль бұрылмайды, фары жағылмайды және бензин де құя алмаймыз.

Сонымен модель-дегеніміз не екен?

4. Мұғалім:

Сонымен модель ұғымына тоқталайық.



Модель-ол нақты нысанды,құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіру. Модель нысанның барлық қасиетін түсіндіре алмауы да мүмкін. Өздерің көргендей машинаның моделі жәй сол нысанның кішірейтілген түрі. Бірақта нақты машинадағындай барлық құрылғылары жинақталмаған. Модель -сол нақты нысанның қасиетін қайталайды немесе кейбір жағдайларда оны ауыстырады.




Мысалы :

Қуыршақ-ол адамның модельі. Қыз балалар ойын ойнағанда оны адам ретінде қарастырады. Оны киіндіреді,тамақтандырады,ұйықтатады.



4.Мұғалім:

Бір заттың бірнеше түрдегі модельі болуы мүмкін.

Модельді жасау процесі -модельдеу деп аталады.

Модельдеудің жіктелуі.

Қолдану аймағы.

(оқулық,ойындық,тәжірбиелік,имитациялық) және т.б)



Уақыт факторын ескеру .

(статистикалық және динамикалық)



Көрсету немесе ұсыну тәсілі.

Мысалы:

Оқу моделіне:

Ядролық зымыранның моделі-ол тәжірбие жасағанда экологиялық мәселелерді болжауға мүмкіндік береді.



Динамикалық модель-

Оқушының оқу үлгерімін көрсететін сынып журналы.



Статистикалық модель-оқушының бақылау жұмысының нәтижесі бойынша алған бағасы мен сол уақыттағы оқу үлгерімін айтады.

5. Мұғалім:

Берілу тәсілі бойынша моделдеудің жіктелуі:

Ақпараттық

Таңбалық

Компьютерлік

Бізді компьютерлік модельі қызықтырады.



Ақпараттық модель-нысанның ,үдерістің ,құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы әлеммен өзара байланысы болып табылады.

Таңбалық модель-сурет,мәтін,графика,

сызбалар,кесте,макет т.с.с.

Егер модель абстаркты түрде бейнеленсе,оларды сипаттауға мүмкіндік беретін аранайы тіл,сызба,график,алгоритм,математикалық формулалар, т.б. таңбалық жүйелер қолданылады. Ал оларды тарату екі түрлі құрал арқылы іске асырылады. Бірі- кәдімгі аспаптар, ал екіншісі кәдімгі-компьютер. Тарату тәсіліне қарай компьютерлік және компьютерлік емес деп бөлінеді.

Компьютерлік модель- программалау ортасы арқылы жүзеге асатын модельді айтамыз. Онда дыбыс,анимация,мәтін,сызба,кесте, 3D үш өлшемді әсер т.с.с түрде жасауға мүмкіндік береді.

Математикалық модель-электрондық кесте арқылы.

Сөздік модель-мәтіндік редактор арқылы ыңғайлы.

Графикалық модель-графикалық редакторда құруға болады.

Компьютерлік модель -құру кезінде програманы жақсы меңгеру қажет.

Нақты тәжірбиені жүргізу маңызды, бірақ біраз уақытты талап етеді.Сол себепті компьютерді жақсы меңгерсең есептеулер мен зерттеулерді жүргізуде уақытты үнемдеуге болады.



Мысалы: Ұшақ жасағанда оны толығымен зерттеп сосын барып жасауға кіріседі. Солай емес па ?

Мұғалім:

Мен сіздерге бір болған оқиғаны айтып бергім келіп отыр. 1870 жылы Англияның атақты адмиралдары теңізге «Кэптен» деген атаумен жаңа кемені жібереді. Кеме теңізге шыққаннан кейін аударылып кетеді. 523 адам суда қалады.



Бұл барлығы үшін ойламаған жайдай болады,тек бір ғана адам үшін емес. Ол ағылшын ғалымы Джеймс Рид болатын. Ол алдын-ала осы кеменің моделіне зерттеу жүргізіп,тәжірбие жасап бұл кеменің әлсіз толқын болған жағдайда да аударылып кететін анықтаған болатын. Бірақ ғалымның «Ойыншыққа» жасаған тәжірбиесіне ешкім сенбей ,осындай жағдайға тап болған екен.....

Кэптен"     кемесінің апатқа ұшырау сәті.                                Уильяма Ф. Митчелла суреті.

Мысалы:күнделікті өздерің көріп,ұстап жұрген ұялы телефондарды алуға болады.Смартфон Apple iPhone  7 әлі қолданыста жоқ, бірақта оның болашақтағы моделін интернетте,теледидарда, газет,журналдардан жарнамалап жүргенін білесіңдер.

Мысалы: Мұражайлардағы ерте замандағы диназаврлар мен мамонттардың макетін көруге болады. Осының барлығын компьютердің көмегімен үш өлшемді модел жасау арқылы дайындайды. Ол өткен ғасырды көз алдымыздан бір өткізгендей әсер береді.


1.Оқушылар мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Оқушы ойы тыңдалады.

3. Оқушылар жауабы тыңдалады. (Үлкен заттың өлшемін кішірейтіп жасаған).

4.Оқушылар жаңа сабақ бойынша негізгі анықтамалар мен сызбаларды дәптерлеріне жазып алады.

Топтық жұмыс:

І топ

Тапсырма бойынша оқушылар гүлдің модельін салуы керек.



ІІ топ

Тапсырма бойынша плакатқа биология сабағына түсіндіруге қажетті гүлдің модельін салады.


Топтар тапсырманы орындап болғасын түсіндіріп береді.

4.Топтар қағаздан ұшатын тікұшақтың модельін дайындайды.

5. Топтар мінездемені оқып, ондағы ақпараттар арқылы модельдің берілу тәсілін анықтайды. (ақпараттық және таңбалық)

Оқушылар жауабы тыңдалады.

(себебі тәжірбие жасалмаған,жасаған адамның тәжірбиесіне сенбеуі алдын ала болжау жасауға зерттеу жұмысын жүргізгенде қажет. Ол нысанның болашақтағы көрінісін көрсете алады).




3. Оқулық № 73 беттегі анықтама




9 мин

3.Қолдану


Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (диалог); Талантты және дарынды балаларды оқыту

Сыни тұрғыдан ойлау



Шығармашылық тапсырма:

Компьютерлік тапсырма:

Жеке жұмыс

«GoogleSketchUp8» бағдарламасында үйдің үш өлшемді моделін жасау.


Жеке оқушыны бақылау

Мұғалім оқушыларға бағдарламамен қалай жұмыс жасау керектігін тақтада түсіндіріп отырады.

Компьютерде оқушы арнайы бағдарламада үйдің компьютерлік модельін жасап үйренеді.







5мин

4.Талдау

5.Жинақтау


Сыни тұрғыдан ойлау;

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (диалог)



Кластер құрастыру

«Адам модельінің түрлері» тақырыбында кластер әзірлеуді тапсырады.



Тақырып бойынша алған білімдерін талдап, жинақтау үшін.


Топ баяндамашыларының кластер бойынша баяндамаларын тыңдайды, кемшіліктері болса түзету жолдарын көрсетеді.

Оқушылар топтаса отырып, кластер әзірлейді. Топ жұмысын баяндамашылар қорғайды. Топтар кластерлерін қорғап болғаннан кейін бір-бірін критериалды бағалайды.









2 мин

6.Бағалау


Сыни тұрғыдан ойлау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Кері байланыс


«Жеделхат» тәсілі

Оқушыларға бір-біріне жеделхат жолдауды ұсынады.
Рефлексия

Смайликтер тарату.




Жеделхатта бүгінгі сабақ бойынша не үйренді, не білді соны қысқаша бір сөйлеммен сипаттап жазу.


«Жеделхат» тәсілі туралы мағлұмат береді.

Оқушылар жеделхатқа бүгінгі сабақтан не білді, не үйренді, не қиындық туғызды сол туралы 1-2 сөйлем жазады. Жеделхаттарын басқа топтағы сыныптастарына жолдайды. Жеделхатты жолдаушы деп өз есімдерін мәтін соңында көрсетеді.

Оқушылар сыныптастарынан келген жеделхаттарды оқиды, мазмұны бойынша пікір білдіреді.

Топтыңқ жұмысты бағалау парақшалары арқылы топ басшысы бағалайды.
Оқушыларға сабақ соңында смайликтер таратылып беріледі. Сабақта алған әсерлерін смайликтерді көтеру арқылы білдіреді. Келесі сабақта нені білгісі келетіні жөнінде ұсыныстарын білдіреді.








Нақты үйге тапсырма:

§13-14 оқу, тест жұмысы.


Сабақтан кейінгі ойланатын сұрақтар:




Не сәтті болды?




Не сәтті болмады?




Нені жақсартуға болады?




Мен өз дағдыларымды нені дамыта алам?





«Бекітемін» Тексерілді Келісілді

Астана қаласы Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары

№ 49 орта мектеп директоры _____________Н.ТАбатов _____________Б.Ж. Лекерова

_____________Д.М. Джумартова «25» қараша 2015 о/ж. 25» қараша 2015 о/ж.

«25» қараша 2015 о/ж.

Тақырыбы:
Модель ұғымы. Модельдің түрлері. Модельдеу.

6 «А» сынып


Пән мұғалімі: Манасбаева Г.С


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет