Сабақ № Күні: Пәні: физика Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы: Қайнау. Меншікті булану жылу



Дата08.09.2017
өлшемі115,73 Kb.
#30413
түріСабақ
Сабақ № ------------ Күні: ----------------- Пәні: физика Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Қайнау. Меншікті булану жылу

Сабақтың мақсаты: Қайнау құбылысымен және меншікті булану жылуымен танысады.

Күтілетін нәтиже: Қайнау құбылысын және меншікті булану жылуын біледі.

Қолданылатын модульдер: АКТ (электрондық оқулық), сыни тұрғыдан ойлау, талантты және дарынды оқушыларды оқыту, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқытудың жас ерекшеліктеріне сай оқыту,

Керекті ресурстар: электрондық оқулық, постерлер, маркерлер, смайлктер, кеспе қағаздар, бағалау парақтары.

р/с

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.

Ұйымдастыру

/5 минут/



Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Оқушыларды бүгінгі тақырыппен және сабақтың мақсатымен таныстыру. Оқушыларға шаттық шеңбері арқылы бір-біріне тілек айтқызу. Бағалау парақтары туралы айтып кету, топқа бөлу.

Сабаққа дайындалады, сабақтың тақырыбын біледі, бір-біріне тілек айтады, 2 топқа бөлінеді.

2.

Үй тапсырмасын сұрау

/5 минут/

1. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы дегеніміз не?

  1. Салыстырмалы ылғалдылық қандай параметрлерге тәуелді.

  2. Шық нүктесі деп нені айтамыз?

  3. Гигрометрдің құрылысы қандай? Ол қалай жұмыс істейді?

1. Ауадағы су буы p қысымының берілген температурадағы қаныққан бу pқ қысымына қатынасын пайыздық есеппен тұжырымдайтын шаманы ауаның салыстырмалы ылғылдылығы деп атаймыз.



  1. Салыстырмалы ылғалдылық тек ауадағы су буының мөлшеріне ғана емес, сондай – ақ температураға да байланысты.

  2. Бу (газ) қаныққан күйге өтіп конденсацияланған (шық пайда болған) және салыстырмалы ылғалдылығы 100% - ға тең болған кездегі температураны шық нүктесі деп атайды.

  3. Ауадағы су буының шық нүктесін анықтау үшін Ламбрехтің конденсациялық гигрометрән пайдаланады. Ол алдыңғы беті жылтыр металл Р резервуардан тұрады.




3.

Жаңа сабақ

/15 минут/



Жаңа сабақ бойынша қосымша мәліметтер беремін.

Біз сұйықтың буға айналуын қарастырдық. Енді сендерге күнделікті өмірден жақсы таныс буланудың екінші тәсілі – қайнауды қарастырамыз. Қайнау процесінің жүру барысын бақылау үшін құтыдағы судың температурасын өлшей отырып ысытамыз. Қыздырған кезде құтының үстіңгі қабаты тұмандана бастайды. Сұйықтағы судың беті сыртқа шыққан су буы салқын ауамен араласады және ұсақ тамшылар түрінде конденсацияланады.

Меншікті булану жылуы деп сұйықтың бірлік массасын қайнау температурасында буға айналдыруға қажетті жылуды айтады.

Массасы m сұйықты буландыруға қажетті жылу мөлшерін

Q = ∙r ∙ m формуламен өрнектеледі. ХБЖ – де меншікті булану жылуының өлшем бірлігі 1 - мен өрнектеледі.


Оқушылар өз беттерінше ізденеді.

Сұйықтың тек үстіңгі бетінен ғана емес, сонымен бірге оның ішінде де бу көпіршіктерінің пайда болуымен жүретін мұндай қарқынды булануды қайнау деп атайды.

Қайнау сұйықтың қаныққан буының қысымы атмосфералық қысымға тең немесе одан сәл жоғары болатын температурада жүреді. Қайнау кезінде сұйықтың температурасы өзгермейді. Сұйық қайнайтын температураны қайнау температурасы деп атайды.

Атмосфералық қысым қалыпты қысымнан төмен болатын биік таулардың шыңында су төменгі температурада қайнайды. Мысалы биіктігі 5-6 мың метр Эльбурс шыңында су шамамен 800С қайнайды.

Қайнау процесі үзбей жүріп тұруы үшін сұйыққа сырттан үнемі энергия беру керек.


4.

«Ой қозғау»

/5 минут/

Есеп шығару үлгісін талдау

Берілгені:



т = 10 кг

t 1 = 200С

t2 = 100 0С

с = 4,2 ∙ 10 3

r = 2,3 ∙ 10 6

Табу керек: Q - ?

Шешуі: Q = Q1 + Q2

Q1 = ст (t2 - t1)



ал Q 2 – судың температурасын өзгертпей, оны буға айналдыру үшін қажетті энергия

Q2 = r ∙ m

Шамалардың сан мәндерін орнына қойып мынаны аламыз.

Q = 4200 ∙ 10 кг ∙ (1000С – 200С) + 2,3 ∙ 106  ∙ 10кг = 26 ∙ 106 Дж = 26 МДж

Жауабы: 26 МДж


5.

11 жаттығу

/ 5 минут /




  1. Берілгені:

т = 5 кг

t 1 = 1000С

t2 = 0 0С

с = 4,2 ∙ 10 3

r = 2,3 ∙ 10 6

Табу керек: Q - ?


Шешуі:

Q1 = r ∙ m

Шамалардың сан мәндерін орнына қойып мынаны аламыз.

Q = 4200  ∙ 5 кг ∙ (00С – 1000С) = 21 ∙ 105 Дж Жауабы: 21 ∙ 105 Дж



  1. Берілгені:

т = 10 кг

t 1 = 1000С

с = 4,2 ∙ 10 3

Q = 2,3 ∙ 106 ДЖ



Табу керек: r - ?


Шешуі:

Q = r ∙ m; r = 

Шамалардың сан мәндерін орнына қойып мынаны аламыз.

r =  = 2,3 ∙ 10 5  ;



Жауабы: 2,3 ∙ 10 5  ;


6.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

/5 минут/



  1. Қайнау дегеніміз не?

  2. Меншікті булану жылуы дегеніміз не?

  3. Меншікті булану жылуын қандай әріппен белгілейміз?

  4. ХБЖ меншікті булану жылуының өлшем бірлігі қандай?

  1. Сұйықтың тек үстіңгі бетінен ғана емес, сонымен бірге оның ішінде де бу көпіршіктерінің пайда болуымен жүретін мұндай қарқынды булануды қайнау деп атайды

  2. Меншікті булану жылуы деп сұйықтың бірлік массасын қайнау температурасында буға айналдыруға қажетті жылуды айтады.

  3. Меншікті булану жылуын r әріппен белгілейміз.

  4. ХБЖ – де меншікті булану жылуының өлшем бірлігі 1 - мен өрнектеледі.

7.

Үй тапсырмасын беру

/3 минут/

§ 19

Қайнау. Меншікті булану жылу



11 жаттығудың 6 - 7 есептері

Үй тапсырмаларын белгілеп алады.

8.

Бағалау, кері байланыс парағы

/2 минут/

Бағалау парақтары арқылы бағалаймын



Кері байланыс парағын толтырып, смайлктерге апарып іледі.



Каталог: uploads -> doc -> 00b2
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
00b2 -> Сабақтың тақырыбы: Еістік Сабақтың мақсаты
00b2 -> Сабақтың тақырыбы: "Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу"


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет