Апта семинар сағат б. семинар сабағының тақырыбы



бет1/25
Дата19.04.2023
өлшемі63,88 Kb.
#174866
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Семинар сабақтары. Қазақстан тарихы.


Семинар сабақтарының тақырыптары және әдістемелік нұсқаулар:


1 апта. 1 семинар. 1 сағат. 5 б.
1 семинар сабағының тақырыбы: Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы.
Ежелгі Қазақстан аумағындағы алғашқы адамдардың пайда болуы, тұрмысы мен шаруашылығы, тарихи үдерістердің кезеңдері, homo sapіensтің қалыптасу ошақтары мен археологиялық ескерткіштердің маңызы және зерттелуі туралы жаңа көзқарастар, антропогенез, глоттогенез, культурогенез тұжырымдарды туралы ауызша төменде түзілген сұрақтар бойынша пікір талас, дисскусия.
Семинар сабағының жоспары:
1. Тарихи үдерісті кезеңдерге бөлу.
2. Адамның шығу тегі, тұрмысы мен шаруашылығы туралы тұжырымдар.
3. Антропогенез, глоттогенез, культурогенез туралы түсінік.
4. Қазақстан аумағының археологиялық ескерткіштер.
Семинар сабағының мақсаты: Қазақстан аумағындағы ежелгі дәуір кезеңдерінің ерекшелігін көрсету. Қазақстан аумағының ландшафтық-климаттық өзгерістер, ежелгі адамдар және олардың даму кезеңдері мен тас дәуірі ескертекіштерінің тарихи маңызын айқындап, осы кезеңді зерттеген ғалымдардың негізгі көзқарастары мен тұжырымдарына кешенді түрде баға беру.
Әдістемелік нұсқаулар: Қазақстан аумағындағы ежелгі ескерткіштер мен тұрақтардан табылған археологиялық жәдігерлерді сипаттап, оларды зерттеген ғалымдардың еңбектеріне ауызша талдау жасалынады. Сонымен қатар алғашқы адамдардың пайда болуы туралы түрлі көзқарастарды сараптап, жазбаша дайындалуы қажет. Студенттер бірнеше топқа бөлініп, пікірталас, дисскусия жасайды.
1 апта. 2 семинар.1 сағат. 5 б.
2 семинар сабағының тақырыбы: Қазақстан аумағындағы тарихқа дейінгі адамдардың мәдениеті.
Ежелгі палеолит, мезолит, неолит, энеолит пен қола дәуірі кезеңдеріндегі рухани және материалдық мәдениеттің ерекшеліктеріне, зерттелу мәселесіне жаңаша талдау жасап, өнер, білім, діни көзқарастардың қалыптасуы туралы ауызша баяндау, картамен жұмыс жасау.
Семинар сабағының жоспары:
1. Ежелгі кезеңдегі өнер мен діни түсініктердің қалыптасуы.
2. Ескерткіштердегі антропо және зооморфтық бейнелердің ерекшеліктері
3. Палеолит, мезолит, неолит дәуірлеріндегі тіл мен білім, діннің қалыптасуы.
4. Жартасқа сурет салу өнері – петроглифтер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет