Мораль - бұл адамдардың жүріс-тұрысын жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан реттейтін нормалар мен қағидалардың жүйесі. Ол негізгі әлеуметтік институт. Бұл құбылыстың фактілік мазмұны мен құрылымы психологиялық кезеңдерді де –эмоцияны, мүдделер, ниет және т.б. қамтиды. Бірақ моральдың бастысы - жақсылық пен жамандық.
Дін және саясат - қазіргі таңда, әлемде, оның ішінде түбегейлі бет-бұрыс жасап, демократиялық өзгерістерді іске асырып жатқан әлемде, саясаттан тыс тұрған адам жоқ. Яғни, саясат ол - әлеуметтік күрделі құбылыс болып саналады. Өйткені, бүгінгі күні ешбір адам өзін саясаттан тыспын деп айта алмайды. Саясат - қоғамның саяси саласы. Саясат қоғамның басқа да салаларын қамтиды және сол салалармен байланыста болады. Мәселен, "саясат және дін", онда діннің саясатпен байланысын кәреміз. Тіпті, ең алғашқы кездегі саясаттың өзі де діни тұрғыда болған. Қоғамның саяси өмірінде дін айтарлықтай орын алады