Саясаттағы мақсат - саяси қызметтің тиімділігін айқындаушы маңызды құрылымдық элемент. Саясатта мақсат - саясат субъектісінің мүддесі мен мұқтаждықтарына сәйкес келетін нәтижеге қол жеткізу бейнесі. Мақсатнақты саяси қызметтің бастауы емес, оның орталығы. Ол реттеушілік қызметін атқарады. Яғни, саясат субъектілерінің мүдделері мен мұқтаждықтарына сәйкес болашақ әлеуметтік-саяси құбылыстар моделін қалыптастыру. Мақсат үш негізгі бөліктен тұрады:
саясат субъектілерін қызықтыратын объекті мәні туралы білім;
өзінің негізі ретінде саяси мәселе;
саяси қызмет нәтижесіндегі болашақ туралы түсінік.