Саяси көшбасшылықтың сипатын айқындайтын факторлар.
Көшбасшы («лидер» ағылшынның «басты» деген сөзінен алғанда) – сол бірлестіктің мүддесін қанағаттандыруға бағытталған бірлескен қызметті біріктіру мақсатында басқаларға ықпал етуге қабілетті адам. Көшбасшыға тән қасиеттер:
Жауапкершілікке және бастаған ісін аяқтауға күшті ұмтылысы;
Мақсатына жету жолындағы күш қайраты;
Бастамашылдығы;
Өзіне-өзінің сенімділігі;
Айналасындағылардың мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал ету қабілеті;
Іс-әрекетінің және шешімдерінің салдарын «өзіне» қабылдау қабілеті;
Топтық фрустрацияға және ыдырауына қарсы тұра алатын қабілеті.