Апталардың сұрақтары


Егеменді мемлекет Қазақстан Республикасының Конституциясы



бет45/47
Дата17.04.2022
өлшемі62,76 Kb.
#139698
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
Апталарды с ра тары

Егеменді мемлекет Қазақстан Республикасының Конституциясы.

Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады

  1. Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасу шарттары.

Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы өте күрделі және қарама-қайшылыққа толы – ұзақ процесс. Қоғамдық-экономикалық және ғылыми-технологиялық дамудың нәтижесіндегі билік пен жеке тұлғаның арасындағы қатынастың өзгеруі мем лекеттің әлеуметтік мемлекетке өтуін жылдамдатты. «Әлеуметтік экономика» ұғымын құрайтын басты принциптер дүниежүзі қауымдастығы мен Қазақстан таныған бірнеше құжаттарда көрсетілген. Әлеуметтік мемлекеттің басты идеясы – гуманизм принциптері негізінде қоғам өмірін саяси саяси және құқықтық жағынан жетілдіру, кешенді қызметін жүзеге асыру, азаматтық қоғам дамуына жағдай жасау... Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекеттің мәні туралы ғылыми зерттеулерде әртүрлі тұжырымдама жасалынған. Ғалымдардың мемлекет туралы берген анықтамаларында бұл - әрбір азаматтың лайықты өмір сүруіне, өндірісті басқаруға, азаматтарды әлеуметтік жағынан қорғауға ұмтылған мемлекет. Әлеуметтік мемлекет - әр азаматтың жақсы ортада тіршілік етуіне, әлеуметтік жағынан қорғалуына, таланттары мен шеберліктерін толық дамыту үшін барлық азаматтарға мүмкіндік жасайтын мемлекеттік биліктің формасы болып табылады. Мұндай мемлекет адам мен қоғамға қызмет етеді және әлеуметтік әділеттілік, әлеуметтік бітім мен әлеуметтік келісім принциптеріне негізделген адамдар арасында жаңа типті байланыстарды қалыптастырады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет