Қазіргі заманғы тәуекелдер жағдайындағы саяси бағытты әзірлеу.
Мемлекет - Қазақстан Республикасы.
Қазақстан — 1995 жылғы 30 тамызында республикалық
референдумда қабылданған Конституция бойынша — өзін демократиялы, зайырлы, құқықты және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Қазақстан Республикасы — президенттік басқару формасындағы біртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғары өкілді органы — Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметін жүзеге асырады. Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Қазіргі заманғы Қазақстандағы демократиялық мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы.
Қазіргі таңда Қазақстанда болып жатқан саяси өзгерістер қоғамның демократиялық даму үрдісіне әсер етіп,ерекше реформалық жолмен өркендеуіне мүмкіндік беріліп отыр. Осы демократиялық жаңғыру үрдісінің кейбір өзіне тән ерекшеліктеріне тоқтала кетейік. Бірінші ерекшелік – Қазақстандағы демократиялық дамудың игі бастамасында үкіметтік құрылымдар басты рөл атқаруда. Басқаша айтқанда, ол атқарушы биіктің қызығушылығымен «жоғарыдан» жүргізіліп отыр. Ол алғашқыда күшті әсер қалдырғанымен, біртіндеп бәсеңдей бастады. Ал азаматтық қоғам қазірге дейін бұған самарқау қарап келді. Екінші ерекшелік – еліміздегі бұл демократиялық даму атқарушы билік топтарында айрықша орын алғанымен, сот құрылымы жүйелерінің өкілеттілігі шектеулі болды. Үшінші ерекшелігі – республикамыздағы саяси реформалардың қаржылық қамтылуы экономикалық даму үрдісіне ілесе алмай қалды.