Саясат жария үдеріс ретінде. Саясат компромисс және консенсус ретінде. Саясат қызметтері. Саясат құрылымы. Саясатты ұйымдастыру деңгейлері. Қоғамның басқа да салаларымен өзара әрекеттестігі. Саясат және экономика. Саясат және құқық. Саясат, мораль және дін. Әлеуметтік саясат, оның мәні мен бағыттылығы. Мәдениет пен білім саласындағы саясат. Саясаттың гумандық сипаты. Қазақстан Республикасының қоғам модернизациясы кезеңіндегі саясаты.
Саясат компромисс және консенсус ретінде.
Компромисс - [латынша Соmрrоmissum - өзара келісім, тіл табысу] - екі жақтың бір-біріне жол беріп, келісімге, ортақ ымыраға келуі; саясатта - өзара шарттарға көніп, қабылданған шешім. Оның негізінде екі жақтың талаптары толық орындалмаса да, ортақ, жоғарғы мақсатқа жетуі айқын.
Консенсус саясатта саяси басқару мен ықпалдасудың құралдары мен әдістерін қоғамдық мойындау тәсілі. Саяси консенсус арқылы саяси үстемдікті шынайы, іс жүзінде заңдастыру жүзеге асырылады. Келісім деңгейі неғұрлым жоғары болса, саяси жүйе соғұрлым тұрақты.