Саясат анықтамасы ғылымда таптар, партиялар, ұлттар, халықтар, мемлекеттер, әлеуметтік топтпр, билік пен тұрғындар, азаматтар мен бірлестіктер арасындағы ерекше кең көлемді әрекет ету деп түсіндіріледі. Ол қоғамдық өмірдегі саяси құндылықтардың идеалдардың мүдделердің дербес әлемін көрсетеді. Бұл саланы саяси нормалар реттейді.
Экономика – бұл өндірістік қатынастардың жиынтығы, нақты қоғамдағы өндіріс тәсілдері.
Саясат және құқық.
Құқық және саясат дәстүрлі түрде өзара тығыз байланысты құбылыс ретінде қарастырылады. Кез келген мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын құқық заң арқылы қалыптасып, олар саясаттың бағыттаушысы ретінде болады. Егер негізгі заң Конституцияны алатын болсақ, ол мемлекеттік саясаттың мақсатын, қағидаттарын, бағытын бекітеді, азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарының кепілдігін және олардың мемлекеттік және саяси-қоғамдық өмірге қатысуын бекітеді. Конституция саяси-заңды акт болып табылады.