Саясаттың қоғамның басқа да салаларымен өзара әрекеттестігі.
Саяси тəртіптердің типологиясы. Көрсеткіші - биліктердің заң
шығарушы, атқарушы жəне сот биліктеріне бөліну қағидасы, онда биліктердің
бірігуі мен биліктердің бөліну тəртіптерін де бөліп көрсетуге болады.
Көрсеткіш - əскердің қоғамдағы мəртебесі мен рөлі, мұнда əскери немесе
азаматтық тəртіп жайлы сөз болып отыр. Көрсеткіш -менталитет пен
əлеуметтік-мəдени кешені - «батыстық» жəне «шығыстық». Критерий -
мемлекет пен шіркеудің өзара қарым-қатынасы сипаты - теократиялық
(клерикальді) жəне зиялы тəртіп.
Саяси тəртіптердің неғұрлым кең таралған жəне жалпы қабылданған
типологиясы болып азаматтық қоғам мен биліктің өзара əрекетінің ерекшеліктеріне, мемлекеттік биліктің əлеуметтік тұрмыстың басқа да
салаларына жəне азаматтың жеке өміріне енуі мен ықпалының дəрежесіне
негізделген типология табылады. Осы көрсеткішке сəйкес, демократиялық,
тоталитарлық жəне авторитарлы тəртіптерді бөліп көрсетеді.