Сейсенбі күні қазақ тілі күні боп белгіленіп, бұл күні ұйымдастырылған барлық шаралар қазақ тілінде өткізілді. Яғни, 23 қыркүйек күні оқушылар мен мектеп қызметкерлерін қазақ тіліндегі амандасу түрлерімен қарсылау, тапсырмалар жасырылған шарлар мен сол тапсырмаларды орындағандарға арналған сыйлықтар күтіп алды. Мерекелік көңіл күй сыйлаған бұл шаралар мектеп спорт залында жалғасын тапты.
Таңертеңгі оқушылар жиыны қазақ тілі күнін ашу салтанатымен басталды. 7-8, 11-сынып оқушыларының қатысуымен (жауапты пән мұғалімдері Н.Р.Самбетова, М.Б.Шамшенова) композициялық қойылым, бишілер тобының орындауындағы «Шашу» биі, қазақ эстрадасы нақышында флешмоб ұйымдастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |