Осы күні мектеп оқушылары үшін әрбір үзіліс кезі танымдық және спорттық ойындар, сергіту сәттері, т.б. қызықты шараларға толы болды. Әр үзіліс кезінде оқушыларға арналған қызғылықты шараларды ұйымдастыру жоспарланды.
1-үзілісте пән мұғалімдері Н.О. Қойшыбаева мен Б.Р.Джумагалиеваның жетекшілігімен қазақ халқының музыкалық аспаптарын, соның ішінде жалпыхалықтық саз құралы ретінде домбыраны, ұлттық музыканы, ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайтадан сәнге айналдыру және жалпы қазақшылықты насихаттау мақсатында флеш-моб ұйымдастырылды. Мұнда өнерлі оқушылар домбыра құлағында ойнап, қобыз тартып, бар өнерлерін салып бақты.
Достарыңызбен бөлісу: |