Жапондықтар туралы қызықты ақпарат
Жапондар жаңа жылды түнде қарсы алмайды. Олардың Жаңа жылы бірінші қаңтар күні, таңмен бірге басталады. Таң алдында жапондар үйлерінен шығып, көтеріліп келе жатқан жаңа жылдың алғашқы күнін қарсы алады. Сауық-сайран содан кейін басталады.
Кісіге сыйлық тарту – жапон ұғымында үлкен құрмет. Сондықтан Жаңа жыл күні әдемі кимоно киген әйелдер мен барын үстіне киіп, сәнденіп шыққан еркектер біріне-бірі сыйлық таратады. Жапондар Жаңа жыл дәстүрі бойынша, көшеге қолдарына қарағайдың, тал, қарақаттың бұтақтарымен безендірілген бамбук шыбық ұстап шығады. Жапон халқының ырымы бойынша, қолына бұл күні әлгіндей әшекейлі бамбук ұстап шыққан адамға қарағай жасының ұзақтығы, бамбуктың беріктігі, қарақаттың тез өсиеттері дариды-мыс.
Достарыңызбен бөлісу: |